(Т) «Түсініп оқы» айдары бойынша «Дала сұңқары қиырға
қарайды» мәтінін түсініп, кейіпкерлерін анықтап, Шоқанның өз
даласына сағынышын қалай білдіргенін тауып оқу ұсынылады.
Оқушылар оқып болған соң сұрақ жауаптарын топта талдайды.
Дескрипторы:
1. Кейіпкердің сезімін бейнелейтін үзіндіні табады.
2. Кейіпкер сезімін өз сезімдерімен салыстырады.
ҚБ: «Басбармақ» әдісі
(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың
мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде
талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету.
Омбы – қазіргі Ресейдің қаласы
Есіл-дерті – барлық ойы, көңілі
2.Оқушылар «Мәтіннің басты кейіпкері кім?» деген сұраққа
жауап береді.
(ЖЖ) «Есіңе түсір» айдары бойынша әдеби шығармадағы,
ертегілердегі кейіпкерлерді еске түсіреді.
Дескрипторы:
Әдеби шығарма кейіпкерлері мен ертегі, мысалдардың
кейіпкерлерінің ерекшеліктерін айтады.
(Т) «Жоба жаса» айдары бойынша сағыныш сезіміне толы мысал әңгіменің жобасын құрастырады. Оқулықтағы суреттердің қайсысы сәйкес келетіндігін анықтайды.
Дескрипторы:
1. Суреттерден таңдау жасайды.
2. Өз таңдауын түсіндіреді.
3. Әңгіме жобасын құрастырады.
Дәптермен жұмыс. Дәптермен жұмыс мұғалімнің өз қалауы бойынша уақыттың қалуына байланысты орындалады.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмала
ры.
|