Мақсаты: Оқушылардың 1 сыныпта өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың меңгеруіне тиісті білім, білік,дағдыларын тексеру.
Міндеттері: Дыбыстық талдау жасау.
Буын түрлерін ажырату.
Кітапхана Мектеп кітапханасында қызықты кітаптар көп. Оқушылар кітапханадан кітап оқиды.Мен суретті кітаптарды оқимын. Кітапты таза ұстау керек.Оны жыртуға болмайды. Алған кітабымды мезгілінде өткіземін.Жамал апай-кітапханашы.Ол кітапты көп оқитын балаларды жақсы көреді./34 сөз/
Тапсырмалар: 1.Жамал , мектеп сөзіне дыбыстық талдау
2.«Кітапхана» сөзін буынға бөл,буын түрін ажырат және тасымалда.