15-билет. Осанка. Осанканың бұзылуына әсер ететін факторлар


Қалқанша безінің құрылысы, қызметі және жас ерекшеліктері



бет5/7
Дата19.09.2023
өлшемі434,88 Kb.
#181641
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
15,16,17,18 билеттер

2.Қалқанша безінің құрылысы, қызметі және жас ерекшеліктері
Қалқанша безі барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі. Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағына орналасқан. Ересек адамдардың салмағы шамамен 30–60 г, пішіні таға тәрізді, бір-бірімен өзара байланысқан екі бөліктен тұрады.
Қалқанша безде іші шырышты затқа толы қуыстар бар. Шырышты затта тироксин гормоны, ал онда йод болады. 50 жастан ары қарай қалқанша бездің салмағы мен мөлшері кішірейеді. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы 1–2 г. Тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады; ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді; жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады.
Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «myxa» –шырыш жєне «oіdema» – ісіну) ауруына шалдығады.Аурудың белгілері: 1) ағзада зат алмасу 30–40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады; 2) терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді; 3) дене температурасы төмендейді; 4) жүрек соғысы баяулайды; 5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды, шашы түсіп, сирейді.
Жас балаларда қалқанша бездің гормоны жетіспесе, бойы өспей, жыныстық жетілуі тоқталады. Ми сығарлары қыртысының жұмысы бұзылып, ақыл-есі кем болады. Мұндай ауруды кретинизм (французша «cretіnіsme» – жарымес) дейді. Ауру асқынбаса, емдеп жазуға болады.
3.Нефрон құрылысы, қызметі және жас ерекшеліктері.
Нефрон
 (nephronum, грек, nephros — бүйрек) — бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі. Бүйректі миллиондаған нефрондар (бүйрек өзекшелері) құрайды. Нефрон — бүйрек денешігінен, проқсимальды және дистальды бөлімнен (түзу, ирек өзекшелер) тұрады. Бүйрек денешігі тамырлы және несепті бөліктерден құралған. Тамырлы бөлікті әкелгіш артериола, қылтамырлар (капиллярлар) торы және әкеткіш артериола кұрайды. Бұл бөлікке тазаланудан өтетін артерия қаны ағып келеді. Несепті бөлікті капиллярлар торы шумағын сыртынан қаптап тұратын бүйрек денешігінің қапшығы құрайды. Бүйрек денешігінің қапшығы екі қабат болып жатқан бірқабатты жалпақ эпителийден құралған. Қапшық қуысы проксимальды бөлім өзекшесі қуысымен мойын арқылы жалғасады. Бүйрек денешігінде капиллярлар шумағындағы қаннан, жоғарғы қан қысымының арқасында қан сұйығы қылтамырлар қабырғасы арқылы сүзіліп, бүйрек денешігі қуысына шығып, алғашқы несепке айналады. Алғашқы несеп құрамы жағынан қан плазмасынан айырмашылығы жоқ. Тек, оның құрамында қалыпты жағдайда протеиңдер болмайды. Алғашқы несеп нефрон бөлімдері арқылы ағып өткенде, оның құрамындағы керекті заттар (қант, керекті тұздар, су) кері сорылып, керек емес ыдырау өнімдері (аммиак туындылары, улы, бояғыш заттар, дәрі- дәрмектер) несеп құрамына шығарылып, соңғы несепке (зәрге) айналып, нефрондардан құралған жинағыш түтікшелерге шығарылады.
Бала өмірінің бірінші жылында гломерулалық сүзілу деңгейі өте төмен, сол сияқты кері сіңу және нефрон түтікшелерінде концентрация, яғни қоюлану үдерістері өте жеткіліксіз жүретіндігі дәлелденген. Осыған байланысты емшек еметін бөбектерде несеп түзілу, ересек адамдармен салыстырғанда, барлық денесінің сыртқы көлеміне шаққанда 2-3 есе артық. Бала өмірінің алғашқы айының аяғында тәулігіне 300-350 мл, ал 1-2 жас шамасында 700-750 мл, 4-5 жаста 1 литрге жуық, 10 жаста 1,5 литрге жуық несеп түзіледі. Жасалатын несеп көлемімен салыстырғанда, шығару жиі.
Жаңа туған бала несебінің құрамында белок іздері және сүт қанты болады. Мұндай физиологиялық альбуминнурия мен лактозурия себебі бүйрек қан шумақтары мен түтікшелерінің эпителий тінінің өткізгіштік қасиеті жоғары болуынан. Ересек балалардың несеп құрамында белок, қант болмайды. Ересек адамдармен салыстырғанда нәрестелердің (әсіресе алғашқы айларында) несеп құрамында мочевина, хлорид және фосфат едәуір аз болады. Бұл бүйректің иірімді түтікшелерінде кері сіңу (реабсорбция) үдерісінің өте жоғары жүруінен. Емшек еметін бөбектер несебінің құрамында хлорид он есе аз.
Бүйректің осмос және ион реттейтін қызметі баланың бірінші жылында пайда болып, қалыптасады. Бұл кезеңде ересек адаммен салыстырғанда бүйрек қатысуымен сілті-қышқыл тепе-теңдігі аз ауысады.
Бүйректің функционалдық даму жеткіліксіздігі туғаннан кейінгі алғашқы айларда байқалады: егер өте көп мөлшерде су енгізсе, судан улану пайда болуы мүмкін. Шамадан тыс ас тұзы да ісік тудырады, артық тамақтанудан қан құрамында белок алмасудың соңғы ыдырау өнімдері көбеюі мүмкін. Сонымен, ересек адам бүйрегімен салыстырғанда, жаңа туған бала бүйрегі даму ерекшелігіне байланысты гомеостазды толық қамтамасыз ете алмайды.
Қарт адамдардың бүйрегінің қызмет ерекшеліктері нашар зерттелген.
Жас ұлғайған кезеңде бүйрек кызметінің негізгі көрсеткіштері төмендейді, себебі бүйректің қанмен камтамасыз етілу жүйесі бұзылып, қан тамырлар қабырғасы өзгереді, кейбір нефрон түтікшелері өзінен-өзі жойылады. Соның нәтижесінде бірте-бірте қан шумақтарының сүзу дәрежесі, несептің қоюлануы (судың кері қарай сіңуі 30 пайызға жуық азаяды) төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет