Чехословакияның құрылуы. Тек Вена мен Будапешт қана емес, сонымен бірге Прага және империяның ұлттық шет аймақтары да революциялық және ұлтшылдық қозғалыстардың ошақтарына айналды. 1918 ж. қазанның аяғында Чехия мен Словакияда билік органдары ретінде Ұлттық комитеттер құрылды, олар қос ұлттық Чехословакия республикасын құруға келісті. өз шекараларына Чехословакия немістер мен славяндар тұратын жерлерді де енгізді.
Югославияның құрылуы. Австро-Венгрияның оңтүстік славян жерлеріндегі австриялықтарға қарсы шығулар 1918 ж. күзінде басталды. Бұл кезде Адриатика жағалауындағы жерлердің бір бөлігін басып алуға тырысып, Италия соғыс қимылдарын жалғастыра берді. Бұл қауіпке бетпе-бет келген Сербия корольдігі және осы кезде пайда болған словендер, хорваттар мен сербтердің мемлекеті Сербтердің, хорваттардың және словендердің корольдігіне бірігу туралы шешім қабылдады. Кейінірек оған Черногория да енді. өзінің ұлттық және діни құрамы жағынан ала-құла мемлекет Югославия деп аталды.