15 беттің 2- беті



Дата01.04.2017
өлшемі276,56 Kb.
#13088

УМКД 042-18-22.1.116/02 -2014


Басылым №

15 беттің 2- беті





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Оқу әдістемелік кешенінің құжаты 3 деңгейлі

ПОӘК

ПОӘК

УМКД 042-18-22.1.116/02 -2014




ПОӘК

Студентке арналған «Ботаника» пәнінің бағдарламасы



Басылым № 1

«__» ___ 20 _____



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Ботаника»

5В080300 – «Аңшылықтану және аң шаруашылығы" мамандығына арналған



СТУДЕНТТЕР ҮШІН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ


2014


Алғы сөз
1 құрастырылҒАН

Құрастырушы: _______________«____»__________20____ А.С. Мадыбекова «Мал шаруашылығы және аңшылықтану, морфология негіздерімен» кафедрасының аға оқытушы, биология магистрі


2 талқыланды

2.1 «Мал шаруашылығы және аңшылықтану, морфология негіздерімен» кафедрасының отырысында

Хаттама №__ «__»_____20___ж
Кафедра меңгерушісі ___________ Б.Ахметова

2.2. Аграрлық факультеттің оқу - әдістемелік кеңесінің отырысында

Хаттама №__ «__»_____20___ж
Төрағасы __________ Г.Джаманова

3 бекітілГЕН

Университеттің оқу - әдістемелік кеңесінің

отырысында қаралып, баспаға ұсынылды

Хаттама №__ «__»_____20___ж
ОӘК төрағасы _____________Г.Искакова


  1. 4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ




Мазмұны
1 Жалпы ережелер.

2 Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу

3 Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

4 Пәннің форматы

5 Пәннің саясаты

6 Баға қою саясаты

7 Әдебиет

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Оқытушы туралы

-Мадыбекова А.С.

-«Мал шаруашылығы және аңшылықтану, морфология негіздерімен»

-Байланыс ақпараты – телефоны 442898, № 5 оқу ғимараты

-Сабақ өтетін бөлмелер - № 111

-Пәннің аты – «Ботаника»

-Несие саны –3 , ал жалпы сағат саны – 135


1.2 Пәннің қысқаша сипаттамасы.

«Ботаника» пәні 5В080300–«Аңшылықтану және аң шаруашылығы» мамандығының студенттеріне арналған.

Кіріспе. Ботаника пәні. Ботаника пәнінің мақсаты мен міндеті. Ботаниканың зерттеу әдістері. Ботаниканың даму тарихы. Өсімдік жасушасы. Жасуша теориясы. Өсімдік жасушасының құрылысы мен құрам бөліктері.Жасушаның негізгі қызметтері. Өсімдік ұлпалары. Ұлпаның классификациясы. Түзуші, жабындық, арқаулық және өткізгіш ұлпалар сипаттамасы мен құрылысы.Өсімдіктің вегетативті мүшелері-сабақ, жапырақ, тамыр. Сабақ, жапырақ, тамырдың морфологиялық және анатомиялық құрылысы.Өсімдіктің генеративті органдарының морфологиялық және анатомиялық құрылысы.Гүл. Андроцей, геницей, гүлшоғыр. Жеміс, классификациясы, жемістер мен тұқымдардың таралуы.

Өсімдіктердің көбеюі. Вегетативтік жолмен көбею. Жыныссыз көбею. Жынысты көбею. Систематика биология ғылымы ретінде.Міндеттері және әдістері.Балдырлардың, саңырауқұлақтардың және қыналардың жалпы сипаттамасы және систематикасы. Мүктәрізділердің, плаунтәрізділердің, қырықбуындардың папоротниктәрізділердің жалпы сипаттамасы және систематикасы. Жалаңаштұқымдылар бөлімі. Тұқымды папоротниктер, саговниктер, қылқанжапырақтылар кластарының жалпы сипаттамасы және систематикасы. Жабықтұқымды өсімдіктер бөлімі. Қосжарнақтылар класы. Сарғалдақтар, раушангүлділер, бұршақ, алқа тұқымдастары Даражарнақтылар класы. Лалагүлділер, жуалар, тұқымдастары. Өсімдіктердің экологиялық топтары мен тіршілік формалары.

1.3. Пәннің мақсаты:

Мақсаты-курстың әрбір бөлімінің және ұғымдардың мазмұнын ашу. Өсімдіктердің мүшесін құрайтын элементтермен, атқаратын қызметтеріне сәйкес вегетативті және генеративті мүшелердің ішкі құрылысымен таныстыру студенттерге баяндау, оны оларға меңгерту.



1.4 Пәнді негізгі міндеттері:

Өсімдік жасушасының, ұлпаларының, вегетативті және генеративті органдарының құрылысын және қызметтерін білу;

Өсімдіктер систематикасын меңгеру;

Тиісті ботаникалық ғылыми зерттеулердің әдістерін меңгеру.



1.5. Пәнді толық өткен студент:

-Өсімдік жасушасының, ұлпаларының, вегетативті және генеративті органдарының құрылысын және қызметтерін білу;

-Өсімдіктер систематикасын меңгеру;

-Тиісті ботаникалық ғылыми зерттеулердің әдістерін меңгеру.

1.6. Курстың пререквизиті: өсімдіктану, экология, жалпы биология.

1.7. Курстың постреквизиті: өсімдіктер физиологиясы, өсімдіктер систематикасы.



2. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

№ рет саны

Дәрістердің тақырыптары және қысқаша мазмұны

Дә

ріс


Тәжірибелік

БОӨЖ

БӨЖ

Әдебиеттер

1







1

2

3

4

5

6

7







Модуль 1 Өсімдік мүшелерінің анатомиялық және морфологиялық құрылысы.







Блок 1 Өсімдік жасушасы.




1

Кіріспе. Ботаника пәні. Ботаника пәнінің мақсаты мен міндеті. Ботаниканың зерттеу әдістері. Ботаниканың даму тарихы.

1

2

1.5

4.5

1,2,3,




2.

Жасуша туралы ілімнің тарихы. Жасушаның алуантүрлілігі.Өсімдік жасушасының құрылысы мен құрам бөліктері. Жасушаның негізгі қызметтері.

1

2

1.5

4.5

1,2,3,




Блок 2 Өсімдік ұлпалары




3

Өсімдік ұлпалары. Ұлпаның классификациясы.

Түзуші, жабындық ұлпалар сипаттамасы мен құрылысы.



1

2

1.5

4.5

1,2,3,




4

Өсімдік ұлпалары. Ұлпаның классификациясы. Арқаулық және өткізгіш ұлпалар сипаттамасы мен құрылысы.

1

2

1.5

4.5

1,2,3,




Блок 3 Өсімдіктің вегетативті- мүшелері




5

Өсімдіктің вегетативті мүшесі- тамыр. Тамырдың морфологиялық және анатомиялық құрылысы.

1

2

1.5

4.5

1,2,3,




6

Өсімдіктің вегетативті мүшесі-сабақ. Сабақтың морфологиялық және анатомиялық құрылысы.

1

2

1.5

4.5

1,2,3,




7

Өсімдіктің вегетативті мүшесі-жапырақ. Жапырақтың морфологиялық және анатомиялық құрылысы.

1

2

1.5

4.5

1,2,3,




Блок 4 Өсімдіктің генеративті- мүшелері




8

Өсімдіктің генеративті органдарының морфологиялық және анатомиялық құрылысы.Гүл. Андроцей, геницей, гүлшоғыр. Жеміс, классификациясы, жемістер мен тұқымдардың таралуы.

1

2

1.5

4.5

1,2,3,




9

Өсімдіктердің көбеюі. Вегетативтік жолмен көбею. Жыныссыз көбею. Жынысты көбею.

1

2

1.5

4.5

1,2,3,







Модуль 2. Өсімдіктер систематикасы







Блок 1 Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы.




10

Систематика биология ғылымы ретінде.Міндеттері және әдістері.Балдырлардың жалпы сипаттамасы және систематикасы.

1

2

1.5

4.5

2,9




11

Саңырауқұлақтардың және қыналардың жалпы сипаттамасы және систематикасы.

1

2

1.5

4.5

2,9




12

Мүктәрізділердің, плаунтәрізділердің жалпы сипаттамасы және систематикасы.

1

2

1.5

4.5

2,5,7




13

Қырыбуындардың , папортниктәрізділердің жалпы сипаттамасы және систематикасы.

1

2

1.5

4.5

2,5,7




Блок 2 Тұқымды және гүлді өсімдіктердің жалпы сипаттамасы.




14

Жалаңаштұқымдылар бөлімі. Тұқымды папоротниктер, саговниктер, қылқанжапырақтылар кластарының жалпы сипаттамасы және систематикасы.

1

2

1.5

4.5

2,5,7




15

Жабықтұқымды өсімдіктер бөлімі.

Қосжарнақтылар класы. Сарғалдақтар, раушангүлділер, бұршақ, алаботалылар, алқа тұқымдастары, астралар тұқымдастары. Даражарнақтылар класы. Лалагүлділер, жуалар, тұқымдастары. Өсімдіктердің экологиялық топтары мен тіршілік формалары.



1

2

1.5

4.5

2,5,7



3. ПӘННІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР


Оқу үрдісіне белсенді қатысу, үй тапсырмасын ынтамен орындау, сабакта карама-карсы байланысты колдау, ұжымдық жұмыска жәрдемдесу, ұқыпты және міндеті болу қажет. Курстарыен және оқытушылармен ашық, шыдамды да, мейірімді болған жөн.

Пән барысы. Оқылатын дәрісте кейінгі ғылымның көкейтесті мәселелері, қазіргі жетістіктері мен жаңалықтары айтылады. Пәннiң әр дәрiсiнен кейiн ұсынылған сұрақтар мен тестерге жауап берiп, оған қайтаратын жауапты жинақтап қорытып, күмәндiк туса, алдын ала дәрiстен оқып, оны толық түсiнiп, дәрiске, сабаққа дайын болып келген жөн.

Тәжірибелік сабақтарды өткізуге толық нұсқаулар, ұсынылған әдебиеттерде толық берілген. Жұмысты бастамас бұрын сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтап алып, ұсынылған әдебиеттерден теориялық материалдармен танысу қажет. Электронды микроскопта препараттан зерттеп, талдап, зерделейсіздер. Жұмысты жасаған соң міндетті түрде қорытынды жазып, суретін салу керек. Оқулықтағы тақырып соңында берілген сұрақтарға жауап беру керек.
3. Тәжірибелік сабақтардың қысқаша мазмұны .

Тақырып 1. Ботаника пәні, мақсаты және әдістері.

Сабақтың мақсаты: Микроскоптың бөліктерімен танысу. Онымен жұмыс жасау ережелерін меңгеру.

1.Биоламның құрылысымен танысып, онымен жұмыс жасап, жаттығу.

2.Уақытша препарат жасаудың әдістемесін меңгеру.

3. Суретті дұрыс салу, оны альбом бетіне орналастырудың тәртіптерін игеру.

Бақылау сұрақтары:



  1. Микроскоп қандай құрал.

  2. Микроскоп қандай бөліктерден тұрады.

  3. Уақытша препараттың тұрақты препараттан айырмашылығы қандай.

Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманқұлова С. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. –Алматы, «Санат», 1998ж. (65-71бет)

Тақырып 2. Өсімдік жасушасы және оның компаненттері.

Мақсаты: Өсімдік жасушасының құрылысын зерттеу..

1.Пияздың қабыршағының эпидермисынан уақытша препарат дайындау.

2.Препаратты кіші және үлкен объективпен қарап, жасушаның пішініне, орналасуына көңіл аудару.

3.Піскен жемістің етженді бөлігінен уақытша препарат дайындау. 4.Препаратты кіші және үлкен объективпен қарап, хромопластарды көру.

5.Традесканция жапырағынан уақытша препарат дайындау. Препаратты кіші және үлкен объективпен қарап, лейкопластарды көру.

6.Қараған объектінің суретін салып, белгілеу. Қорытынды жасау.

Бақылау сұрақтары:

1.Пішініне қарай жасушаларыд қандай топқа бөлеміз.

2. Жасушаның өлі компаненттеріне нелер жатады.

3. Биологиялық универсалды мембрананың құрылысы, қасиеті қандай.

4. Ядроның атқаратын қызметі қандай.

5.Лейкопластың қызметі.

5.Хромопластың қызметі.

Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманқұлова С. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. –Алматы, «Санат», 1998ж. (72-86 бет)

Тақырып 3. Түзуші және жабындық ұлпалар. Құрылысы мен функциясы.

Мақсаты: Түзуші және жабындық ұлпалардың құрылысы мен функциясын зерттеу.

1.Сужапырақ өркенінің бой конусын жас жапырақтардан тазартып, уақытша преперат жасау.

2.Микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы өркенінің бой конусынан төбе меристемасы қабаттарының (дерматоген,периблема , плерома)орналасу ерекшеліктерін зерттеу.

3.Зерттеу барысында қабаттардағы жасушалардың көлеміне, орналасу ерекшеліктеріне көңіл аудару.

4.Дара және қос жарнақты өсімдіктердің эпидермасын зерттеп, лептесік аппаратының құрылысын қарау.

4.Сабақ бой конустарының және эпидерманың суреттерін салып, тиісті белгілерін жасау.

Бақылау сұрақтары:



  1. Ұлпа деген не.

  2. Меристеме деген не

  3. Меристема жасушаларына тәне ерекшеліктер.

  4. Лептесік құрылысы қандай.

Тақырып 4. Арқаулық және өткізгіш ұлпалар.

Мақсаты: Арқаулық ұлпа: колленхима, склеренхима, склереиданы және өткізгіш ұлпалардың құрылысы және функциясын зерттеу.

1.Асқабақ сабағы мен бегония сағағынан жасалған препараттарды микроскоп арқылы зерттеп, колленхима мен склеренхиманы тап. Колленхиманың түрін анықтап , склеренхимамен салыстыр.

Шайшөп жапырағының тұрақты препаратынан микроскоп арқылы склереид жасушаларын тауып, ерекшеліктерін сипатта. Асқабақ немесе күнбағыс сабақтарының көлденең кесіндісінің тұрақты препараттарын микроскоппен зерттеп, флоэма, ксилема, камбийді тап.

Аталған өсімдіктердің сабағының ұзын бойынан дайындалған микропрепараттан трахея түрлерін зертте.

Арқаулық және өткізгіш ұлпалардың элементтінің суреттерін салып, белгілерін жаса. Қорытынды жаз.

Бақылау сұрақтары:

1. Арқаулық ұлпаның атқаратын қызметі.

2.Склеренхима жасушаларының колленхима жасушаларынан айырмашылығы неде.

3. Флоэма мен ксилема қандай гтстологиялық элементтерден тұрады.

4. Дара және қосжарнақты өсімдіктердің сабақтары мен тамырларына қандай шоқтар тән.

5.Қандай өткізгіш ұлпалармен органикалық заттар, ал қандайымен минералды заттар тасымалданада.



Тақырып 5 Өсімдіктің вегетативті мүшесі- тамыр.

Мақсаты: Тамырдың морфологиялық және анатомиялық құрылысын зерттеу.

1. Гербарийден әр түрлі өсімдіктердің тамыр жүйесін анықта.

2. Шығу тегіне қарай тамыр түрлерін анықта.

3.Жас өскін тамырынан уақытша препарат дайындап, препараттан тамыр аймақтарын және жасушасының ерекшеліктерін қарастыр.

4.Асқабақ тамырының өткізу аймағының көлденең кесіндісінен уақытша препарат дайындап, тамырдың соңғы анатомиялық құрылымын қарау

5.Қаралған препараттардың суретін салып, белгілерін жасау.

Бақылау сұрақтары.

1. Шығу тегіне қарай тамырдың қандай түрлері бар. Тамыр жүйесі деген не.

2. Тамыр қандай аймақтардан тұрады.

3. Тамырдың алғашқы құрылысының соңғы құрылысына ауысуы қалай жүреді.

4. Тамырдың соңғы құрылысы қандай ұлпалардың комплексінен тұрады.



Тақырып 6. Өсімдіктің вегетативті мүшесі- сабақ.

Мақсаты: Сабақтың морфологиялық және анатомиялық құрылысын зерттеу.

1. Гербарийден әртүрлі өсімдіктердің сабағының түрлерін және қырлануын анықта.

2. Жүгері жен құртқашаш сабағын микроскоппен қарап, өткізгіш шоқтарды анықта және орналасу ерекшелігін қара.

3. Кирказон сабағының құрылысын зерттеп, дара жарнақты өсімдіктердің сабағының құрылысымен салыстыр. Өткізгіш шоқтардың орналасуына көңіл аудар.

4. Кирказон және жүгері сабағының құрылысын суретін сал. Қорытынды жаса.

Бақылау сұрақтары:

1. Сабақтың кеңістіктегі түрлерін ата.

2. Жертағанды сабақ деген не.

3.Бұтақтанудың қандай типтері болады.

4.Өркеннің қандай түрлері бар.

5.Өркен деген не.



Тақырып 7. Өсімдіктің вегетативті мүшесі –жапырақ.

Сабақтың мақсаты: Жапырақтың морфологиялық және анатомиялық құрылысын зерттеу.

1.Шайшөп жапырағын микроскоптың кіші және үлкен ұлғайтқышы арқылы зерттеп, ұлпалардың жапырақта орналасу ерекшеліктерін анықта. Үстіңгі және астыңғы үлпекқабат жасушаларын салыстыр.

2.Кәдімгі қарағай қылқанының тұрақты препаратын кіші ұлғайтқыш арқылы зерттей келіп, жапырақ пен қылқан құрылысы арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықта.

3.Шайшөп жапырағы мен қарағай қылқанының суреттерін салып, белгілерін қой. Қорытынды.

Бақылау сұрақтары.

1. Гетерофилия деген не.

2. Жапырақ қалай түседі. Оның мәнісі неде.

3. Жапырақ тақтасының жүйкеленуі деген не.

4.Күрделі жапырақ деп қандай жапырақты айтады.

5.Жапырақтың негізгі бөліктері.

Тақырып 8. Гүлдің морфологиясы. Андроцей. Геницей. Гүл формуласы. Жеміс.

Сабақтың мақсаты: Гүлдің және жемістің құрылысын зерттеу. Гүлшоғырлар, жеміс түрлерін анықтау.

1.Гүл бөліктерінің орналасу заңдылықтарын зерттеу.

2.Әр түрлі өсімдік гүлдерінің тостағанша және күлте жапырақшаларына, аналықтары мен аталықтарының сыртқы құрылысындағы ерекшеліктеріне талдау жасау.

3.Гербарийден әртүрлі өсімдіктердің гүлшоғырларының түрлерін ажырату.

4. Әртүрлі өсімдіктердің гүлінің формуласын және диаграммасын жазу.

4.Коллекциядан әртүрлі жемістердің түрлерін ажырату.

Бақылау сұрақтары:

1.Гүл бөліктерін ата.

2.Гүлшоғыр деген не.

2. Қосарынан ұрықтануды кім ашты.

3.Аталық қандай бөліктерден тұрады.

4. Геницей деген не.



Тақырып 9. Өсімдіктердің көбеюі.

Мақсаты: Өсімдіктердің көбею түрлерімен танысу.

1.Өсімдіктердің вегетативті көбеюі.

2. Өсімдіктердің жыныссыз көбеюі.

3. Өсімдіктердің жынысты көбеюі.

Бақылау сұрқтары:



  1. Телу деген не.

  2. Ұрпақ алмасу деген не.

  3. Гаметофит деген не

  4. Спорофит деген не.

  5. Огоонии деген не.

  6. Антеридии деген не.

Тақырып 10. Балдырлар бөлімі

Мақсаты: Балдыр құрылысындағы ерекшеліктерді зерттеу. Балдырлардың классификациясын меңгеру.



  1. Семей аймағының суқоймаларынан жиналған балдырлардың түрлерін анықтағашпен анықтау.

  2. Анықталған түрлерге сипаттама беру.

Бақылау сұрақтары:

  1. Хромотофора деген не.

  2. Көк-жасыл балдырлардың ерекшеліктері.

Тақырып 11. Саңырауқұлақтар және қыналар бөлімі.

Мақсаты: Саңырауқұлақтар және қыналар құрылысындағы ерекшеліктерді зерттеу. Саңырауқұлақтар және қыналар классификациясын меңгеру.

1.Анықтағышты пайдаланып, саңырауқұлақтардың түрлерін анықтау. 2.Анықталған түрлерге қысқаша сипаттама беру. Суретін салу.

3. Апотеци, соредий, изидий құрылымын лупамен қарау.

4.Анықтағышпен қына түрлерін анықтау.

5.Анықталған түрлерге қысқаша сипаттама беру. Суретін салу.



6.Коллекциядан қыналардың талломдарын қарау, қабаттарының суретін салу.

Тақырып 12. Мүктәрізділер және плаунтәрізділер бөлімі.

Мақсаты: мүктәрізділер және плаунтәрізділер құрылысындағы ерекшеліктерді зерттеу.

1.Анықтағышты пайдаланып мүктәрізділер және плаунтәрізділер түрлерін анықтау.



2.Анықталған өсімдіктерге сипаттама беру, органдарын суретке салу. Сипаттама мына нұска бойынша беріледі. Өсімдік-сүректі,бұта, шөптесін; қосжарнақты, даражарнақты. Тамыр жүйесі- кіндік, шашақ, түрі өзгерген. Сабағы- тік, өрмелегіш, жатаған т.б. Гүлшоғыры-масақ, сыпыртқы, т.б.. Жемісі-бұршаққын, шырынды, құрғақ т.б.
Тақырып 13. Қырыбуынтәрізділер және папоротниктәрізділер бөлімі

Мақсаты: қырықбуынтәрізділер және папоротниктәрізділер құрылысындағы ерекшеліктерді зерттеу.

1.Анықтағышты пайдаланып қырықбуынтәрізділер және папоротниктәрізділер түрлерін анықтау.

2.Анықталған өсімдіктерге сипаттама беру, органдарын суретке салу. Сипаттама мына нұска бойынша беріледі. Өсімдік-сүректі,бұта, шөптесін; қосжарнақты, даражарнақты. Тамыр жүйесі- кіндік, шашақ, түрі өзгерген. Сабағы- тік, өрмелегіш, жатаған т.б. Гүлшоғыры-масақ, сыпыртқы, т.б.. Жемісі-бұршаққын, шырынды, құрғақ т.б.

Бақылау сұрақтары:
Тақырып 14. Тұқымды өсімдіктер. Жалаңаштұқымдылар бөлімі

Мақсаты: жалаңаштұқымдылар құрылысындағы ерекшеліктерді зерттеу.

1.Анықтағышты пайдаланып жалаңаштұқымдылар түрлерін анықтау.

2.Анықталған өсімдіктерге сипаттама беру, органдарын суретке салу. Сипаттама мына нұска бойынша беріледі. Өсімдік-сүректі,бұта, шөптесін; қосжарнақты, даражарнақты. Тамыр жүйесі- кіндік, шашақ, түрі өзгерген. Сабағы- тік, өрмелегіш, жатаған т.б. Гүлшоғыры-масақ, сыпыртқы, т.б.. Жемісі-бұршаққын, шырынды, құрғақ т.б.

Бақылау сұрақтары:

Тақырып 15. Жабықтұқымды өсімдіктер. Қосжарнақтылар және даражарнақтылар класы.

Мақсаты: Жабықтұқымдылардың құрылысындағы ерекшеліктерді зерттеу.

1.Қосжарнақтылардың және даражарнақтылардың түрлерін анықтағышты пайдаланып анықтау.

2. Анықталған өсімдіктерге сипаттама беру, органдарын суретке салу. Сипаттама мына нұска бойынша беріледі. Өсімдік-сүректі,бұта, шөптесін; қосжарнақты, даражарнақты. Тамыр жүйесі- кіндік, шашақ, түрі өзгерген. Сабағы- тік, өрмелегіш, жатаған т.б. Гүлшоғыры-масақ, сыпыртқы, т.б.. Жемісі-бұршаққын, шырынды, құрғақ т.б.

Бақылау сұрақтары:


4 ПӘННІҢ форматы
Қатынасу: дәрiс, тәжірибелік сабақтарға мiндеттi түрде қатынасу керек. Егерде қандайда болмасын себептермен сiз оларға қатынаса алмасаңыз, онда барлық меңгере алмаған материалға жауапкер боласыз. Мiнез – құлық: Студент ар кодексiн: мiнез-құлық этикасын сақтауы керек. Сабаққа кешiгу кешiрiлмейтiн қылық. Сабақ үстiнде оқу тәртiбiн жиi бұзушылар дәрiсханадан шығарылып жiберiледi, немесе бүкiл курс бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағамен жазаланады. Бақылау тапсырмалары. Олар сөзсiз орындалып, белгiленген мерзiмде тапсырылуы қажет. Кешiгiп орындалған жұмыстардың бағасы өзiнен - өзi төмен болады. Межелiк бағалау: Межелiк бағалаудың қортындысы сабақ қатысуы мен үлгерiмiне, студенттердiң белгiленген мерзiмге өз бетiмен жұмыс орындауына, сабақта ауызша немесе жазбаша түрде берген жауабына, межелiк бақылау қортындысына байланысты қойылады. Көшiрiп алу және бiреудiң шығармасын толық немесе жарым-жартылай өз атымен ұрлап пайдалану: Қандай да болмасын көшiрiп алу немесе бiреудiң шығармасын толық, не жарым-жартылай өз атымен ұрлап пайдалану (басқа студенттерден дайын тапсырма және шешiмдер көшiрмесiн пайдалану) дәрiсханадан шығарумен тоқтатылады немесе «қанағаттанарлықсыз» бағамен жазаланады.
5 ПӘННІҢ саясаты
Бірігіп жұмыс істеу барысында біз келесідей тәртіпті ұстанамыз:

  • Оқытушымен студент бір-біріне сыйластықпен қарау керек.

  • Кез келген тәртіп бұзушылықтар жазаланады, ал белсенді жұмыс керісінше мадақталады.

  • Сабаққа кешікпеу және сабақты босатпау.

  • Білімді бағалау баллды-рейтингті жүйе бойынша жүргізіледі.


6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
«Ботаника» пәні бойынша балдық бағалау.

  • Кесте 2

Апта

Бақылау түрі

Балл саны

Ескерту

1

2

3

4




1-мен 7 апта аралығындағы барлық сабақ түрлеріне қатысуы

30




1

Ағымдағы бақылау







2

Ағымдағы бақылау 20 балл.

20




3

Ағымдағы бақылау 20 балл.

20




4

Ағымдағы бақылау 20 балл.

20




5

Ағымдағы бақылау 20 балл. ОӨЖ 52 балл

72




6

Ағымдағы бақылау 16 балл. ОӨЖ 52 балл.

68




7

1 аралық бақылау

70


1-мен 7 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша қорытынды баллдар

300







8-бен 15 апта аралығындағы барлық сабақ түрлеріне қатысуы

30




8

Ағымдағы бақылау 15 балл

15




9

Ағымдағы бақылау 15 балл.

15




10

Ағымдағы бақылау 14 балл.

14




11

Ағымдағы бақылау 14 балл.

14




12

Ағымдағы бақылау 14 балл. ОӨЖ 50 балл

64




13

Ағымдағы бақылау 14 балл.

14




14

Ағымдағы бақылау 14 балл. ОӨЖ 50 балл

64




15

2 аралық бақылау

70




8-бен 15 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша қорытынды баллдар

300




Емтихан бойынша қорытынды баллдар

400




Академиялық мерзгіл бойынша қорытынды баллдар

1000






7 ӘДЕБИЕТ

7.1 Негізгі әдебиет

7.1.1 Н.М.Мухитдинов, Ә.Б.Бегенов, С.С.Айдосова. Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы. Алматы. 2001ж.

7.1.2 Әметов.Ә.Ә. Ботаника. Алматы. 2000 ж.

7.1.3 Ботаника. Андреева И.И., Родман Л.С., М., 2005 г.

7.1.4 Карипбаева Н.Ш., Полевик В.В., Силыбаева Б.М., Ботаниканың оқу практикумы. Семей. 2012ж.

7.1.5 Силыбаева Б.М. Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы -2012 ж

7.1 Қосымша әдебиет

7.1.6 В.Г.Хржановский, С.Ф. Пономаренко. Практикум по курсу общей ботаники. Москва. 1989г.

7.1.7 Горышина Т.К. Экология растений. М., 1979.

7.1.8 А.Г.Еленовский.,М.П.Соловьева.,В.Н.Тихомирова., Ботаника.,Москва., 2006г.



7.1.9.Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы. 1972.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет