Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
Тест құрылымы:
- 1 - 9 тест тапсырмалары – Қазақ тілі пәнінен;
- 10 - 16 тест тапсырмалары – Әдебиет пәнінен.
1. Ауыспалы мағынадағы сөзді табыңыз.
A) Биік тау
B) Суық көңіл
C) Жылы киім
D) Кітап оқу
E) Мектепке бару
|
2. Тұрақты тіркестерден өзара синоним болып келген қатарын көрсетіңіз.
A) Аузы аузына жұқпау, жұмған аузын ашпау.
B) Бетінен оты шықты, беті бүлк етпеді.
C) Жаны мұрнының ұшына келу, жаны құмар.
D) Дүние есігін ашу, дүниеден өту.
E) Азар да безер болды, ат-тонын ала қашты.
|
3. Буынның барлық түрлері бар мақалды анықтаңыз.
A) Ұлық болсаң, кішік бол.
B) Өнерлі өрге жүзер.
C) Асыл сөз гауһардан қымбат.
D) Айтпас жерде тіліңді тарт.
E) Ақылсыздың сөзі дәмсіз.
|
4. Тоғыспалы ықпалды белгілеңіз.
A) Ала қап, көп бала.
B) Шайтанкөл, тасжарған.
C) Сабағым, жабады.
D) Жыланқұрт, қара ала.
E) Сары ала, боз жирен.
|
5. Тоғыспалы ықпалы бар мақалды табыңыз.
A) Көшбасшысы жоқ болса,ел оңбайды.
B) Қожаның көңілі құртқа шабады.
C) Балаға жұғыспа, пәлесі жұғады
D) Ырысжан – Досжанның ұстазы.
E) Кітаптардың Кітабы – Құран
|
6. Табыс септігінің жалғауы бар сөйлемді белгілеңіз.
A) Адам қартайса да, көңіл қартаймайды.
B) Өлімнен ұят күшті.
C) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
D) Анасынан сағынышты хат келді.
E) Қызықты әңгіме оқыды.
|
7. Тұйық етістік қабылдамайтын жалғау түрін анықтаңыз.
A) Жіктік
B) Септік
C) Барлық жалғаулар
D) Тәуелдік
E) Көптік
|
8. Етістікті сөз тіркесін белгілеңіз.
A) Баланың қуанышы.
B) Бейбіт өмір.
C) Жұмысты жандандыр.
D) Спорттық ойын.
E) Тыныш ауыл.
|
9. Автор сөзінің алдында келген төл сөзді табыңыз.
A) «Қазақ тілі – бай тіл, оралымды, ырғақты тіл», – деді сөз зергері
Ғ.Мүсірепов.
B) А.Байтұрсынов: «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры», – деді.
C) Елбасы өз жолдауында қазақ қазақпен қазақша сөйлеуі қажеттігін
баса айтты.
D) Ұлттық руханиятымыздың өзегі тіл екендігін Ә.Кекілбаев айтты.
E) С.Сейфуллин былай деген: «Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбас».
|
10. Омоним болатын сөзді табыңыз.
A) Жүз
B) Бару
C) Жігіт
D) Кітап
E) Бидай
|
11. Алпамыс батырдың ұлы.
A) Жәңгір.
B) Айбас.
C) Кейқуат.
D) Көкенай.
E) Жәдігер.
|
12. Ы. Алтынсариннің отырықшылыққа, егіншілікке үгіттеген әңгімесін табыңыз.
A) «Әке мен бала»
B) «Бай баласы мен жарлы баласы»
C) «Қыпшақ Сейітқұл».
D) «Талаптың пайдасы».
E) «Атымтай Жомарт».
|
13. «Манас» жырын алғаш рет баспаға ұсынып, орыс ғалымдарына таныстырған ағартушыны көрсетіңіз.
A) М.Әуезов
B) Ш.Уәлиханов
C) А.Құнанбаев
D) М.Мағауин
E) Ы.Алтынсарин
|
14. Ж.Жабаевтың өлеңін анықтаңыз.
A) «Өтеген батыр».
B) «Жаз».
C) «Сұраншы батыр».
D) «Күз».
E) «Шағым».
|
15. Ж.Молдағалиевтің жыр жинағын көрсетіңіз.
A) «Шолпан».
B) «Тырналар».
C) «Қыран дала».
D) «Өткен күндер».
E) «Бұлбұл».
|
16. Жыр жолдарындағы метафораларды табыңыз.
Таудан мұнартып ұшқан тарланым,
Саған ұсынсам қолым жетер ме?
Арызым айтсам өтер ме?
Арыстаным, көп болды-ау,
Саған да менің арманым! (Махамбет).
A) Арманым, арызым.
B) Ұсынсам, айтсам.
C) Мұнартып ұшқан.
D) Тарланым, арыстаным.
E) Жете ме, өтер ме.
|
Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
Тест құрылымы:
- 17 - 24 тест тапсырмалары – Қазақ тілі пәнінен;
- 25 - 30 тест тапсырмалары – Әдебиет пәнінен.
17. Ауыспалы мағыналы тіркес(-тер)
A) баланы ояту
B) алтыбақан тербету
C) төсектен тұрғызу
D) орнынан тұрғызу
E) бесікті тербету
F) сананы ояту
G) жүректі тербету
H) ұйқыдан ояту
|
18. Қатаңнан ұяңға айнала алатын дауыссыз(дар)
A) к
B) г
C) м
D) з
E) х
F) в
G) д
H) ж
|
19. Тіркесті сын есімдер қатары
A) қызыл күрең, ақ сары
B) үш жүз, ат жақты
C) спорт үйірмесі, күзге қарай
D) ала жаздай, балалық шақ
E) ұзын бойлы, қара торы
F) қызыл сары, қара көк
G) екі жүз отыз, кешке қарай
H) күні бойы, жазға салым
|
20. Қысқарған сөздер қатысқан сөйлемдер
A) Олар Америкадан іссапардан келді.
B) Педколледжге құжаттарын тапсырды.
C) Алаша хан күмбезі бой көтерді.
D) Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі ашылды.
E) Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді.
F) ШҚМУ-ға оқуға түскендер саны көбейді.
G) Арман «ТУ-154» ұшағымен ұшып келді.
H) Қожа Ахмет Йасауи мазары үлгісінде екен.
|
21. Жіктеу есімдігі арқылы матаса байланысқан сөйлем(дер)
A) Сөйтіңдер, құлыншақтарым, көздің жазықсыз жасы ауыр тиіп жатыр.
B) Сіздің балаңыздан әже тәрбиесін алғаны көрініп тұр.
C) Ата-баба жері Африканың қай қиырында қалғанын білмейді.
D) Бас жүлде үшін сайысқа түскен сыныптағы өзіміздің оқушылар еді.
E) Қазақ халқы бие сүтінің қасиетін ертеден білген.
F) Бие ұстап, қымыз ішсе, қаншама аурудың алдын алар еді.
G) Екі лақтың бірі аппақ екен.
H) Қасқыр жалт бұрылып, атжал құмның тасасына түсіп кетті.
|
22. Күрделі етістіктердің жасалуы
A) бір ғана сөзден құралады
B) етістіктің септелуі арқылы
C) атқаратын қызметі бірнешеу
D) бір ғана мағынаны білдіреді
E) бір ғана сөйлем мүшесінің қызметінде
F) есім сөздердің тіркесуі арқылы
G) зат есімнің тіркесуі арқылы
H) екі немесе бірнеше сөзден құралады
|
23. Жанаса байланысқан сөз тіркестері
A) бәріміз барамыз
B) ештеңесін аямады
C) бүгін айтамын
D) аппақ киіз үй
E) шанамен келді
F) кештете келді
G) кейін шегінді
H) қызықты оқиға
|
24. Іс қағаздар стилінің түрлері
A) мінездеме
B) эссе
C) үндеу
D) түсінікхат
E) әңгіме
F) бұйрық
G) роман
H) перифраз
|
25. «Оғыз қаған» жырындағы Оғыздың анасы
A) Айсұлу
B) Айғаным
C) Ханзада бегім
D) Рабиға сұлтан
E) Айқаған
F) Тілек сұлтан
G) Ай бегім
H) Күнқаған
|
26. М.Мөңкеұлының «Үш қиян» толғауында сөз болған жер-су атаулары
A) Маңғыстау аңғары
B) Ақсу, Лепсі, Жайық
C) Ұлытау аймағы
D) Атырау аңғары, Ойыл
E) Есілдің сағасы, Ертіс
F) Батыс Қазақстан өлкесі
G) Қиыл, Жем, Сағыз
H) Орталық Қазақстан өлкесі
|
27. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясының кейіпкерлері
A) Көкенай
B) Жуантаяқ
C) Абыз
D) Әнет
E) Маман
F) Қамқа
G) Жарасбай
H) Есен
|
28. Жамбылмен айтысқа түскен ақындар
A) Мұрат
B) Айкүміс
C) Құлманбет
D) Сара
E) Шашубай
F) Біржан
G) Түбек
H) Омарқұл
|
29. Х.Есенжановтың И.Тургеневтен аударған аударма(лар)ы
A) «Ақсүйектер»
B) «Тынық Дон»
C) «Отелло»
D) «Адамның анасы»
E) «Азапты сапарда»
F) «Рудин»
G) «Алтын әтеш»
H) «Көк адыр»
|
30. М. Дулатовтың қай шығармасынан
«Бір сенсің ғашық отын сөндіретін,
Кім бізді ықтиярсыз көндіретін»
A) «Терме»
B) «Қирағат кітабы»
C) «Азамат»
D) «Қазақ қалпы»
E) «Оян, қазақ!»
F) «Шағым»
G) «Бақытсыз Жамал»
H) «Қазақ жерлері»
|