Қарсы топ оқушылары жұптасып пікір таластырады
Айналмалы қозғалатын қатты дененің кинетикалық энергиясы
-Инерция моменті
-Штейнер теоремасы
-Шардың, цилиндрдің, стерженнің, дискінің, сақинаның инерция моменттері
|
Қажетті мәліметтерді дәптерге жазып отырады
Сұрақтарға жауап береді. Сыныптастарының жауабын тыңдап, ұсыныстар айтады.
|
Бағалау парағы (Тапсырманы орындаған әр бала өзіне бір ұпайдан қойып отырады).
|
Презентация
|
Сабақтың ортасы
15 мин
|
Қызығушылығын ояту:
Неліктен фигурист қолы мен аяғын денесіне жақындатқанда оның айналысының шапшаңдығы артады?
Оның айналмалы қозғалысын сипаттайтын шамалар қалай байланысқан?
|
ЖАҢА МАТЕРИАЛДЫ МЕҢГЕРТУ:
Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі мен импульс моменті, импульс моментінің сақталу заңын мұғалім оқушылармен бірлесе отырып қорытып шығарады.
|
Дескриптор
-айналмалы қозғалыс үшін импульс моментінің теңдеуін қорытып шығарады
|
Презентация
СЛАЙД
Сурет бойынша жауап береді.
https://www.youtube.com/watch?v=zjY9PqvuluM
|
20 мин
|
1-топ:
Неліктен тік ұшақта 2 винт болады?
Импульс моменті дегеніміз не?
Импульс моментінің сақталу заңын тұжырымдаңыз
2-топ:
Мысық неліктен жерге ылғи аяғымен түседі?
Импульс моментінің сақталу заңының орындалатынын дәлелдейтін мысал келтір
Айналмалы қозғалыс үшін Ньютонның 2 заңын тұжырымда
3-топ:
1 есеп. Инерция моменті 0,15 кг·м2, радиусы 20 см біртекті тұтас цилиндрге жеңіл жіп оралған. Жіптің бір ұшына массасы 0,5 кг жүк ілінген. Бастапқыда жүк жер бетініен 2,3 м биіктікте болған.
|
Дескриптор:
а) жүктің жерге түсу уақытын анықтау;
б) жіптің керілу күшін анықтау;
в) жүктің жерге түсер мезеттегі кинетикалық энергиясын есептеу.
|
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
|
|