«№19 жббм» (білім беру ұйымының атауы) Қысқа мерзімді (сабақ)



Дата16.02.2022
өлшемі159,5 Kb.
#132122
түріСабақ
Байланысты:
Аспан әлемі


___________ «№ 19 ЖББМ»_______________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Аспан әлемі
(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:

Аспан әлемінің құпиясы

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Болатхан Ұ.Б.

Күні:

15-16.02.2022

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Аспан әлемі





Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5,1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану
5.1.3.1 күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сұхбаттасының сөзін тыңдап, диалогке қатысу



Сабақтың мақсаты

Оқушының төменгі жетістігі : қазақша қарапайым сөйлеу үлгілерін пайдалану арқылы аспан денелері жайлы ақпарат береді.
Оқушының орташа жетістігі : қазақ тілінде қарапайым сөйлемдер арқылы аспан денелерін сипаттайды, аңыздар жайлы айтады.
Оқушының жоғарғы жетістігі: тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



(Ұ) Сабақты «Мәтін түрлері» қайталаудан бастау. Ол үшін «Карусель» ойынын ұсыну. Ойынға ортақ тақырыпта қатысты өтілген сөздерді алу: дәрумендер, дәрігер, көмекші, спорт, жаттығулар, спортшы, емхана, денсаулық, шаңғышылар, шана, жеңімпаздар, доптар, жаттықтырушы, емделушілер.
«Ыстық алақан» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді.

Оқушылар бір-бірімен қол алып, аманда- сады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.



ҚБ
Бір-бірін бағалау




Сабақтың ортасы



Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан «Ғарыш әлемі» деректі фильмінен үзінді көрсетеді. «Балалар энциклопедиясынан»
( («Балалар энциклопедиясы», 1-том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.-117 бет) аспан денелері жайлы мәліметтерді оқиды, оқушылармен бірге талдайды.
Аспан — бақылаушыға киіз үйдің төбесі сияқты бөліп көрінетін күмбез. Күн, ай, жұлдыздар, т.б. ас- пан шырақтары өте қашықтықта болады. Ауа қабаты көгілдір, көк түсті. Аспан денелері туралы халық аңыздары бар...
Ой шақыру сұрақтарын қояды: — Балалар, сендер аспан денелері жайында қандай аңыздарды білесіңдер?
Деректі фильмді көреді, мұғалім айтқан мәліметтерді тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Жазылым. 1, 2-тапсырманы орындатады.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мә- нерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырма- ны орындатады.
Ә) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.
Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 6-тапсырманы орындатады.
4. Сергіту сәті. «Аспан денелері» тақырыбында кластер құрғызады.
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.
6. «Есте сақта!» айдарымен берілген мәліметтерді оқиды, талдатады
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
Айтылым. Жазылым.
Сұрақтарға жауап береді, диаграмма құрайды.
Тыңдалым. Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады.
Оқылым. Айтылым. Суреттерді сөйлемдермен сәйкестендіреді, мазмұн желісі бойынша оқиды.
Айтылым. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Кластер құрайды.
Жазылым. Айтылым. Үш нұсқаның ішінен дұрыс нұсқасын жазады.
Мәліметтерді оқиды, талдайды



Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді

Деректі фильмді көреді, мұғалім айтқан мәліметтерді тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.


Жаңа сөздермен танысады, сөздік дәптерлеріне жазады.
А) Айтылым. Жазылым. 1, 2-тапсырманы орындаайды.

3.Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқиды.


3-тапсырманы орындайды.
Ә) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындайды.
Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 6-тапсырманы орындайды.
4. Сергіту сәті. «Аспан денелері» тақырыбында кластер құрады

ҚБ
Бас бармақ

ҚБ
Мақтау сөз



Интерактивті тақта, слайдтар, «Ғарыш әлемі» деректі фильмі, А4 парағы, маркерлер, плакат, тақы- рыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, смайликтер

Оқулық


Сабақтың соңы

Саба Топтық жұмыс. «Жұптас. Ойлан. Пікірлес» стратегиясы.
«Аспан денелері» тақырыбында өз пікірлерін ортаға салады.
Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.
Мағыналас сөздерді табады.
Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорыту.
-Сабақта не үйрендіңдер?
«Бағдаршам» бағалау әдісін қолдану.
• Мен «сұхбаттасуды» түсіндім – жасыл түс;
• Мен сенімді емеспін – сары түс;
• Мен толық түсінбедім – бағдаршамның қызыл түсі.



«Аспан денелері» тақырыбында өз пікірлерін ортаға салады.










Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет