14-тақырып: «Оқушы жастардың дене тәрбиесі» Ж. О. О дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері, оларды ұйымдастыру


Ж.О.О дене тәрбиесі жұмыстарының түрлері



бет2/5
Дата22.06.2020
өлшемі60,5 Kb.
#74252
1   2   3   4   5
Байланысты:
45455833530829 14ФИЗРА

2.Ж.О.О дене тәрбиесі жұмыстарының түрлері.Дене тәрбиесі жұмыстарының негізгі түрі-оқу сабақтары болып табылады. Оқу сабақтары барлық мамандықтардың оқу жоспарларына кіргізіліп, оқу үрдісінің 1-2 курстарында жүргізіледі. Сабақты дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары жүргізеді. Дене тәрбиесі сабақтары үш түрлі оқу бөлімдерінде жүргізіледі. Олар: негізгі дене тәрбиесі сабақтары, спорттық педагогикалық жетілдіру жаттықтырулары, арнайы медициналық топтардағы сабақтар деп бөлінеді. Негізгі топтарлағы дене тәрбиесі сабақтарына дәрігерлік байқаудан өтіп, денсаулықтары және дене қуаты дайындығы тексеріліп, негізгі және дайындық топтарына жатқызылған студенттер жіберіледі. Дене тәрбиесі сабағы жетісіне екі рет өткізіледі. Оқу курстарындағы сабақтар жоғарғы оқу орындарының мемлекеттік бағдарламасы негізінде жүргізіледі. Оқу бағдарламасын Білім және министрлігі бекітеді. Бағдарламаның оқу материалы теориялық және іс-тәжірибелік деген екі бөлімге бөлінген. Теориялық бөлімде теориялық мағлұматтар берілсе, бағдарламаның іс-тәжірибе бөліміндегі материалдар мазмұны, спорт түрлерінің жаттығулары студентердің дене тәрбиесі міндеттерін нақты шешуге бағытталған.

Жоғары оқу орнындағы дене тәрбиесі сабағы мен жұмыстары барлық оқу ұзақтығы кезінде жүргізіледі. Ол жұмыстар мынандай түрлерге бөлінеді: оқу және жаттықтыру сабақтары, өз беттерімен жаттығулар, күн тәртібі ішіндегі дене жаттығулары, көпшілік-сауықтыру және спорт шаралары. Бұл дене тәрбиесі жұмыстарының түрлері бір-бірлерімен тығыз байланысты бірін-бірі толықтырып отырады.

Спорттық педагогикалық жетілдіру жаттықтырулары. Ол сабақтар түріне әртүрлі спорт түрлерінен жаттықтырулары кіргізіледі. Жаттықтырулар студент спортшылардың өздері айналысқан спорт түрлерінен жоғарғы жетістіктерге жетулеріне бағытталған. Жаттықтыру сабақтарына дәрігерлік коммисиядан өткен денсаулықтары мықты, негізгі топқа жатқызылған студенттер жіберіледі. Спортшы студенттер жылдық күнтізбелік жарыстар жоспары арқылы өз спорт түрлерінен жарыстарға қатысып, спорт дәрежелерің орындайды. Спорт түрлерімен тұрақты айналысып, оқу бағдарламасындағы сынақ түрлерінің нормаларын, оқу талаптарын орындаған студент спортшылар негізгі топтардағы оқу сабақтарынан босатылады.

Өз беттерімен жаттықтыру түрлері студенттердің өз еріктерімен сабақтан бос уақыттарында жүргізіледі. Ол жаттықтырулар спорт ойындары түрлері: волейбол, футбол, баскетбол, хоккей; жүгіру түрлері, атлетикалық гимнастика, гир спортты, ұлттық ойын түрлері болуы мүмкін. Дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары мен спорт клуб қызметкерлері әдістемелік көмек жасап, жаттықтыруларды дұрыс жолға бағыттап отырады. Дұрыс жүргізілген өз бетімен жаттықтыру түрлерінің маңызы өте зор.Күн тәртібі ішіндегі дене жаттығуларына жататындар: теңертеңгілік гигиеналық гимнастика, күн тәртібіндегі гимнастикалық жаттығулар т.б. қозғалыс түрлері.

Арнайы медициналық топтардағы сабақтар. Арнайы медициналық топтардағы сабақтарға дәрігерлік коммисия денсаулықтары нашар деп таныған, тұрақты немесе уақытша ауыратын студенттер жіберіледі. Оларға сабақтар негізгі оқу тобынан бөлек уақыттарда жүргізіледі. Оқу тобындағы студенттер бірнеше ошу топтарынан іріктеліп құрастырылады. Оларға сабақты арнайы дайындықтан өткен дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары жүргізеді. Осы сабақтанрға қатысқан, ошу бағдарламасының нормаларын, талаптарын тапсырған студенттерге дене тәрбиесінен әрбір семестрлерде сынақ қойылып отырылады.

Көпшілік-сауықтыру және спорт шаралар түріне жататындар: спорттық жарыстар, денсаулық топтары, жүгіруді жақсы көрушілер топтары, спорттық мерекелер, спорт түрлерінен көрсетілімдер, сенбі, жексенбі күндері өткізілетін белсенді демалыстар ( саяхатқашығу, жорықтар, таза ауада серуендеу, ойын түрлері, суға түсулер т.с.с.), әртүрлі сауықтыру шаралары, спорттық сауықтыру лагерлеріндегі сауықтыру, дене жаттығулары түрлері. Арнайы орта оқу орындарындарының, колледждерінің оқушыларының дене тәрбиесінің мақсаты дене тәрбиесі жаттығуларымен тұрақты шұғылдану, оны кәсіптік, әлеуметтік, мәдени-спорттық қызметтерде қолдана білу қабілеттілігін қалыптастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет