№16 Зертханалық жұмыс Берилий, магний, сілтілік-жер металдары және олардың қосылыстары


Күкірт қышқылы өнеркәсібінде пайдаланылатын шикізат



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата20.09.2024
өлшемі1,07 Mb.
#204750
1   2   3   4
Байланысты:
4 дәріс.Күкірт қышқылын өндіру..

Күкірт қышқылы өнеркәсібінде пайдаланылатын шикізат
Күкірт табиғатта көбінесе сульфидтер мен сульфаттар құрамында
болады. Ең көп таралған сульфит: «пирит», немесе «күкірт колчеданы»
FeS
2
. Іс жүзінде ондағы күкірт мөлшері – 53,46 %. Табиғи колчедан
құрамында әрдайым мыстың, мырыштың, қорғасынның, күшәнның,
сүрменің күкіртті қосылыстары, әртүрлі күкірт қышқылды және
көмірқышқыл тұздары, кварц, силикаттар және т.с.с.с болады.
Қоспалар кейде күкірт мөлшерін 36 %-ға дейін төмендетеді.
Егер өндірілетін пирит құрамындағы түсті металл сульфидтерінің
мөлшері аз болса және бұл металдарды қайта өңдеу экономикалық
тиімсіз болса, онда пирит кесектер немесе ұсақ бөліктер (кәдімгі
теміртас) түрінде тікелей күкірт қышқылы зауытына келіп түседі.
Кесек колчеданды, оның ұсақ бөліктерінен ажыратқаннан кейін
електерде уатады, ал содан кейін уатқыштарда кесектерінің өлшемі 6-
10 мм-ге дейін ұсақтайды.


Күкірт ең бағалы шикізат болып табылады, өйткені ол іс жүзінде
толығымен күкіртті газға айналады.
Басқа өндірістердің қалдықтары да аса маңызды болуда. Бұл,
біріншіден, түсті металл концентраттарын күйдіргенде пайда болатын
және құрамында 4-8 % күкірті бар түсті металлургия пештерінен
шығатын газдар. 1 т мысты қорытқанда газдардан 10 тоннадан астам
күкірт қышқылын алуға болады. Осы ретте қолданылатын шикізатты
кешенді пайдалану әдісі өндірісті құрамдастыру қажеттігіне әкеледі:
түсті
металлургия
зауытына
көршілес
территорияда
күкірт
қышқылын өндіретін зауыт орналасады және олар бірігіп химия-
металлургиялық комбинат құрастырады.
Басқа бір қалдық – күкіртті сутек (жанар газдардан кетіріледі және
сіңіргіш ерітіндіден бөлінеді) күкірт қышқылына «дымқыл катализ»
әдісімен қайта өңделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет