Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
Тест құрылымы:
- 1 - 10 тест тапсырмалары – Қазақстан тарихы пәнінен;
- 11 - 20 тест тапсырмалары – Дүние жүзі тарихы пәнінен
1. Шығыс Африкада Олдувэй шатқалында табылған ең алғашқы адам:
A) Саналы адам
B) Үңгір адамы
C) Қытай адамы
D) Епті адам
E) Тік жүретін адам
|
2. Сарматтар өмірінде әлеуметтік теңсіздік болғандығының дәлелі:
A) Жазба деректер
B) Ертегілер
C) Халық аңыздары
D) Археологиялық ескерткіштер
E) Тастағы таңбалар
|
3. Найман мемлекетінің орталығы болған қала:
A) Балықты
B) Талхир
C) Қоялық
D) Ілебалық
E) Күлтөбе
|
4. Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі аталды:
A) Съезд
B) Мәжіліс
C) Кеңес
D) Жиналыс
E) Құрылтай
|
5. Ноғай Ордасының орталығы:
A) Отырар
B) Сауран
C) Сарайшық
D) Түркістан
E) Сығанақ
|
6. Қалан cалығының мағынасы:
A) жер көлеміне байланысты егіншілерге салынады
B) мұқтаж адамдар үшін мешітке беретін салық
C) балықшыларға салынады
D) еңбекке жарамды адамдар табысынан алынады
E) еңбек құралын пайдаланғаны үшін алынатын салық
|
7. XIX ғасырдың бірінші ширегінде Қазақстанның шығысындағы Қытаймен сауда байланысындағы орталыққа айналған бекініс:
A) Орал
B) Өскемен
C) Торғай
D) Орынбор
E) Верный
|
8. КСРО-да саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық өмірдегі дағдарысқа ұшырау себептеріне талдау жасалынды:
A) 1993 жылғы заңда
B) 1985 жылғы XXV сьезде
C) 1990 жылғы ІІ сьезде
D) 1989 жылғы І сьезде
E) 1995 жылғы референдумда
|
9. 1362 жылдың тамыз айы. Италияның оңтүстігіндегі әсем қала Венециядағы қасиетті храмдардың бірі Әулие Марк ғибадатханасына Қайта өрлеу дәуірінің атақты ақыны Петрарка Франческо көптеген кітаптармен бірге өзі оқып түсіне алмаған, сыртқы мұқабасында ____ деп латынша жазылған қолжазбаны сыйға тартты. Онда автор ретінде белгілі бір адамның аты-жөні көрсетілмеген. Қолжазба готикалық көне жазумен ХІV ғасырдың басында, дәлірек айтқанда, 1303 жылы Қара теңіз бойын жайлаған қыпшақтар арасында жазылған еді. Көлемі 82 парақ. .....
«...Оның бірінші беті мен соңғы беттеріне Венеция мен Франциядағы ұлттық кітапханаларының мөрлері басылған (алғашқы бетте үш рет, соңғы бетте екі рет). Қолжазбаның сырты терімен қапталып, ол астыңғы жағына Венеция республикасының мөрі ойып басылған. Венеция Наполеон жаулап алғанда ең алдымен осы ғибадатхананың жазулы мүлкін Париж қаласына көшіруге әмір еткен. Бірақ олар бірнеше жылдан соң Венецияға қайтып оралған. Соның салдарынан ____ те Венециядан Парижге барып қайтқан ».
Құрышжанов Ә., Белботаев А. Құманша-қазақша жиілік сөздік. А., 1978 , 216-217-б.
|