13-билет Жылулық сәулелену және оның сипаттамалары



бет1/4
Дата22.12.2023
өлшемі82,38 Kb.
#198704
  1   2   3   4
Байланысты:
13,14-билет оптика


13-билет
Жылулық сәулелену және оның сипаттамалары.
Дененің сәуле шығарғыштық қабілеті дегеніміз дененің бірлік бет ауданынан жиіліктің бірлік интервалыңда бөлініп шығатын сәулелік энергияның мөлшері (сәуле шығару қуаты). Егер жиілік интервалын -ден - ге дейін деп, ал бірлік ауданнан бөлініп шығатын сәулелік энергия мөлшерін деп алсақ, онда сәуле шығарғыштық қабілетін мына түрде жазуға болады:
(1)
Cәуле шығарғыштық қабілеті температурадан басқа, жиілікке де тәуелді, сондықтан оны беттік сәулеленудің спектрлік тығыздығы деп аталады. Денелердің сәуле жұтқыштық қабілеті дегеніміз -ден - ге жиіліктер интервалындағы дененің беттік ауданы жұтқан энергия мөлшерінің оған түскен энергия мөлшеріне қатынасы.
(2)
арасындағы байланыстар тәжірибе барысында дәлелденген.  -шамасы өлшемсіз шама, ол эрг/см2- пен өлшенеді.
Абсолют қара дене деп кез келген температурадағы кез-келген толқын ұзындықтағы өзіне түскен барлық сәулелерді талғаусыз жұтатын денені айтамыз. Абсолют қара дене үшін  барлық температурадағы барлық ұзындықтағы толқындар үшін. Табиғатта абсолют қара дене болмайды, бірақ оған жуықтайтын денелерді табуға болады (мысалы күл, қара барқыт). Осындай заттарға жарық түскенде олардың көп қабаттары мен пораларында жарық сәулесі бірнеше рет шағылады, әрбір шағылу кезінде оның энергиясы жұтылады, соңында заттан шыққан жарық энергия нөлге тең болады. Вин мен Люммер айтқандай шағылдыратын қабырғалары бар электромагниттік толқындар өте алмайтын сфералық ыдыс абсолют қара дене сияқты болады. Оның кішкене тесігінен (диаметрінің 0,1-нен кіші болса) өткен жарық сәулесі көптеген рет шағылып, сыртқа шыға алмайды, яғни жұтылады (1-сурет)

1-сурет
Прево ережесі: Егер екі дененің жұтатын энергияларының мөлшері әртүрлі болса, онда олардың сәуле шығарулары да әртүрлі болады. Температуралары бірдей әртүрлі денелердің спектрлік құрамы да әртүрлі болады. Егер, формалары бірдей екі дене, мысалы кварц пен болатты алайық. 800С-де кварц көрінетін жарықты шығармайды, сондықтан жарқырамайды, ал қызған болат ашық қызыл түсті жарықты шығарады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет