№15 «Әсел» бала бақшасы Жас олимпиадашылар Өткізген: Айсина Б. Е



Дата02.07.2018
өлшемі217,18 Kb.
#45539
№15 «Әсел» бала бақшасы

Жас олимпиадашылар

Өткізген: Айсина Б.Е.



Көкшетау - 2017

«Жас олимпиадашылар»

Мерекенің мақсаты: балаларға олимпиада туралы түсінік беру. Спорт түрлері туралы білімдерін арттыру, оларға спортпен шұғылданудың қажеттілігін түсіндіру. Спортқа қызығушылығын арттыру, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Құрал жабдықтар: Олимпиада жалауының 5 түсті түйінделген шығырсық бейне көрінісі; «Олимпиялық отты» жағуға арналған пъедестал; футбол добы, хоккей таяқшасы мен шайба, қақпа;скейтборд;

шаңғы.

Жүру барысы:

Жүргізуші: Бәрін бүгін шақырамыз,

Спорттық алаңға жинап,

Мерекемізді де бастаймыз,

Денсаулық күнімен құттықтап!



  • Сәлеметсіздер ме, қымбатты қонақтар ! Бүгін біздің спорттық алаңымызда « Жас олимпиадашылар» мерекесі өткізіледі.

Олимпиада ұраны әуенімен балалар шығады.

Жүргізуші: Бүгін екі топ жарысқа түседі. Ортамызға сайысқа қатысатын ойыншыларымызды шақырамыз.

-Бүгін біз сіздермен Олимпиада ойындарын өткізіп, сіздердің күшті, епті және еліміздің болашақ спортшылары болатындығына көз жеткізбекпіз және сеніміз зор.

Интерактив тақтада слайд.

-Көне Олимпиада ойындары Грекияның Олимп тау сілемдерінде өткізіл-гендіктен солай аталған. Алғашқы Олимпиада ойындарында жалғыз

спорт түрі ғана болған. Ол кейіннен Марафон аталып кеткен қашықтық-қа жүгіру.

Олимпиада ойындары немесе Олимпиада  төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс.

1924 жылы жазғы ойындарымен қатар қысқы Олимпиада ойындары да өткізіле бастады.Олимпиада ойындарын ашу рәсімінде Олимпиада алауын арнайы құбырда жағады. Олимпиада алауы олимпиадалық ойындардың басталуы, ашылуының символы болып, олимпиядалық ойындардың аяқталуына және салтанатты жабылуына дейін жанып тұрады.

Олимпиада ойындарының ұраны — "тезірек, жоғарырақ, күштірек".

Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі олимпиада жеңімпаздары:(слайд)

1. Бекзат Саттарханов ,Василий Жиров,Серік Сапиев – бокс

2 Ольга  Шишигина , Ольга Рыпакова , Ермухан Ибраимов – жеңіл атлетика

3. Владимир Смирнов — шаңғы

4. Болат Жумадилов — күрес

5. Александр Винакуров – веложарыс

6. Майя Манеза ,Зульфия Шиншанло , Светлана Подобедова ,

Илья Ильин – ауыр атлетика.


  • Олимпиада рәміздеріне ту (Олимпиада сақиналары), әнұран, ант, ұран, медаль, от, зәйтүн бұтағы, тұмар, эмблема және отшашу жатады. 

  • Бүгінгі біздің Олимпиадамыз қысқы және жазғы емес бізде отбасылық кіші олимпиада.

  • Сап түзендер! Тік тұр! Олимпиядалық ту мен отты кіргізуге болады!

Екі бала ту мен отты кіргізеді .Олимпиада отын жағады.

-Кіші отбасылық Олимпиадамызды ашық деп жариялаймыз !

Жүргізуші :Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Акишева Г.С.- орыс тілі мұғалімі
Шайрахметова А. О.- медбике

Искакова Б.Ж.- психолог

Бүгінгі сайысымыздың түрлерімен таныс болыңыздар
1-кезең «Таныстыру»
2-кезең «Жарыс түрлері»
3-кезең «Олимпиада викторинасы»
4- кезең «Музыкалық үзіліс»
5-кезең «Марапаттау»

Әр команда өздерінің топтарын таныстырып ұранын айтады.



1 – топ «Барыс»
Барыс – топтан қалмай жарыс, Ура!

2 – топ «Сұңқар»
Көк аспанда қалықтап
Сұңқар тобы тек алға.
Шарықтай бер, шарықта!

Жүргізуші: Бақшада бүгін басталған
Дайын бол жарысқа
Жүгір, секір қалыспа,
Бір - бірінен жарыста

Жарыс түрлері:
1.Эстафеталық ойын: «Футбол » Ойынның шарты:

Ересектер футбол добын аяқпен теуіп кедергілер арасынан алып өту,

балалар қолдарына ұстап жүгіреді.

2.Эстафеталық ойын: «Хоккей» Ойынның шарты:

Шайбаны кедергілер арасынан алып өтіп, қақпаға еңгізу.



3.Эстафеталық ойын: «Шаңғы жарысы» Ойынның шарты:

Шаңғыны аяққа киіп жүгіру, кеглиды айналып басқа баламен ауысады.



Викторина

1)Олимпиада жалауда не бейнеленген?

5 түсті шығыршық.



2) Жалаудағы 5 түсті шығыршық нені бейнелейді?

Көк түс- Еуропа, Сары түс –Азия, қара- Африка, жасыл- Австралия және қызыл түс –Америка.



3)Қандай Олимпиадалық ойындарды білесіңдер?

Жазғы және қысқы Олимпиадалық ойындар.



4) Жазғы Олимпиадалық ойындарға қандай ойын түрлері жатады?

Жеңіл атлетика, судағы спорт түрлері.



5) Қысқы Олимпиадалық ойындарға қандай ойын түрлері жатады?

Хоккей, тау шаңғы спорты, биатлон,конькимен сырғанау, шаңғы жарысы.



6)Олимпиада ойындарының ұраны

 "тезірек, жоғарырақ, күштірек".



4.Эстафеталық ойын: «Скелетон» Ойынның шарты:

2 бала скейтбордқа жатып қарсы тұрған өз тізбегіне қарай «малтай» жылжып барады, кері қайтарда басқа баламен аусады.

Ересектер скейтбордтың үстіне отырып жүреді, кері қайтарда жүгіріп келеді.
5.Эстафеталық ойын: «Биатлон» Ойынның шарты:

Ойыншы шаңғыны аяққа киіп жүгіру, қолына қарды алып себетке лақтырады.



6.Эстафеталық ойын: «Бобслей» Ойынның шарты:

Капитандары шеңберге кіріп кеглиды айналып жүгіріп барып

1 ойыншыны алады да бірге жүгіріп қайтады.

7.Эстафеталық ойын: «Баскетбол » Ойынның шарты:

Допты бір қолымен жүргізу, қайтарда қолдарына ұстап жүгіру.


Жүргізуші: Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы жетіп таянар
Дені сау, мықты, епті, ақылды
Спорт сүйгіш боп өсіңдер, балалар!
Мінеки балалар, бүгінгі сайысымыздың соңына да келдік.
- Сендерге ойындар ұнады ма?
Жарайсыңдар, балалар!

Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті.

Әділ қазылар алқасы бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап болғанша әсем ән тыңдай тұрайық.

Музыкалық үзіліс. Ән : «Тамшылар»

Әділқазылар төрағасы сөз алып, балалардың жетістіктерін жариялап, марапаттау рәсімін жүргізеді. Осы Олимпиадалық ойында «Достық» жеңгендігін жариялайды.

«Толағай» әуенімен балалар шығып айнала жүреді.



Жүргізуші: Бүгінгі «Жас олимпиадашылар» деп аталатын мерекелік шарамызды жабық деп жариялаймыз ! Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет