159. Орталык жүйке жүйесінің жоғары бөлімдері түскен мэліметтерге байланысты, реттелу тетіктеріне өте күрделі гормондык тізбеқті (гипофиз, бүйрскүсті безі т б. бездер) косып бүйрек кызметін қамтамасыз етеді



Дата02.09.2022
өлшемі13,89 Kb.
#148616
түріҚұрамы
Байланысты:
Меруерт 159


159. Орталык жүйке жүйесінің жоғары бөлімдері түскен мэліметтерге байланысты, реттелу тетіктеріне өте
күрделі гормондык тізбеқті (гипофиз, бүйрскүсті безі т. б. бездер) косып бүйрек кызметін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде бүйрек өзінің шығару функциясын орындап гомеостазды камтамасыз етеді. Бүйректе гипоталамус мен гипофиз әсері арқылы антидиурездік гормон (АДГ) бөледі. Бүл гормон рефлекстік тетік қатысуымен бүйректе несептің жасалуын жэне оның құрамын реттейді. Қанға шамадан тыс көп тұз бөлінсе, қанның осмостық қысымы жоғарылайды, соның салдарынан гипоталамустағы осморецепторлар тітіркенеді. Ондағы сигналдар супраоптикалық жэне паравентрикулярлық ядросына беріледі де, АДГ жасалуын көбейтеді. Гипофиздің артқы бөлімінен канга АДГ көп мөлшерде түседі де, несеп жинайтын түтік нефрондарында кері сіңуді күшейтіп, суды ұстап калады. Соның нәтижесінде көлемі аз, бірақ қүрамында тұзы көп несеп жасалады да организм артык тұзды несеппен шығарып, қажетті суды сактап қалады. Егер де организмге мөлшерден тыс артық су енгізілсе, канның осмос кысымы төмендейді. Мұндай жағдайда осморецепторлардың тітіркенуі нашарлап, АДГ бөлінуі рефлекстік жолмен төмендейді, ал ол диурезді жогарылатып, организм артық судан құтылады, қанның осмос қысымы калыпты жағдайына келеді. А.Г. Гинецинскийдің көрсеткіштері бойьшша, АДГ гиалуронидаза ферментінің белсенділігін арттырады, ал ол жинагыш түтіктердің жасушааралык заты гиалурон қышқылын ыдыратып, деполимеризациялайды. Соның нэтижесінде жинағыш түтіктердің қабырғасы суды жаксы өткізеді. Патология жагдайында, әсіресе гипоталамус-гипофиз жүйесінің дисфункциясында АДГ бөлінуі едәуір төмендейді. Мүндай жағдайда жинайтын түтіктерде судың кайта сіңуі күрт төмендеп, тәуліктік диурез 20-25 л жетуі мүмкін. Бүл қантсыз диабет ауруында байқалады. Бүйректің несеп жасалу қызметіне баска да гормондар әсер етеді.
Адреналин қанды алып кететін артериолаларды тарылтып. шумак нефрондарында сүзілу кысымын жогарылатып, кәдімгі диурезді көбейтеді. Адреналин дозасы коп болса, несеп жасалуды едәуір төмендетеді, тұздардың шыгарылуын жоғарылатады, эмоция уакытында АДГ бөлінуін төмендетеді. Бүйрек қызметіне, бүйрекүсті безінін гормондары да әсер етеді. Қабык кабаты бөлетін альдостерон, дезоксикартикостерон т.б. гормондар натрийдың. судың кері сіңуіне, ал калийдің шыгуына жәрдемдеседі. Көпшілік кортикостерон гормондары айкын дизурияга (несен коп жасалып, шығарылуы) әкеледі.
Гипофиздің алдыңгы бөлімінің соматотропты гормоны, организмдегі , жалпы зат алмасу дәрежесіне эсер ету аркылы диурезді көбсйтеді.

Дассимиляцияның, органикалық заттардың көпшілігі шумақтағы сүзілуді көбейтеді. Тироксин де бүйрекке осындай әсер етеді. Инсулин жасушааралық кеңістікте судың үсталуына әсер етеді, ал ол олигурияга әкеліп соғуы мүмкін.


Диабет уақытында байқалатын полиурия (несеп коп болінуі) зат алмасудың және ауру адам организміндегі сүйык ортанын осмос кысымының өзгерістеріне байланысты.
Жыныс гормондары бүйректегі сүзілу, кері сіңу үрдістеріне әсер ету аркылы судың және натрий түзының организмде ұсталып қалуына жагдай жасайды.
Бүйректің несеп жасалуының реттелуі, организмнің басқа қызметтері сияқты, тек қана кыртыс қабатасты және гормондык тетіктерге байланысты емес. Бүл үрдіс мидың қыртыс кабатының катысуымен шартты рефлекстік жолменен реттеледі. Адамға гипноз арқылы суды өте көп іштің деп сендірсе, несеп шығарылуы күрт көбейеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет