13. Бүгінгі заманғы қазақ отбасындағы маңызды тәрбиелік мәселелер Жеке тұлғаны әлеуметтендiрудегі отбасы мен мектептiң iс-әрекеттерiн кiрiктiру.
Бүгінгі заманда Қазақстанда отбасының тәрбиелік мәселелері өте қажетті ерекшелікті талап етеді. Жеке тұлғаны әлеуметтендiрудегі отбасы мен мектептің іс-әрекеттерін кіріктіру кез келген отбасының, оның мұра басқармасының және мектептің педагогикалық жобаларының немесе оқуды басқару әдістерінің бірелмелерінің маңызды мамандықтарын талап едеді. Сонымен қатар, отбасының әрі жоғары білім алу үшін жетекші болуы маңызды рөл атқаратын, жеке қаржы шаралары туралы білім алу, байланыстарды қалыптастыру мен жеке ортақ жеміс кеңейту mаңыздыларын аиқтындайтын, оқу тарту және өздік қабілеттерін дамыту мақсатында кеңес беретін педагогикалық кеңестер мен бағдарламалар жасауға болады. Олардың ашықтары мен әрекеттері арқылы жеке сыбайласқандық және лауазым-жоспармені қалыптастыру керек. Осы жерде отбасы мен мектеп арасындағы байланыстырған жариялардың, деңгей, оқыту және оқу әдістерінің дамыту саясаты мен жоспарламалары бойынша қатынас алу керек.
Жалпылама анықтамада отбасы ұғымы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы, яки балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы. Ал қазақ ұғымында отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуына жиналған жақындары. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – әрбір қазақ үшін маңызды. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды.
Отбасы құндылығы – біздің мемлекетіміз ұстанып отырған басты саясат. Шаңырақтың үйлесімді дамуы мемлекеттің іргетасының берік болуына қызмет етеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әр жылда халыққа арнайтын Жолдауында да отбасылық құндылықтарды сақтау, бала тәрбиесі мәселесін дәріптеу, ата-аналардың балаларын шынайы қамқорлыққа алу мәселелері тұрақты сөз болып келеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында (27-бап) «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауына болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті», - делінген. Бұл жолдар әр баланың білім алуына мемлекеттің басты назар аударатынын және ол отбасының парызы екенін айғақтай түседі.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады. Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі. Қазақ табиғатында отбасы иелері ең әуелі өз ұлы мен қызының алдында тәрбиелі, өнегелі, көргенді, үлгілі болуға тырысқан. Оның ең басты себебі, «ұлдың ұяты - әкеде, қыздың ұяты - шешеде» деп бағалағандықтан.
Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы - ұлттық мәдениетінің маңызды белгісі болып табылады. Ұлт тәрбиесінің сезімдік әсері зор. Сондықтан халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Бұл қазаққа тән жақсы қасиеттер мен ұлттық сананы ұрпаққа қалыптастыру, ұлтымыздың дүниетанымдық тәжірибесін жалғастыру дегенге саяды.
Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «Беске келгенше балаңды хандай ұста, он беске дейін құлдай жұмса, он бестен кейін досыңдай көр» деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған. Қазаққа тән игілік пен ұлттық сана дегеніміз ол - әдептілік, бауырмалдық, қонақжайлылық, еңбекқұмарлық, ұрлық, қиянат жасамау, үлкенді сыйлау, тағы сондай сияқты. Қазақ ойшылдарының көзқарасындағы басты идея «атаның баласы болма, адамның баласы бол, жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін» деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды. Қазақ халқы баланы жамандықтан жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болуын, һәм байсалды, ойламды, шымыр болып өсуін ұлт тәрбиесінің негізгі қағидасы етіп ұсынған.
Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Отбасының ең негізгі қызметі ұрпақ жалғастыру болса, екінші кезекте сол ұрпағына дұрыс тәрбие беру қызметі тұрады.
Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Отбасындағы ата-ана - баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты.
Тәрбие берудің негізгі мәйегі - мейірім мен сүйіспеншілікте. Бала кімнен мейірім көрсе, сол адамды ерекше жақсы көреді. Өзі жақсы көрген кісіге еліктегіш келеді. Баланың қатесін түзетіп, дұрысын үйретуде жаза берудің ерекше орны бар екенін жоққа шығармаймыз. Бірақ жазалаудан бұрын қателерді түзетуде ең әуелі мейірім мен насихаттың әсері мол екенін ескергеніміз жөн. Себебі, балалар көбіне жасаған қателіктерінің парқына бара бермейді. Мұндай жағдайда балаларға ұрсып-зекудің пайдасынан зияны басым болуы кәдік. Ата-ана яки кез келген педагог үшін балаға көп ұрсып, оған ұзақ ақыл айтқаннан гөрі оның басынан сипап, мейірім көрсетіп, арқасынан қағуы әлдеқайда әсерлі. Зерттеушілер құшаққа алынып, құштарлана сүйілмеген, басынан сипалып, маңдайынан иіскелмеген балалардың кейбір психологиялық ауруларға ұшырайтынын дәлелдеуде.
Біздің халық ер адамды ұлықтаған, ол - үйдің отағасы, балалардың әкесі. Бүгінгі таңда әке түрлі себептермен отбасындағы күшін жоғалтуда. Сонымен бірге әке тәрбиесі жетіспейтін отбасылар да көптеп кездесуде. Ата-ананың мейірімін көріп, сезініп өспеген бала - өте қамкөңіл, тез ренжігіш, күйгелек мінезді, қатыгез болып келетіндігі анықталған.
Бүгінгі қоғамның даму жағдайындағы отбасы тәрбиесінің күй-жайы ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Өйткені, қоғамда орын алып отырған келеңсіз жайттардың барлығы дерлік осы отбасы тәрбиесінің олқылықтарымен байланысты болып отыр.
Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз қоғамның ықпалында болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістермен бағыттас. Сондықтан қазіргі кездегі отбасының жағдайын түсіну үшін және оның дамуының болашағын бағалау үшін бүкіл XXI ғасыр бойы қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған түбегейлі өзгерістерді ескеру керек.
XXI ғасырдың ортасынан бастап отбасы институты елеулі және қайталанбас өзгерістерге ұшырады. Ғұмырлық некеге тұрақтылықтан бас тарту, айырылысу мен некенің бұзылуы, ұрпақты тәрбиелеудегі риясыз қарым-қатынастан бас тарту, толық емес отбасы мен өгей ата-аналы отбасы санының артуы, баланы алдырып тастау мен некесіз бала туу үдеп бара жатқаны байқалады. Әкенің ықпалы, ананың мейірімі жалғызбасты отбасыларында жетіспей, бұл ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізетіні анық. Ажырасқан отбасы балаларының өзімшіл, қыңыр мінезді болып шығуы жиі кездеседі. Статистикаға жүгінсек, қылмыс жасайтындардың көбі – осындай жасөспірімдер.
Қазіргі кездегі жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың көбеюі, жастардың нашақорлығы, адамзаттың басынан төніп тұрған әр түрлі дерттің қанат жаюы, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Баланың негізгі тәрбиешісі-өзінің туып өскен ортасы, ата-анасы. Баланың дұрыс азамат болып өсуі немесе қате жолға түсуі көбінесе үлкендерге байланысты. «Баланы-жастан…» деген сөздің мазмұны өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баласының теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Жасөспірімдердің білім алуында, тәрбиесінің дұрыс қалыптасуында мектеп пен отбасының тығыз қарым-қатынаста болуы қажетті жағдай болып отыр.
Бүгінгі баланың тәрбиешісі – теледидар, интернет, аула, қоршаған ортасы. Баласының қайда, немен айналысып жүргенінен бейхабар ата-аналар да аз емес. Егер ер-азаматтар нағыз «түздің адамы» болып, табыс тауып, бала-шағасын бақса, әйелдер де тып-тыныш баласын бағын, күйеуінің бабын тауып, ұрпағының тәрбиесімен айналысып отырар еді. Амал жоқ, сүйенетін ері жоқ көптеген әйелдер балаға ұлттық тәрбие беруден бұрын олардың қарны тоқ болғанын ойлайды.
Бүгінгі отбасы жағдайында бала тәрбиесін ұйымдастыру көптеген ғылым саласынан білімді де, қабілетті болуды керек етеді. Ата-аналардың дені отбасын асырау мен олардың қажетін қанағаттандырумен уақыттарын өткізуде. Ал бала тәрбиесі назардан тыс немесе өзге адамның қолында болып отыр. Олай дейтін себебіміз, бүгінгі күні әрбір үйде демесек те, бес отбасының бірінде бала күтуші жалданып жұмыс істейді.
Отбасында ұл баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі қашанда жоғары тұруы тиіс. Бала келешекте елін, жерін қорғайтын азамат болып өсуі үшін әке тәрбиесінің орны бөлек болып есептеледі. Сондықтан жалпы ер балаға жауапкершілікті өз мойнына арта білуді үйрету қымбат. Өйткені, ер-азамат отбасы үшін бүкіл жауапкершілікті өз мойнына ала білуі тиіс. Өкінішке қарай, осы жағынан кейде олардың қоғамдағы рөлі төмендеп кеткендей болып көрінеді. Бала тәрбиесін әйелдерге ысырып тастаушылық басым түсіп жатады. Еркектердің енжарлығы мен бала тәрбиесіне мән бермеуі салдарынан олардың бойындағы әлгіндей қасиеттер олқы соғып тұрады. Сондықтан біз өзіміздің бұрынғы құндылықтарымызға қайта оралуымыз керек деп ойлаймын. Ер бала ер азаматтың тәрбиесімен, ал қыз бала шешенің өнегесімен өскен кешегі төл тамырдан тағылым алғанымыз жөн.
Әл-Фарабидің «Тек бақытты адамдар ғана ізгі істер атқаруға қабілетті болады» деген ұлағатты сөзін ескеретін болсақ, отбасында татулық пен береке болған ортадан шыққан маман ғана қоғамға пайдалы істермен айналыса алмақ. Бүгінгі таңда қазақтың біртуар перзенті М. Әуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» деп айтқанындай әрбір дүниеге келген бала тағдырын мемлекеттік деңгейде отбасылық тәрбие жағдайында іске асыруды ойластыра отырып, дәстүрлі ұлттық тұрғыдағы отбасылық тәрбие жұмысын жүйелі жүргізу қажеттігі артып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |