қызметін жүзеге асырған жер учаскесінің қазіргі меншік иесі немесе жер пайдаланушысы көтереді.
9. Экологиялық залал келтірілу фактісі анықталған кезден бастап үш жыл ішінде осы баптың 5, 7 және
8-тармақтарында көрсетілген тұлғаларды анықтау мүмкін болмаған немесе олар болмаған кезде,
экологиялық залалды жою жөніндегі міндет мемлекетке жүктеледі. Экологиялық залалды жою
бойынша қажетті іс-шаралар жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу
бойынша облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті атқарушы
органы ұйымдастырады.
ҚР Экологиялық кодексi
137-бап. Экологиялық залал фактісін және экологиялық залал келтірген тұлғаны анықтау.
1. Экологиялық залал келтірген тұлға мұндай залалды
анықтаған жағдайда, мұндай тұлға:
1) анықталған кезден бастап екі сағат ішінде
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті
органға экологиялық залал келтірудің әлеуетті
фактісі, оның сипаты мен ауқымын алдын ала бағалау
туралы хабарлауға;
2) экологиялық залал келтіру фактісі анықталғаннан
кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей, үлкен
экологиялық залалды немесе халықтың
денсаулығына және (немесе) қоршаған ортаға зиянды
әсер етуді болғызбау мақсатында, оны туындатқан
факторларды жоюға (олардың жолын кесуге), сондай-
ақ экологиялық залалды бақылауға, оқшаулауға және
қысқартуға бағытталған барлық қажетті шараны
қабылдауға кірісуге;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті
органның экологиялық залал келтіруді туындатқан
факторларды жою (олардың жолын кесу) жөніндегі
талаптарын орындауға міндетті.
|