Ұлттық құндылықтар: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, АР-ҰЯТ, ТАЛАП. Ұлттық мүдде құндылығы: - Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға ат салысу;
- Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосу;
- Ұлттық мұраға ұқыпты қарау;
- Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту;
- Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу;
- Қоғам игілігі үшін қызмет ету;
- Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу;
- Ұлттық мәдениетті дәріптеу;
Күтілетін нәтижесі: - Отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл
- Мемлекеттік рәміздерді қадірлейді
- Елінің тарихын құрметтейді
- Ұлттық мирасты, мәдениетті дәріптейді
- Құқықтық және экологиялық мәдениеті жоғары
Ар-ұят құндылығы: - Академиялық адалдық қағидатын қолдау;
- Адал еңбекті құрметтеу;
- Сөзіне берік, ісіне адал болу;
- Халқына адал қызмет ету
- Әдеп нормаларын ұстану;
- Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну;
- Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту;
- Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну.
Күтілетін нәтижесі: - Ар-ұят, адалдықты жоғары бағалайды;
- Сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытады;
- Ата-анасына сүйіспеншілікпен қарайды;
- Достарын, сыныптастарын сыйлайды;
- Кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді.
Талап құндылығы: - Сыни және креативті ойлау;
- Жеке және командамен жұмыс істей білу;
- Білуге, жаңаны тануға құштар болу;
- Физикалық белсенді болу;
- Салауатты өмір салтын ұстану;
- Технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету;
- Дұрыс қарым-қатынас орната білу;
- Уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау.
Күтілетін нәтижесі: - Жан мен тән тазалығын сақтайды;
- Дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді;
- Қоршаған орта тазалығын сақтайды;
- Ақпараттық, медиа және қаржылық сауаттылық;
- Ізденімпаз, жасампаз тұлға.