Ұйымдастыру кезеңі: Сұрақ жауап арқылы сабаққа кіріспе жасау.
1.Презентатциядағы екі сурет бойынша сұрақ қойылады.
4-5 слайдтар бойынша жұмыс атқару.
2. Механиканың қатты денелердің тепе-теңдікте болу шарттарын зерттейтін бөлімі- статика. Бұл сұрақтарды жалпы сыныпқа арнап қоюға болады немесе жеке топтарға тапсырма ретінде ұсынып өз ой-пікірлерін жеткізуге жағдай жасауға да болады.
Қажетті мәліметтерді дәптерге жазып отырады
Сұрақтарға жауап береді. Сыныптастарының жауабын тыңдап, ұсыныстар айтады.
Презентация
Сабақтың ортасы
15 мин
Жаңа тақырыпты түсіндіру. https://www.youtube.com/watch?v=kjjHabFAx2E
Оқушылар массалар центрі туралы видео роликті көру арқылы өз тұжырымдарын жасайды. Массалар центрі, ауырлық центрі - дене қимылын немесе бөлшектердiң жүйесін сипаттайтын геометриялық нүкте; қатты дененің кеңістіктегі кез келген жағдайында оның бөлшегіне әсер ететін барлық ауырлық күштерінің қорытқы күші өтетін қатты денемен өзгеріссіз байланысты нүкте.
Массалар центрінің қозғалысы туралы теорема - жүйенің массалар центрінің қозғалысы, массасы жүйедегі барлық нүктелер массаларының қосындысына тең және жүйеге әсер ететін сыртқы күштердің әсерінен қозғалатын материялық нүктенің қозғалысындай.
Механикалық жүйенің массаларының центрі - геометриялық нүкте, механикалық жүйені құрайтын барлық материялық нүктелердің массасын осы нүктелердін сол геометриялық нүкте арқылы өтетін радиус-векторларына кебейтіндісінің қосындысы нольге тең болатын.
Ауырлық центрінемесе Масса центрі - жүйені қозғалтқан кезде жүйенің барлық массасы жинақталған материалдық нүкте сияқты қозғалатын механикалық жүйедегі массаның таралуын сипаттайтын нүкте, қатты дененің кеңістіктегі кез келген қалпында оның бөлшектеріне тең әсерлі күшпен түсетін ауырлық күшінің геометриялық нүктесі; бұл нүкте кей жағдайда осы дененің ешбір нүктесімен сәйкес келмеуі мүмкін (мысалы, сақинада). Біртекті ауырлық өрісіндегі қатты дененің ауырлық центрі оның массалар центріне сәйкес келеді.