1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы



бет48/86
Дата02.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#183269
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   86
Байланысты:
1.Қазақстан аумағындағы Ñ‚ас Ò“асырына қатысты археологиялық ескер-emirsaba.org

52. Ауызша тарих айту дәстүрі және оның ерекшеліктері мен маңызы. Жазбаша тарихнама. Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы.
Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати — ХVІ ғасырда ғұмыр кешкен көрнекті мемлекет қайраткері, əскери қолбасшы, атақты тарихшы, əдебиет майталманы. Ол өмірін Орта Азия, Шығыс Түркістан, Тибет, Үндістан елдерінде өткізген. М.Х. Дулати тарихшы жəне қаламгер ретінде екі шығармасымен зерттеуші-ғалымдар арасында кеңінен танымал тұлға атанды. Бірі – бұл кісінің сəулетті даңқын дүние жүзіне əлпештеп таратқан, оның парсы тілінде жазылған «Тарих-и Рашиди» деген кітабы. Осы энциклопедиялық шығармада ұлттық тарихқа, мəдениетке қатысты түйінді ой-пікірлер, терең толғамдар, парасатты пайымдаулар мол. Мұхаммед Хайдар өз еңбегінде тек тарихты ғана жазып қоймаған. Сонымен қатар адамзат құндылықтары, өмірдің мəні мен мағынасы туралы пəлсапалық ойларын түйіндеген. Өмірдің баянсыздығын, оның өтпелі екендігін айта келе бабамыз ұрпақтарын ізгілікке шақырған. Шығарма көркем ойлармен, өлең жолдарымен өрілген. Екіншісі — «Жаһаннаме» атты шығыстық үлгідегі, түркілік дүниетаным биігінен ой толғайтын, даналық сөз айтатын классикалық жыр-дастаны. «Жаһаннаменің» негізгі тақырыбы махаббатқа деген адалдық, адам- гершілік, адамды сүю, қастерлеу, əділдікті ардақтау болып келеді.
Қадырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХВЫ-ғасырдың ортасы мен ХВЫЫ-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың" тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл). Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді.
53. XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы.
XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы. XVIII ғасырдың басында сыртқы қауіп күшейе түсті. Оңтүстік-батыстан орыс-казак әскерлеріне сүйенген Еділ қалмақтары, солтүстіктен Сібір казактары, башқұрттар, оңтүстіктен Орта Азия хандықтары (Бұқара, Хиуа), шығыстан жоңғарлар оңтайлы сәтті күтіп, шабуыл жасауға дайын тұрды.
Жоңғар хандығы. Қазақ хандығының тәуелсіздігіне мейлінше қауіп төндірген басты жауы — Жоңғария әскери-көшпелі мемлекеті еді. Тарихта қазақ және жоңғар халықтары арасындағы 100 жылдан астам уақытқа созылған қазақ-жоңғар соғысы орын алған.

Жоңғарларды Оңтүстік Қазақстандағы сауда, қолөнер орталықтары, Ресеймен, Шығыс елдерімен байланыстыратын керуен жолдары қатты қызықтырды. Оларды иелену жолында Қазақ және Жоңғар хандықтары арасындағы күрес жылдан-жылға өрши түсті.


Жоңғарларға қарсы саясатты оңтүстік-шығыста Қытайдың Цин өкіметі де жүргізіп отырды. Яғни жоңғар қонтайшылары екіжақты соғыс жүргізуге мәжбүр болды. XVII ғасырдың 90-жылдарындағы Цин империясына қарсы соғыс жоңғарларға аса ауыр тиіп, шайқастардың бірінде олардың көсемі Қалдан Бошақту қаза тапты.
Жоңғарлардың хан тағына көрнекті тарихи тұлға әрі қолбасшы Себан-Рабдан (Цэван-Рабдан) келді (1697-1727). Ол 20 жылдай Мань-чжур әулетінің билеушілерімен және Қытаймен ашық соғысудан бас тартып отырды. Мұның өзі Жоңғар хандығының тез арада күшеюіне мүмкіндік жасады.

Жоңғарияның қазақ жеріне шапқыншылығы. Жоңғар билеушілері қазақ даласына үздіксіз жортуылдар ұйымдастырып, адамдарын тұтқындап, малдарын айдап кетіп отырды. Осы түста Еділ бойындағы қалмақтар да қарап жатпай, Жайық казактарымен және башқұрттармен бірге қазақ даласына оқтын-оқтын шабуылдар жасаумен болды.


XVII ғасырдың 80-жылдарынан бастап жоңғарлар Жетісудағы Шу және Талас өзендерінің маңындағы қазақ жерлерін басып алды. Көп кешікпей-ақ қазақтар қарсы шабуылдар ұйымдастырып, жоңғарларға күшті соққы берді. Қазақ жасақтары Еділ қалмақтарына қарсы да сәтті ұрыстар жүргізді.
1708 жылдан бастап жоңғарлардың қазақ жеріне жаңа шабуылдары басталды. Бұл соғыстарда екі жақ алма-кезек жеңіске жетіп отырды. Қазақ жерін басып алу жоңғарлардың басты мақсатына айнала бастады.

Жоңғар шапқыншылығының демографиялық жағдай мен көші-қон процестеріне әсері. Жоңғар шапқыншылығы Орталық Азиядағы халықаралық қатынастардың түп-тамырымен өзгеруіне әсерін тигізді. Қазақтардың оңтүстікте өзбек хандықтарына, ал батыста Еділ қалмақтары иелігіне жақындауы көршілес мемлекеттермен қарым-қатынасты біршама күрделендірді. Жайық бойындағы іргелес казактар, оңтүстіктен қарақалпақтар мен өзбектер қазақ ауылдарына шабуылдап, жағдайды одан әрі ушықтырды.Қалмақтардың шапқыншылығы кезінде қатты ойрандалғаны — Жетісу өңірі болды. Әрине, жаудың шабуылын бірінші болып қабылдаған шығыс өңірінің ахуалы да тым аянышты еді.


Жоңғарлардың күтпеген жерден бірнеше бағытта ұйымдастырған шапқыншылығының зардабы бейқам жатқан қазақ ауылдары үшін өте ауыр болды. Мал-мүлкін, тігулі үйін тастап, бас сауғалауға мәжбүрлеген қайғылы жағдай қазақ жерінде моңғол шапқыншылығынан бері қайталанбаған еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет