КҮШТІҢ ТҮРЛЕРІ
Центрге тартқыш күш–дененің шеңбер бойымен қозғалысы кезінде айналу центріне бағытталған күшті.
Бүкіл əлемдік тартылыс заң- Денелердiң бiр-бiрiне тартылыс күшi осы денелердiң массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және денелердiң ара қашықтықтарының квадратына керi пропорционал болады
мұндағы: - гравитациялық тұрақты деп аталады.
Тартылыс күшi - центрлiк күштерге жатады, яғни денелердiң центрлерiн қосатын түзудiң бойымен бағытталады.
Мысалы, Жерде g=9,8 Н/кг, ал Меркурийде gМерк=3,7 Н/кг, Шолпанда gШ=8,8 Н/кг, Марста gМарс= 3,8 Н/кг, Юпитерде gЮ=24 Н/кг, Сатурнда gС=9,1 Н/кг болса, Уранда 8,69 Н/кг болады. Ал Айдағы тартылыс күшi Жердегiден 6 есе аз, сондықтан дененің Айға құлағандағы еркін түсу үдеуі де аз (gАй=1,6 Н/кг) болады.
Ньютонның бүкiл әлемдiк тартылыс заңымен анықталатын гравитациялық масса деген ұғым бар.
Салмақ- жерге тартылу нәтижесінде горизанталь тірекке немесе еденге, ілгішке әсер ететін күш.
Ауырлық күші (F) – Жердің денені тартатын күші. Ауырлық күші денеге түседі.
Ауырлық күші денеге тұрақты әрекет етеді (F=const). Дененің салмағы тірекке немесе аспаға үнемі әрекет ете бермейді. Салмақ жағдайдың өзгеруіне байланысты «әртүрлі мәндерді қабылдай алады (мысалы: Р = 0, Р = Ға; P < Ға; P > Ға.). Ендеше салмақ пен ауырлық күштері мүлдем басқаша әртүрлі күштер болып табылады.
Мысал
3.Массасы 1 кг дененiң салмағын анықтаңдар.
A) 3 Н
B) 10 Н
C) 5 Н
D) 8 Н
E) 2 Н
4.Салмағы 500 Н бала салмағы 50 Н қандай да бiр дененi ұстап тұр. Ол жердi қандай күшпен қысады?
A) 450 Н
B) 550 Н
C) 350 Н
D) 240 Н
E) 200 Н
Дене тiк жоғары а үдеумен қозғалған жағдайда дененiң салмағы та-ға артады.
..
Дене тiк төмен а үдеумен қозғалған жағдайда дененiң салмағы та-ға кемидi.
.
Дененің тірекке немесе аспаға салмақ түсірмейтін күйі- салмақсыздық деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |