13. Қазақ АССР-інің құрылуы. Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Басында бұл автономия «Қырғыз» деп аталып, 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің басшысы «қырғыз» сөзін «қазақ» атауымен алмастырып, бұдан былай Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы деген атауды пайдалануға енгізді.
1920-24 жылдар аралығында Қаз АКСР орталығы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, кейін 1927 жылдан бастап Алматы қаласына ауыстырылды. Қазақ Акср орталық атқару комитетінің алғашқы төрағасы - С.Меңдешев.
1932 жылдары батысында Төменгі-Волжск өлкесімен, солтүстік-бастысында - Ортаңғы-Волжск өлкесімен, солтүстігінде - Орал облысымен, солтүстік-шығысында Батыс Сібір өлкесімен, оңтүстігінде - Орталық Азия Кеңестік республикаларымен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шекарала жатты.
Ауданы (1933 жылғы 1 қаңтарында) 2 853 мың шаршы км. құрады. Халқы - 1931 жылдың 1 қаңтарындағы санағы бойынша - 7 260,5 мың адам, оның ішінде қала тұрғындары (1926 жылығы санақ) - 911,2 мың адам болды.