1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы



бет83/86
Дата02.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#183269
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86
Байланысты:
1.Қазақстан аумағындағы Ñ‚ас Ò“асырына қатысты археологиялық ескер-emirsaba.org
20121113155602inf, жанарыс прикладная срс
100 Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.
Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы»
атты Жолдауының мәні мен маңызы.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауы бүкіл әлемді алаңдатып отырған геосаяси жағдайдың күрт шиеленісуімен байланысты қазіргі заманғы тарихта бұрын-соңды болмаған қаржылық-экономикалық қиындықтармен байланысты жағдаймен тұспа-тұс келіп отыр
Еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасы ұсынылды және бұл құжат ең алдымен қоғамның қажеттілігіне, сұранысына негізделгені айтылды. Президент Қазақстан азаматтық қоғамы қалыптасқан мемлекетке айналатынын алға тартты. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңадан құрылатын облыстардың Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуында ерекше мән бар. Біз ұлан-ғайыр жеріміздің байырғы атауларын, ұлы тұлғаларымыздың есімін ұрпақ санасында жаңғырта береміз», – деп атап өтті. Мемлекет басшысы: «Осы күндерде жұртымыз тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді.
Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық», – деді. Президент өз жолдауында халқына салмақты ой тастап, дәлелді тұжырым жасай отырып, нақты бағыт ұсынды. Сондай-ақ «Конституцияның 30-дан астам бабына өзгерістер енгізу қажет», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Бұл аса күрделі өзгеріс. Мемлекеттік аппарат цифрлық құралдарды жаппай енгізу кезінде ғана іске асырылады. Осыдан кейін шенеуніктер бюрократиялық өкілеттіктерді қалпына келтіруге тырысып, жаппай реакция жасай бастайды. Осыған жол берілмей, Қ.Тоқаевтың тапсырмалары діттеген жеріне жетсе, алдағы уақытта қағазбастылықтан құтыламыз деп сенемін.
Жолдау соңында Президент: «Еліміздің азаматтары ертең емес, бүгін бақытты болғанын қалаймын. Сондықтан маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан артық ештеңе жоқ», – деді. Мемлекет басшысы айтқандай, ел-жұрт болып жаңа Қазақстанды құру жолында аянбай еңбек етейік. Сондықтан білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін оқытушылар қауымына зор жауапкершілік жүктеледі.
Біздің бүгінгі студенттеріміз – Қазақстанның жарқын болашағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет