ҚБ: Топтық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.
Жасыл түс – «Жарайсың!»
Сары түс – «Жақсы!»
Қызыл түс – «Талпын!»
|
|
|
Жұмыс дәптеріндегі
№4-тапсырманы орында.
(Тапсырмада роботтың суреті және жанында бос орын берілген. Оқушы өзіне ұнаған роботтың суретін салады. Кейін екі роботтың айырмашылығын табады.)
|
Суретті боя. Бос орынға қиялыңдағы роботтың суретін сал. Сенің роботың қандай қызмет атқарады? Айырмашылық бар ма?
|
«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
|
Жұмыс дәптері.
29-бет
|
Сабақтың соңы
7 мин.
Сабақты бекіту. Рефлексия
|
(Ө): «Оқушылар сұрақ қояды» әдісі.
Оқушыларға бүгінгі өтілген сабақ бойынша қорытындылау мақсатында сұрақтар қоюға мүмкіндік жасаңыз. Сұрақтар сыныптастарға, мұғалімге қойылуы мүмкін немесе талқылауды дамыту құралы ретінде қолданылуы тиіс.
Жазбаша түрдегі сұрақтарға арналған «Сұрақтар қорапшасы» оқушылар үшін қарым-қатынас жасаудың өзгешелеу түрі болып табылады.
Оқушылардың жұмыс туралы сұрақтарды дауыстап айтуына уақыт беріңіз. Бұл бағалау үдерісін іске қосуға және ұғымның екіұдайы түсінілуін болдырмауға көмектеседі.
|
Мысалы:
Программаны роботтың басқару блогына қалай жүктейді?
Қозғалысты басқаруға әр түрлі командалық блоктарды қолдану немен байланысты деп ойласың?
|
ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.
|
Интерактив-ті тақта
|
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
|
Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.
|
|