Массасы тұрақты бір атомды идеал газ изотермиялық процесте А>0 жұмыс жасайды. Бұл процестегі газ көлемі, қысымы, ішкі энергияның өзгерісі: артады, кемиді, өзгермейді
Механикалық кернеудің өлшем бірлігі: 1 Па
Молекула-кинетикалық теорияның қағидасына жатпайды: микробөлшектердің жылдамдығы температураға тәуелді емес.
Молекулалардың жылдамдығын алғаш рет тәжірибелік жолмен анықтаған: О.Штерн
Морт сынғыш материалдар: керамика, балауыз, шыны
Ортаның абсолют сыну көрсеткішінің формуласы: с/υ
Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу: қаныққан бу
Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын бу: қанықпаған бу
Өздік магнит өрісі сыртқы өріспен бағыттас келетін әлсіз магнит өрісін туғызатын заттар: парамагнетиктер