Есеп 131 мейірбике ісі тобының Хирургиядағы мейіргер ісі пәнінен кәсіптік тәжірибе методикалық жетекшісі Алиев А.Р. есебі.
Хиругиядағы мейіргер ісі пәнінің методикалық жетекшісінің негізгі мақсаты студенттердің теория жүзінде алған білімін практикалық дағдыларын кәсіптік тәжірибе кезінде ұштастыра білу. Кәсіптік тәжірибе №3 Көпбейінді қалалық аурухананың хирургия бөлімінде, көз микрохирургиясы бөлімшесінде, нерореанимация бөлімшесінде, жарақат бөлімшесінде өтті. Топта 25 студент бар. 2-3 студенттен әр түрлі бөлімщелерге бөлінді. Басты назар этика және деонтологияны сақтау, асептика және антисептика ережелерін білу, техника қауіпсіздігін игеру, емдік процедуралармен бірге пациенттерге коммуникативті дағдыларды орнату. Студентттер орта буынды қызметкерлер есебінде стационарда жұмыс атқарды. Студенттер күнделікті таңып-байлау кабинетінде, емшара кабинетінде, постыда, аға мейірбикелердің бақылауында жұмыс істеді. Кәсіптік тәжірибе біткен соң, орталықтың бас мейірбикесі Садвакасова М.А. бірге сынақ қабылданды. Жалпы ескерту болғанжоқ және бағаларын тәжірибе сабағына қатысқандарына байланысты алды.