1-деңгей – бала белгілі бір қимыл мен біліктерді жаңғырта алады;
2-деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие;
3-деңгей – бала өзінің білетінін және жасай алатынын қолданады, білімін өз бетінше және шығармашылықпен қолдана алады.
Индикаторлар көрсеткіш ретінде баланың даму мониторингін қамтамасыз етеді және оның жеке дамуын жоспарлауға негіз болып табылады.
Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында Стандартқа туғаннан бастап 1 жасқа дейінгі жас кезеңділігі бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.