1612 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2017



Дата26.06.2018
өлшемі68,73 Kb.
#45161


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ



СҰРАҚ-КІТАПШАСЫ
1612 - НҰСҚА

Аты-жөні ___________________________________________________________


Қала (Облыс) _______________________________________________________
Аудан ______________________________________________________________
Мектеп ______________________________Сынып _________________________
Талапкердің қолы _____________________

2017
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ


Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».

Тест құрылымы:

- 1 - 9 тест тапсырмалары – Қазақ тілі пәнінен;

- 10 - 16 тест тапсырмалары – Әдебиет пәнінен.

1. Синонимі бар қатарды белгілеңіз.

A) Қар мен жаңбыр, жел мен боран кезектесіп тұратын мекен.

B) Қат, мұқтаж, зәру адамдарға көмектесу – әр адамның борышы.

C) Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең.

D) Маңайындағы бірі көңілді, бірі қапалы жүздерге таңдана қарады.

E) Үлкеннің алдын кеспе, сөзін бөлме.


2. Көп мағыналы сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.

A) – Мәселенің төркіні осы еді, - деп сөзін аяқтады.

B) Олар көп күтті.

C) Ақсақалдар өзара әңгімелесіп кетті.

D) Анам жұмысқа кетті.

E) Біз бәріміз кеш келдік.



3. Е дыбысына қатысты қатарды белгілеңіз.

A) Ашық, езулік, жуан.

B) Қысаң, еріндік, жіңішке.

C) Қысаң, езулік, жіңіщке.

D) Ашық, езулік, жіңішке.

E) Ашық, еріндік, жіңішке.



4. Кейінді ықпалды табыңыз.

A) Көрікбай, Егінбай.

B) Шайтанкөл, Екібастұз.

C) Жанбатыр, Жақыпбек.

D) Қартқожа, Досбол.

E) Есенбай, Жанболат.



5. Тоғыспалы ықпалы бар мақалды табыңыз.

A) Ырысжан – Досжанның ұстазы.

B) Қожаның көңілі құртқа шабады.

C) Көшбасшысы жоқ болса,ел оңбайды.

D) Балаға жұғыспа, пәлесі жұғады

E) Кітаптардың Кітабы – Құран



6. Қосымша жалғанған сөздері бар сөйлемді табыңыз.

A) Мұражайға балабақшадан балалар келді.

B) Біз телефон арқылы сөйлестік.

C) Мектеп таза, әдемі әрі жарық.

D) Арна жақсы оқиды.

E) Смағұл ерте келді.



7. Бұйрық райлы етістікті белгілеңіз.

A) Инең болса – иінің бүтін.

B) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

C) Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені.

D) Жақсы адам жолдасынан танылар.

E) Армансыз адам алысқа бармас.



8. Дара есімдігі бар қатарды табыңыз.

A) Қайсыбір, қандай?

B) Әлденеше, біраз.

C) Ешқайсысы, анау.

D) Ешкім, бұл.

E) Күллі, барша.



9. Мақсат пысықтауышты белгілеңіз.

A) Көздері өздігінен түйісіп қалып, төмен қарап кетті.

B) Жейдебай сапалы білім алу үшін осында ауысты.

C) Ол Ерейменнің етегінде жарты айға жуық жүрді.

D) Мұғалім өлеңді нақышынан келтіріп оқып берді.

E) Ол кез келген жұмысты жауапкершілікпен орындайды.



10. Бітеу буынды тіркесті табыңыз.

A) Орманды алқап.

B) Теңіз түбі.

C) Бұлтсыз күн.

D) Күйшінің домбырасы.

E) Таулы жер.



11. Тұрмыс-салт жырының түрі

A) тойбастар

B) мақал-мәтел

C) айтыс


D) аңыз

E) ертегі



12. Махамбет қай ханның тұсында өмір сүргенін белгілеңіз.

A) Тәуке хан

B) Әбілқайыр хан

C) Абылай хан

D) Жәңгір хан

E) Жолбарыс хан



13. Шоқан Уәлихановтың зерттеу еңбегінде Орынбай, Шөже, Жанақтармен қай ақынның есімі келтірілетіндігін көрсетіңіз.

A) Мағжан.

B) Ақан сері.

C) Мағауия.

D) Ілияс.

E) Нұрымбай.



14. С. Мұқановтың «Адасқандар» романы өңделіп, толықтырылғаннан кейін қандай атпен шыққандығын белгілеңіз.

A) «Ботагөз».

B) «Махаббат, қызық мол жылдар».

C) «Ерлі-зайыптылар».

D) «Ғашықтар».

E) «Мөлдір махаббат».



15. «Аспан, жердің арасын

Дәрігер қыс алуда.

Табиғаттың жарасын

Ақ дәкемен таңуда» үзінді кімнің қай шығармасынан екенін көрсетіңіз.

A) С.Мәуленов «Менің республикам»

B) Ә.Сәрсенбаев «Туған жер»

C) Ф.Оңғарсынова «Оюлар»

D) М.Мақатаев «Анау – аспан, мынау – бақ»

E) М.Шаханов «Нарынқұм зауалы»



16. «Ассонанс» анықтамасына сәйкес қатарды белгілеңіз.

A) Бір затты басқа затпен салыстыра суреттеу.

B) Бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау.

C) Бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау.

D) Заттың айрықша сипатын анықтау.

E) Бүтіннің орнына бөлшекті қолдану.



Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».

Тест құрылымы:

- 17 - 24 тест тапсырмалары – Қазақ тілі пәнінен;

- 25 - 30 тест тапсырмалары – Әдебиет пәнінен.

17. Ауыспалы мағыналы сөз(дер)

A) қымбат зат

B) қымбат сезім

C) қымбат ойыншық

D) қымбат уақыт

E) қымбат тас

F) қымбат киім

G) қымбат адам

H) қымбат ыдыс



18. Бірыңғай қысаң дауыстылар қатысқан қатар(лар)

A) сыртқы, құлып

B) орын, темір

C) ішкі, түскі

D) оқалы, анық

E) дүрбі, ыстық

F) күрке, төскей

G) жазғы, елес

H) емдік, астық


19. Бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз қос сөздер

A) түйе-мүйе

B) жүн-жұрқа

C) ат-мат

D) ет-мет

E) оқта-текте

F) келін-кепшек

G) жігіт-желең

H) ығы-жығы


20. Жұрнақ анықтамасы

A) көптік мағына береді

B) мезгілдік мағына береді

C) қосымшаның бір түрі

D) жақтық мағына береді

E) тәуелділік мағына береді

F) жаңа лексикалық мағына береді

G) сөз мағынасын өзгертеді

H) сөз бен сөзді байланыстырады


21. Зат есімнен болған историзм

A) сота


B) бекет

C) дәріс


D) сүзгі

E) жебе


F) ағза

G) үлескі

H) адырна


22. Баяндауыш сын есімнен болған сөйлем.

A) Әбіштің қоңырқай тартқан, тотыққан жүзі қызарып кетті.

B) Екі иығына, омырауына мұп-мұздай қорғасын тамшылар тамып-тамып кетеді.

C) Арқаға аты шыққан, Орта жүзді асыл саз, әсем әнмен ұйытқан Біржан сал.

D) Көшкен бұлттай шұбалып, ғасырлар да өтіпті.

E) Толық айдың сүтіне шомылған түнгі дала тыныштықта тұр.

F) Солардың ішінде аса көрнектісі-қос ішекті домбыраны безілдетіп отырған нұрлы жігіт.

G) Ақанға тиісем деп, сыбағасын алған қожалардың өңі сұп-сұр.

H) Бусанған қара жер асыл жібек жамылған сұлу келіншекше жасарған.


23. Cөйлемдегі сызықшаның қойылу себебі. Бар қолынан келетіні – тапжылмай отыру

A) бастауыш зат есім, баяндауыш есімше

B) бастауыш тұйық етістік, баяндауыш зат есім

C) бастауыш зат есім, баяндауыш тұйық етістік

D) бастауыш сілтеу есімдігі, баяндауыш зат есім

E) бастауыш жіктеу есімдігі, баяндауыш зат есім

F) бастауыш та, баяндауыш та зат есім

G) бастауыш есімше, баяндауыш тұйық етістік

H) бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен


24. Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілер

A) көп нүкте

B) жақша

C) тырнақша

D) үтір

E) сұрау белгісі



F) нүкте

G) қос нүкте

H) нүктелі үтір


25. «Қорқыт ата» кітабына сәйкес мәлімет(тер)

A) қырықтан астам хикаядан тұрады

B) ескерткішінің көшірмесі Монголиядан елімізге әкелінді

C) қарасөзбен жазылған 12 жырдан тұрады

D) руналық жазулар деп аталады

E) алғаш рет XX ғасырда хатқа түскен

F) Қазан бектің ел қорғаған ерлігін жырлайды

G) Күлтегін ерліктерін сипаттайды

H) Тоңұқұқ жырау ерліктерін суреттейді


26. Біржан Қожағұлұлы ән шығарған Абайдың өлең(дер)і

A) «Өлсем орным қара жер...»

B) «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»

C) «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын»

D) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»

E) «Жазғытұрым»

F) «Адамның кейбір кездері»

G) «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»

H) «Құлақтан кіріп бойды алар»


27. С. Мұқановтың қазақ әйелі туралы жазылған шығарма(лар)ы

A) «Раушан»

B) «Балбөпе»

C) «Маржан»

D) «Айша»

E) «Рәзия»

F) «Құпия қыз»

G) «Мақпал»

H) «Танакөз»


28. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы әйелдер бейнесі

A) Салтанат

B) Қатша

C) Мамыр


D) Айтбала

E) Керімбала

F) Салиқа

G) Еңлік


H) Жамал

29. Ж.Молдағалиевтің өзара үндес шығарма(лар)ы

A) «Махаббат ерлігі»

B) «Қыран дала»

C) «Жесір тағдыры»

D) «Аққу»

E) «Жыр туралы жыр»

F) «Ғашық көзбен»

G) «Өлкем жайлы ойласам»

H) «Мен – қазақпын»





30. Т.Айбергеновтің алғашқы өлеңдер жинағы

A) «Менің Қазақстаным»

B) «Қанат туралы толғау»

C) «Өмірге саяхат»

D) «Жас дәурен»

E) «Қанат туралы толғау»

F) «Жыр туралы жыр»

G) «Жамандықты көрмесем»



H) «Арман сапары»


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет