1928ж араб әрпі латын әрпімен, 1940ж кириллицамен ауыстырылды



Дата07.02.2022
өлшемі25,63 Kb.
#96093
Байланысты:
СӨЖ ҚАЗ ҚАЗ ТАР ЭССЕ


ЭССЕ
«Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларының қарама-қайшылықтары:қазақ тілінің араб таңбасынан кириллицаға ауысуы және Ахмет Байтұрсыновқа қарсы шығуы»
Әліпби
1928ж. араб әрпі латын әрпімен, 1940ж. кириллицамен ауыстырылды.
Араб әліпбиін қалдыруды жақтаушылар латын қарпін қолдануға көшу — ұлттық мәдениетке жасалған қастандық екендігін айтты. Олар Қазақстанда тек еуропалықтарға тән жаңа әліпбиге көшу қажет, бірақ оған әлі жағдай пісіп-жетілген жоқ деп есептеді. Алайда біртұтас мәдениет кеңістігін орнықтыру міндетін ұстанған Кеңес басшылығы республика өкілдерінің пікірімен санаспады. Жаңа әліпби жасау жөніндегі комиссия құрылып, ол 1928 жылдың күзінде латын қарпі негізіндегі қазақ әліпбиінің жобасын ұсынды. Латын қарпіне түгел ауысып болғанша араб графикасы пайдаланыла тұратын болды. Полиграфиялық техника латын алфавитімен жабдықтала бастады Бұл газет, оқулықтар, әдебиеттер шығаруды жеңілдетті. Республика бір мезгілде екі әліпбиді, яғни: қазақ тілі үшін — латын, орыс тілі үшін - кириллицаны қолданатын болды.
Қаріпке көшу кезеңі
XX ғасырдың 30-жылдарының соңына қарай КСРО тоталитарлық мемлекетке айналды. Тоталитарлық жүйенің орнауы мәдениеттен де байқала бастады. 1940 жылы кириллица негізіндегі жаңа қазақ әліпбиінің жобасы жасалды. Жоғарғы кеңестің 1940 жылы 10 қарашадағы V сессиясында «Латынданған қазақ жазуын орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» Заң қабылданды. Осы тұста латын әліпбиін қолдаған новаторларға басты қарсылас Ахмет Байтұрсынұлы болды, ол өз ойын былай тұжырымдаған еді: "Біз, қазақтар тілдік элементтерімізді бұрынырақ бағамдап алғанбыз, оларды сәйкес дыбыстармен белгіледік, дұрыс жазамыз, оқимыз, орыс, неміс, француз, ағылшындар мен өзгелерге қарағанда жылдамырақ сауат ашамыз. Енді не керек? Әліпбиімізді латынға көшіру керек дейді, өйткені біздің әліпби біздікі емес - арабтікі...".

Тіл саласындағы әлемдік ғалымдардың тәжірибесін есепке алып, Ахмет Байтұрсынұлы пікірталасқа қатысушыларға келесідей сұрақтар қояды: қандай болса да, тіл элементтерін жеткізуде әліпбилердің бір-бірінен артықшылығы бар ма, баспа және қолжазба қай графикамен тез оқылады, қай графикамен тез жазуға болады және тез оқылады, типографиялық техника үшін қай әліпби ыңғайлы және қандай графиканың сыртқы көрінісінің көзге тартымдылығы болады?

Ахмет Байтұрсынұлы бастаған араб графикасын қолдаушылар төте жазу қазақ тілі үшін өте қолайлы деп есептеген. Араб тілінің 19 әрпі өзгеріссіз және 5 әрпі қазақ тілінің ерекшелігіне қарай өзгертілген күйде алынған болатын. Ал латын әліпбиінде 15 әріп өзгеріссіз қолданылады да, 7 әріпті қазақ тіліне икемдеуі керек болатын. Ал қазақ тіліне ғана тән әріптерге сәйкес әріптер мүлде жоқ, оларды ойдан шығару керек еді. Сонымен қатар, Байтұрсынұлы Батыс елдерінде қолданыста бар латын графикасы құрамы бойынша 25-30 пайызға түркі тілдерінің естілу қажеттілігін қанағаттандырмайды, ал бұл тілді естілуге икемдеу үшін реформа қажет деген уәжін алға тартқан. Ал бұл қосымша уақыт пен қаражатты қажет етеді. Өйткені қосымша әріптер енгізілсе қолданыста бар баспа құралдары мүлде жарамсыз болып қалатын еді.

Латын графикасына өтуді жақтаған басты тұлғалардың бірі Телжан Шонанов болды. Өз кезегінде ол араб графикасына қарсы мынадай уәж айтқан: "Бұл әліпбидің басты кемшіліктері мыналар: диакритикалық белгілерді қолдану, 3-4 түрлі таңбаны қолдану (сөз басында, ортасында, соңында), жазылуындағы әріптердің өзара ұқсастығы; оңнан солға жазылуы, бұл баспа жұмысын қиындатады: араб графикасы арқылы ноталар мен ғылыми формулаларды түсуруге келмейтіндігі; жазу үрдісін баяулатуы, қазақ тілі дыбыстарын дәл бере алмауы; баспашылар қызметін күрделендіруі, басып шығарудың қосымша құралдарының қажеттілігі...". Сонымен қатар, латын графикасын қолдаушылардың ойынша, полиграфияда арзан және жеңіл қолданылатын, оқытуға оңай және жазуға қолайлы әліпби оңтайлы. Дәл осындай әліпбиді еңбекші қауым қорқынышсыз қабылдамақ...".


Қазақ зиялылар тобы: С. Асфендияров, Т. Жүргенов, С. Сейфуллин, А. Байтұрсынұлы, О. Жандосов, М. Әуезов, Қ. Жұбанов.


1920-30жж. Қазақстан ғылымының қалыптасқан кезеңі.
1920ж. Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылды. Сауатсыздықпен күрес барысында сол мезгілге шейін пайдалануда келген араб графикасын латын графикасымен алмастыру мәселесі қойылды. РКФСР-дің ұлттар ісі жөніндегі халық комиссариаты 1923 жылы араб қарпіне реформа жасау жөніндегі комисия құрды.
Бұл комиссия үш мәселе бойынша жұмыс жасады:
• жазуы жоқ халықтар үшін жазу даярлау;
• өз жазуы бар халықтарды латын қарпіне көшіру;
• түркі жазуын реформалау.
1926 жылы наурыз айында I Бүкілодақтың түркологтар съезі өтіп, түркі тілдес халықтар жазуын латын графикасына көшіру мәселесі қаралды. Латын қарпіне көшу ісіне сол кездегі Қазақ АКСР халық ағарту халкомы А.Байтұрсынұлы қарсы шықты. Ә.Бөкейханов пен A.Байтұрсынұлы араб жазуының кейбір белгілерін жеңілдетуді ұсынды.
Араб әліпбиін қалдыруды жақтаушылар латын қарпін қолдануға көшу — ұлттық мәдениетке жасалған қастандық екендігін айтты. Олар Қазақстанда тек еуропалықтарға тән жаңа әліпбиге көшу қажет, бірақ оған әлі жағдай пісіп-жетілген жоқ деп есептеді. Алайда біртұтас мәдениет кеңістігін орнықтыру міндетін ұстанған Кеңес басшылығы республика өкілдерінің пікірімен санаспады. Жаңа әліпби жасау жөніндегі комиссия құрылып, ол 1928 жылдың күзінде латын қарпі негізіндегі қазақ әліпбиінің жобасын ұсынды. Латын қарпіне түгел ауысып болғанша араб графикасы пайдаланыла тұратын болды. Полиграфиялық техника латын алфавитімен жабдықтала бастады Бұл газет, оқулықтар, әдебиеттер шығаруды жеңілдетті. Республика бір мезгілде екі әліпбиді, яғни: қазақ тілі үшін — латын, орыс тілі үшін - кириллицаны қолданатын болды.
XX ғасырдың 30-жылдарының соңына қарай КСРО тоталитарлық мемлекетке айналды. Тоталитарлық жүйенің орнауы мәдениеттен де байқала бастады. 1940 жылы кириллица негізіндегі жаңа қазақ әліпбиінің жобасы жасалды. Жоғарғы кеңестің 1940 жылы 10 қарашадағы V сессиясында «Латынданған қазақ жазуын орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» Заң қабылданды.
Осы оқиғалардан кейін 77 жыл өте латын графикасының негізіндегі қазақ әліпбиі қайта жаңғырып, ХХ ғасырдағы қазақ интелегенциясын дауластырған мәселелер қазіргі қоғамда жаңа қарқынмен талқыға салынатынын кім білген. Қалай болғанымен латын және араб графикасын жақтаушылар да, кирилл негізіндегі әліпбиді даярлағандар да қазақ тілінің жазбасын, толықтырып, қысқартып болсын - оңтайлы әліпби жасаймыз деген мақсатпен дамытқаны сөзсіз. Лингвистердің айтуынша, кемел әліпби жоқ, өйткені, уақыт өте кез келген тіл фонетикалық өзгеріске ұшырайды, жаңа терминдер енеді және т.с.с.

Орындаған:Ажибаева.А.Е
Тексерген:Исмагулова.Д.М
ДЗК-102

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет