2. Күйік, үсік әсерлері кезінде алғашқы көмек көрсету Дереу жедел жәрдем шақырыңыз, егер күйік:
* Тыныс алуды қиындатса;
* Дененің бір бөлігін ғана алмаса;
* Бас, мойын, қол білезіктерін, табан немесе жыныс мүшелерінде болса;
* Балала немесе кәрі адамда болса.
Күйік химиялық заттардан, жарылыстан немесе электр тогының әсерінен болса. Салқындату шағын күйіктер кезінде күлдіреудің алдын алады және қатты күйіктер кезінде тіндердің зақымдалуын азайтады.
- Бірінші және екінші дәрежелі күйіктер кезінде жараны салқын сумен салқындатыңыз, бірақ мұзбен емес.
- Оны таза дымқыл сулықпен жабыңыз. Ісіну пайда болғанша, зардап шегушінің сақинасын, сағатын және басқа да заттарын
шешіңіз.
Тыйым салынады :
- Күйген жерге зарарсыздандырлған немесе таза тампон- таңғыштардан басқа заттарды
тигізбеңіз.
- Мақтаны пайдалануға және күйген жерге жабысқан киімді тартуға, күйік күлдіреулерді
ашуға.
- Үшінші дәрежелі күйік кезінде жараны тазалауға (мұндай күйік кезінде зардап шегушіні
мүмкіндігінше жылдам дәрігерге жеткізіңіз).
- қандай да бір кремдерді, мазьді, сепкіштерді, тіс пастасын жағуға.
Үсуге шалдығу кезінде алғашқы көмек. Алғашқы көмек тоңуды тоқтатудан, аяқ-қолды жылыту, суыққа шалдыққан ұлпаларда қанайналымын қалпына келтіру мен инфекцияның алдын алудан тұрады.Үсуге шалдығу белгілерін байқаған кезде бірінші – зардап шегушіні жақын маңайдағы жылы жерге апару, қатып қалған аяқ киімді, шұлықты, қолғапты шешу керек.Алғашқы көмек іс-шараларын өткізумен бір уақытта
дәрігерлік көмек көрсету үшін тез дәрігерді, жедел жәрдемді шақыру қажет.
Үсіген жерлерді өңдеу: Бірінші дәрежелі үсік кезінде жоғарыдағы емшараларды орындайдыда,физиотерапиялық ем жүргізіледі.Екінші дәрежелі үсікте көпіршіктерді абайлап теседі немесе түбінен жарады, өзі жарылған көпіршіктерді алып тастайды.Асептикалық таңғыш салады.Үшінші дәрежелі үсіктерде демаркациялық сызық пайда болғанша некроз тіндерін шеттетуге бағытталыды.Некроз бойындағы тіндерді алып тастайды,жараны емдеуді ірінді жараны емдеу ережесмен жалғастырады. Төртінші дәрежелі үсікте үшінші дәреже сияұты ем алайда аяқ-қолдың некрозданған бөліктерін
ампутациялайды.Сондықтан кепкен гангренаны тосып, демаркация сызығы бойынша некрэктомия жасайды.Көлемді тері ақауын теріні тері пластикалау
арқылы жабады.Таңғыш салып иммобилизациялайды.