тропонин деңгейін анықтау 56.Миокард инфарктісі бар науқастарға аурудың басталуынан алғашқы 4-6 сағатта келетін патогенетикалық терапия әдісін таңдаңыз:
тромболитикалық терапия 57.Миокард инфарктісінде ауырсынуды басады:
морфин гидрохлориді 58.Миокард инфарктісі мыналардың нәтижесінде дамиды:
коронарлық тромбоз 59.Миокард инфарктісінің асқынуы:
өкпе ісінуі 60.Миокард инфарктісі бар науқасты тасымалдау:
зембілде 61.ЖИА бар науқастарда дене шынықтыру жаттығуларының қай түрі қолданылмайды:
ұзақ қашықтыққа марафон 62.50 жастағы ер адам, тәулігіне бір қорап темекі шегеді, ДМИ – 31. Бүгін түнде алғаш рет төс артында 20 минуттан аса күйдіргіш ауру сезімі пайда болды, ауырсыну мойынның сол жағына, жауырынға беріледі, жалпы әлсіздік, салқын жабысқақ тер. Диагноз:
миокард инфарктісі 63.Тромболиздік мақсатпен миокард инфарктісінің алғашқы сағаттарында қолданылады:
тенектеплаза 64.Жүрек ауруларынан кенеттен болған өлімнің ең көп тараған себебі:
миокард инфарктісі 65.Жүрек-тамыр жүйесі ауруы бар, ентігуден зардап шегетін науқастарға қандай мақсатта жартылай отыруға кеңес беріледі:
кіші қан айналымындағы қанның іркілісі төмендейді 66.Нитраттарға төзімділіктің даму қаупін азайту үшін:
тәулік ішінде қандағы препараттың біркелкі концентрациясын қамтамасыз ету 67.Миокард инфарктісі бар науқаста қызғылт түсті көбікті қақырықты жөтел демікпе ұстамасы пайда болды. Қарап тексергенде: өкпенің барлық аймақтарында әртүрлі көлемдегі ылғалды сырылдар естіледі, жыбыр аритмиясы. Бұл белгілер қандай синдромға тән?
жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік 68.Жедел жүрек жеткіліксіздігінің айқын белгісі:
қызғылт түсті қақырықты жөтел 69.Кардиогенді шокпен асқынған жедел коронарлық синдромға тиімді дәрі:
допамин 70.ЭКГ-да миокард инфарктісінің белгілері бар 17 жастағы науқас жедел жәрдеммен жансақтау бөліміне жеткізілді. Объективті: есі жоқ, АҚ – 60/40 мм сын.бағ. Перифериялық артерияларда пульс анықталмайды, тынысы жиі. Бұл жағдайды анықтаңыз?