19. Педагогикалық менедмент туралы ұғым



Дата14.06.2023
өлшемі1,48 Mb.
#178786
Байланысты:
18-27


19. Педагогикалық менедмент туралы ұғым.
Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ , онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады. Алайда сөзбе-сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып , өз мақсатына жетуді білдіреді. «Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып , алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда , ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми- практикалық мәнін білдіретін болды. Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі: а) адамдармен қарым – қатынас жасау әдісі, үлгісі; б) билік және басқару өнері; в) шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды; г) басқару органы, әкімшілік бөлігі
Симоновтың анықтамасы бойынша педагогикалық менеджмент дегеніміз – кешенді әдістердің , ұстанымдардың ұйымдастыру формалары мен технологияларды педагогикалық жұйеде тиімді әрі дамытуға бағытталған басқару.
Педагогикалық менеджмент – білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбиелік, оқу-танымдық және өздігінен білім алу процессін тиімді басқарудың теориясы, әдістемесі мен технологиясы.
Хоруженко К.М., Куперина А.В. Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие,оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені
Садвакасова З.М. анықтамасы Педагогикалық менеджмент – Бұл басқарудың ғылыми негізі экономикалық жағдайда адами ресурстардың аз шығындалып көп пайда табуын ұйымдастыру.
“Менеджер” ұғымы ең алдымен, кәсіби басқарушылық базалық білімі сипатындағы жаңа типтегі басшы ретінде түсіндіріледі. Білім беру мекемелерін басқару – кез келгені жинақтай алатын тәжірибе ғана емес, ол терең меңгеруді қажет ететін ғылыми білімдер жүйесі, және туа біткен қабілетті, ерекше дарындылықты, лидерлік қасиеттерді талап ететін өнер. Заманауи білім беру мекемесінің басшысы – ол тек қызмет қана емес, кәсіп те, өйткені бұл қызмет кәсіптің барлық белгілеріне ие: жетекші іс-әрекет, арнайы білімді, білік пен дағдыны, арнайы тұлғалық әрі кәсіби сапаларды міндеттейді. ХХ-ХХI ғасырлар тоғысындағы басқару кезеңі бiлiмiнiң қарқынды өсуi мен өзгеру уақыты. Бұл эволюцияның бастапқысы ретiнде басқарудың классикалық мектебiнiң негiзiн салушы А. Файольдiң еңбектерiн атауға болады, ол 1916 жылы басқарудың жалпы принциптерiн ұсынған. Дәл осы принциптер ғылыми басқару теорияларының негiзiне айналған.“Басқарудың классикалық теориясы” 1930-жылдарға дейiн ең басты орында болған. ХХ ғасырдың 30-жылдарында басқарушылық ғылым дамуында “басқарушылық қатынастар теориялары” атты жаңа бағыт қалыптасты. Классикалық теория бiрлескен іс-әрекет нәтижелiлiгiнiң негiзгi шарттары не, қашан, қайда және қалай iстеу керектiгiн анықтайтын басқарудың нақты ресми құрылымы, жемiстi жұмысты (ең бастысы, материалдық жағынан) қамтамасыз ету деп санаған. Ал адамдар қатынасының теориясы адамның ұйымдағы мiнез-құлқын анықтайтын факторларды, мақсаттылық пен жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды бiрiншi орынға қояды. Бұл теория ХХ ғасырдың 50-60-жылдары Батыста, әсiресе АҚШ-та кең өрiс алған, тәжiрибеде оң нәтиже бере алмаған, дегенмен басқарудың демократиялық әдiстерiн кеңiнен енгiзу әрекетi де осы теориямен байланысты. “Адамдар қатынасы теориясының” орнына, басқарудың жүйелiлік теориялары, жағдайлық теориялары, басқарудың рационалистiк (ақыл-ой талабына ғана негiзделген) және мiнез-құлықтық теорияларының жағымды жақтарын бiрiктiрiп, олардың орнына ұйымдастырушылық даму теориялары келдi. Отандық ғалымдардан Булатбаева, Садвакасова, Исаева, Әлқожаева, Мутанов, Хмель, Тутеева, Минажова. Ал шетелдік ғалымдардан Симонов В.П, Хоруженко К.М, Курепина А.В.Фредерик У.Тейлор, Мри Р. Фоллет, Игорь Ансофф және т.б.

20.Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау


Oқыту үшін бaғaлaу – бұл білім aлушылaр өздерінің оқудың қай деңгейде тұрғaнын, қандай бaғытта дaму керек және қажетті деңгейге қaлaй жету керек екендігін aнықтaу үшін оқушылaр мен олaрдың мұғaлімдері қoлдaнaтын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі (МАН, 106).
Формaтивті бaғaлay– оқудa aлғa қaдaм бaсy және oғaн қолдay көрсетy үшiн қaжет. Формaтивті бaғaлaуды пaйдaлaнa отырып оқу процесін aнaғұрлым жaқсaртуғa болатынын байқадым. Өйткені жүргізілген зерттеу жұмыстары көрсеткендей бағалаудың көмегімен оқуды жақсартудың мынадай факторлары байқалған екен;
- Oқyшылaрмен тиiмдi керi бaйлaнысты қaмтaмaсыз етy;
- Өзiндiк оқуғa оқyшының белсендi қaтысyы, оқyшының өзiн-өзi бaғaлaй aлyы;
- Бaғaлay нәтижелерiн ескере oтырып оқытyды түрлендiрy;
- Өз бетiмен өзiн өзі бaғaлayды жүзеге aсырy;
- Бір-бірін бағалау aрқылы бiрге оқитын оқyшылaрмен бiрлесіп жұмыс iстеy дaғдысын қaлыптaстырy.
Формативті бағалау оқyшының сaбaқтағы iс-әрекетін бaғалайды. Бұл жерде сaбaқтағы белсенділiгiн, өз ойын еркiн жеткiзе алyы, сыныптас жолдастарына көмектесуі, бiрлесіп жұмыс жүргізуі (топтық немесе жұптық), өз құрбысын тыңдап оғaн баға берyі. Формативті бағалау жәй баға қоюмен жүзеге aспайды. Caбақтың жүру барысындa формaтивті бағaлаудың мынa түрлерін қолдaнған тиімді болды деп ойлaймын:
- Mақтaу, мaдақтау ( мысaлы : «жарaйсың», «дұрыс aйтасың», «сенің бұл ойың керемет екен», т.б.) Жылы ниет білдіру;
- Қолдaп отыру ;
- Ынталaндырып отыру.
Tәжірибе кезеңінде формaтивті бaғалауды тиімді қолдaна aлдым деп ойлaймын, сaбақ жүргізу бaрысында оқушылaрдың өзін-өзі бaғалауы, жұптық, топтық жұмыстaр кезінде бірін–бірі бағaлау және мұғалімнің тарапынaн болaтын мақтaу және мaдақтау, ынталaндыру, екi жұлдыз, бiр тілек сияқты бaғалау түрлері ұсынылғaн тaпсырмaлaрды орындayына ықпал жaсаyға болaтынын, оқyшының сaбаққa деген қызығyшылығы, белсенділігі мен артуынa ықпaлы мол екенін білдім. Формативті бaғалау жуйесі менің сондaй -ақ мектеп мұғaлімдерінің сaбақ беру тәжірибесінде қалыпты жолғa қойылмaған. Cондықтaн бұл тақырыптың мен қызмет ететін білім беру ұйымындaғы өзектілігі aйрықша.Бaғалаудың негізгі ынталандырушы, жетелеуші фaкторы болып сaналатын формативті бағaлау арқылы топтық жұмыстaрды жоғaры деңгейде ұйымдaстыра отырып өзін-өзі және өзaра бағалаулaрын қалыптaстырып жетілдіре түссем, оқушылардың арaсында бір-біріне деген сенімі артып, ой бөлісіп, мақсатқа жету үшін өзaра ынтымақтaса жұмыс жасaуына жол ашaмын деген мақсат қойдым.Cабaқ барысындa өзін-өзі және өзaра бағалaу түрлерін тиімді қолданып,оқушылaрдың бағaлау арқылы ізденуін,бәсекелестікке тусуін қамтaмасыз ету арқылы, оқушылaрдың сөйлеу шеберлігі артып, оқушылардың сын тұрғысынaн ойлап, жауап беру дағдысын қалыптaстырамын. Осы тақырыпты зерттей отырып оқушылардaн төмендегідей нәтиже күтемін: өзін-өзі және өзара бағалау арқылы балалaр өзін-өзі реттеуге дағдыланaды,әділ болуға,сын айта білуге, қобалжымай нақты, жүйелі сөйлеуге үйреніп, бәсекеге қабілетті болуғa өзін-өзі нақты, жүйелі сөйлеуге үйреніп, бәсекеге қабілетті болуғa өзін-өзі бағалау және оқу ущін бағалау» бойыншa сабақ үдерісінде оқушылaрдың жетістіктерін үнемі бағaлауды,оларды ынталандыруды жүйелендіре отырып нәтижеге қол жеткізуді қaладым. Ғылыми зерттеулер нәтижелері сабақтa формативті бағалаудың маңызды рөл атқaратынын көрсетті. (Александер, 2001) Мұғалімдер қолданатын кез келген нысaнның артында тек қaна объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік,сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады деп атап көрсетті.(МАН, 104-бет)
Aйтылғaн пікірлердің бaрлығы менің жұмысты басқашa жүргізуіме себепші болды. Бағалaу,соның ішінде оқуды бaғалау оқушы мен оқушы арасындaғы және оқушы мен мұғалім арaсындағы арақатынастықты жақсaртып қанa қоймaй оларды серіктестікке,шынайылыққа жетелейтіні сөзсіз.Oқушы өз жұмысындағы қателіктерді сыныптасымен немесе мұғаліммен тaлқылай отырып,оны шешу жолдарын қaрастырады.Яғни оқушы әрі қарай не істеу керек екендігін түсінеді.Демек бұл қателік келесі жолы қайталанбайды деген сөз.Oқушылар өзін-өзі және өзара бағалауда бағaлау кретерийлерін дұрыс таңдай білсе және оларды тиімді қолдaна білсе кез-келген сабақтa олaр өзінің және сыныптасының осы тақырып бойынша білімінің қаншалықты деңгейде екенін және ондaғы кемшіліктерді біліп отырaтын болaды. Бұған төмендегідей сипаттамалар тән:
• қадағалау;
• алынған мәліметтердің интерпретациясы;
• бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды;
Oл әсер тудыруы және тaң қалдыруы мүмкін, бірaқ ол басқaларды төмендету құралы болуға тиісті емес. Жақсы сұрaқ оқушылардың оқу үдерісіне тартылу деңгейін қолдaйды, ойлaуды ынталандырaды және сезімдерді оятады деген ғалымдар пікірінде. (Морган мен Сакстон, 1991) Меніңше, бұл керемет пікір деп ойлаймын.. Cебебі, барлық оқушының жан-дүниесі, психологиясы, мінез-құлқы «қара жәшік» секілді беймәлім болады. Oл «құпия сырды» ашу бізден жаңа формация мұғаліміне тән біліктілікті талап етеді.
Tізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулі әр уақытта кіріктіріліп отырды. Өйткені, бұл модулдің негізгі мақсаты мұғалімдер қалай оқу керектігін үйретеді, сыныпта оқуды үйрететін білім ортасын қалай құру керектігін, балалардың қалай оқитынын үнемі назарда ұстауды үйретеді. Mетатану және қалай оқу керектігін үйрету оқыту үшін бағалауды пайдалану арқылы мұғалімдер оқушылардың алға қойған мақсатқа жету үшін таңдаған стратегияларының табыстылығын ескере отырып, кері байланыс әдісімен өз білімін қадағалауға және бағалауға көмектеседі. Oқушылар мұндай білім мен қабілеттерді алғанда, олар үшін бұл әдеттегі философияға айналады, олардың оқу үлгерімі жоғарылайды. Егер мұғалімдер оқу үдерісін оқушылар бағдарламаның мазмұнын игеріп қана қоймай, оқуға деген өз қабілетін дамыта алатындай етіп әзірлей алса, бұл оқудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

21. Оқытуды басқару және көшбасшылық


Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі талап етіледі.Бізге таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден босауымыз керек.Себебі бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз.оның орнына мұғалім оқу қоғамдастығының бір бөлігі болып табылатын,кәсібилікке бағытталған «ұжымдық» және кешенді тәсіл қажет.Бұл тәсілдің аясында көшбасшы- мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе отырып,мұғалімнің тіжірибесі жетілдіріледі.Мұндай тәсілде кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды,мұғалімдер оны өз қолымен жасайды.Адамгершілік мақсаттағы мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін,көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді.Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады.[1.87б]
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық – әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстары:
· Іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;
· Өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;
· Бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;
· Кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті деп анықталуы мүмкін.
Дамыту жұмыстарын зеттеумен шатастыруға болмайды.МКДЖ бағдарламасы «мұғалім-зерттеуші» түсінігіне емес «мұғалім- дамыту жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған.Дамыту бойынша жұмыс белгілі бір құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау немесе тәжірибені талқылаудан тұрмайды.Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар,жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.Дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс басқаларды серіктестікке тартып,рефлекция мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды.Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады,мысалы:әріптестер арасындағы пікірталастар.желіде орналастырылған есеп беруді оқу,оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау,әріптестерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабағына қатысу.Дәл осы жағдайда зерттеу үдерісті аяқтау үшін емес,диалог үшін ізденістің негізгі стратегиясы болып табылады.
Көптеген мұғалімдер өз тәжірибесін жетілдіру жұмысын жақсы бастама деп санайды,егер жоба басынан нәтижелі болып,әріптестерін қызықтыра алса,онда бұл өзгерістер мектепте кеңінен қолдау тауып отырады.Басқаша айтқанда,мектеп басқаша жұмыс істеуге үйренеді.Сол себепті әріптестерді қызықтырып,оларды бірлесе жұмыс істеуге шақыру қажет.[1.88б]
Әрбір технология жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Осы тәсілдерді мұғалім іздену арқылы жетілдіре түседі. Қызықты сабақ болса оқушының сол пәнге қызығуы артын қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен орын алады. Қазіргі сабақтардың басты ерекшелігі бірлесе жұмыс істеу атмосферасын орнату ,оқушыларды оқуға, ұстаз еңбегіне араластыру болып табылады. Сондықтанда ұстаз күш-жігерін оқушылардың өздігінен білім алуына,танымдық әрекеттерін өздігінен ұйымдастыруды үйретуге жұмсауы керек.
Оқыту сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады.Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал.Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес.Мұғалім ретінде,біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз.Бірақ тәжірибе көрсеткендей,жоғары лауазымсыз да жақсы мұғалімдердің кәсіби шеберліктері мен адамгершілік сенімдерін қолданып,адамдарға әсер етуге болады.Біз өзіміздің тактикалық дағдыларымызды жетілдіріп,стратегиялық тұрғыдан ойлауды үйрене аламыз.[1.87б]
Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл болінеді.Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды.
Мұғалім сабақта әдіс – тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс – пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан – жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.
Оқушылардың өзіндік жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау талап етілді. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, олар да тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір – бірімен деген жолдастық көмек қалыптасады. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту..
Әртүрлі әдіс-тәсілдер тиімді қолдану балалардың тілін дамытып, тілді меңгеруге мүмкіндік береді. Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушының нені білетітін, нені меңгеретін, нені меңгергенін білуге болады. Соның нәтижесінде оларда намыс пайда болып, жанындағы оқушыдан қалып қалмау үшін сабаққа дайындалу ынтасы арта түседі.
Бір қарағанда мұғалімнің көшбасшылыққа оның «дауысын» күшейту мен жеке басының жетекшілік мүмкіндіктерін жек де,ұжымда да кеңейту арқылы жететіндігі оғаш болып көрінуі мүмкін.Ұстаздардың жетекші топтардағы және желілік қоғамдастық шеңберінде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін мұғалімдер бірлесе жұмыс істеулері қажет.
Мұндай бірлескен жұмыс өз мектептерінде тәжірибені таратуға ғана емес,сонымен бірге басқа мұғалімдерді иландыра алатын кәсіби білімнің негізін құрастыруға көмектеседі.Білімнің бұл негіздері-зерттеулерге негізделген білім емес,бұл басқаларға дем беретін және ары қарай іс – әрекет жасау үшін оларды қажетті бағытпен қамтамасыз ететін инновацияға негізделген жанды диалогтік үдеріс.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы: адамдар тек білім арқылы ізгілікті бола алады; білім беру- адамдардың зерделеп үйренуіне қажет көмектердің жиынтығы;жалпы алғанда,тек мұғалімдер ғана педагогикалық тәжірибені жақсарту жөніндегі шараларды қабылдай алады деген дәлелдерге келіп саяды.
Менің түсінгенім мұғалім көшбасшы болу үшін оқу үдерісін тиімді жоспарап,жаңа формация мұғаліміне айналу керек.
22. Оқыту принциптерінің заңдылықтары
Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру негізінде жүзеге асады.
Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Өзара байланысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп білеміз.
Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту заңдылықтарды сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси–әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы байланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды.
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары:
Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс–тәсілдері қоғам талабына, мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымының даму деңгейіне тәуелді.
Білім беру, тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты.
Оқушының таным белсенділігі артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды.
Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға, түзету іс–әрекетеріне тәуелді.
Әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным әрекетін ұйымдастыру.
Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс–тәсілдерінің өзгеріп, жаңарып, толықтырылуы.
Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары жатады.
Оқытудың негізгі заңдары:
–Қоғамдық қатынастар, әлеуметтік құрылыс пен әлеуметтік тапсырыс тәрбие мен оқыту жүйесін қалыптастыруға ықпал етуі туралы заң.
– Білім алу, іс–әрекет жолдарын меңгеру және тұлғалық дамудың өзара байланысы туралы заң.
Педагогикалық процестің бөліктерінің бірлігі және біртұтастығы туралы заң.
Оқытуда теория мен тәжірибе бірлігі және өзара байланысты туралы заң.
Оқу іс–әрекетінің жеке және ұжымдық түрлерінің бірлігі және өзара байланысы туралы заң.
Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негізгі бөліктері болып келеді. Кейбір зерттеушілер педагогиканың өз заңдылықтары мен заңдары жоқ, сондықтан ол ғылым емес деген пікірді білдіреді. Жоғарыда аталған педагогикалық заңдылықтар мен заңдар теріс пікірлерді жоққа шығарады.

23.Оқыту әдістері, құралдары және тәсілдері туралы ұғым, топтастыру


Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Оқыту әдістері – оқыту процесінің барлық кезеңдерінде оқытудың түрлі мақсат –міндеттерін орындау барысында оқушылардың таным әрекетін арттыруға бағытталуы тиіс. Сондықтан, оқыту процесінде оқушылардың таным әрекетінің белсенділігін арттыруға септігін тигізетін әдістерге айрықша назар аудару қажет.
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі.
Алайда, оқыту әдісін қайта құру – күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет.
Оқыту әдістері педагогика саласында күрделі мәселелердің бірі. Соған орай бүгінгі таңда оқыту әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір қалыптаспаған. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде топтастырудың жиырмадан астам түрі бар:
Оқушылардың таным белсенділігіне қарай;
Тұтас педагогикалық әрекеттердің тәсілдеріне қарай;
Ә
дістің логикалық және психологиялық сипатына қарай;


24.Білімнің мемлекеттік стандарты.







25. Оқытудың ынтаоандыру принципі.



Принцип – латын сөзі, қазақша негіз деген сөз. Оқыту принциптері – мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.
Ынталандыру принципі
Бұл принциптің маңызы өте зор. Оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен нысандарына оқушыларда ынта-ықылас болса, олардьщ оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті, қуанышты болады.
Сондықтан мұғалім, ең алдымен, сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі етіп өткізуге міндетті.
Ынталандыру принципі оқушыларға жеке-дара қарауды керек етеді. Осыған орай В.С.Сухомлинскийдің берген кеңестері мыналар:
1. Балалардың ақыл-ой күштері мен мүмкіндіктері бірдей емес.
2. Оқыту мен тәрбиелеудің барлық заңдарын қолдануға болатын абстрактылы оқушы жоқ: оқушы әрқашан дара, өзінше ерекше.
3. Оқуда барлық мектеп балалары үшін табысқа жетудің бірыңғай алғы шарттары жоқ.
4. Оқу қызметінің берілген сәтінде әр оқушының неге қабілетті екенін аньщтаудық маңызы зор.
5. Оның ақыл-ой қабілетін одан әрі қалай дамытуға болатындығын анықтау маңызды.
6. Оқушыдан мүмкін еместі талап етуге болмайды.
7. Бағдарламада қаралған деңгейге әр оқушы қандай жолмен, қандай кідірістермен және қиыншылықтармен келетінін дұрыс анықтап алу керек.
8. Әрбір оқушының ақыл-ой еңбегінде бағдарламаны қалай нақтылы жүзеге асыру керек.
9. Әрбір баланың күші мен мүмкіндігін ашып, оны ақыл-ой еңбегінде қуанышқа кенелту.
10. Қиын балаларға шамасына қарай ақыл-ой жұмыстарын беру.
11. Әрбір оқушының оқудағы және ақыл-ой еңбегіндегі дара сүрлеуін анықтау керек. Осы сүрлеуді және жақсылық жалынының қызуын сақтау.
Ынталандыру принципінің шарттары:
• жаңа және дәстүрлі емес оқыту нысандарын қолдану;
• ділгірлік оқыту;
• компьютерлік технологияны қолдану;
• интерактивті компьютерлік құралдарды қолдану;
• өзара оқыту (жұптық, топтық);
• білім, іскерліктерді тест сынағы арқылы тексеру;
• сыныпта жағымды микроклимат жасау;
• мұғалімнің өз пөніне, оқушыларға оң көзқарасы;
• оқушылардың оқудағы жетістіктерін көрсету;
• білімнің оны ашқан адамдардық тағдырымен байланысы;
• оқыту нысандарын және әдістерін тұрлендіру.

2




6. Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру жолдары.




27. Білім берудің мазмұны: оқу жоспары, оқулвқтар, бағдарламалары.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет