Теке тірестен келіссөздерге. Кариб дағдарысының бейбіт жолмен шешілуінен 60 ж-ғы кеңес-американ қатынастарындағы бетбұрыс басталды. Ашық теке тірестен келіссөздерге және халықаралық шиеленісті бәсеңдетуші алғашқы келіссөздердің жасалуына көшуді байқатқан бірнеше маңызды құжаттар қабылданды. 1963 ж.тамызда Үш ортада: атмосферада, космос кеңістігінде және су астында ядролық сынауға тыйым салу туралы үш мемлекеттің Мәскеу шартына қол қойылды. (Франция мен Қытай бұл шартқа қосылмады). Бұл ядролық қарулануды шектеу жөніндегі тұнғыш келісім еді.