1.Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі мәдени үдерістер



бет1/4
Дата21.12.2021
өлшемі0,57 Mb.
#104605
  1   2   3   4
Байланысты:
СӨЖ 10


1.Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі мәдени үдерістер.

Музыка өнері

Қазақстанның қазіргі даму барысында музыка мәдениетінің көп тармақты құрылымы қалыптасты. Республикада Европалық жанрдағы орындаушылық және композиторлық шығармашылықпен қоса, әуенді шығарудың жаңа дәстүрлі, әлемдік көпшілік музыка (рок, эстрада, джаз) және әлемдік концессиялардың діни музыкасы, Қазақстанды мекендеген халықтардың - ұйғырлардың, кәрістердің, немістердің, дұнғандардың орыстардың,татарлардың ауысша кәсіби фольклоры негіз салды. Республикада әртүрлі көркемдік профильдегі орындаушы ұжымдар - Мемлекеттік симфониялық оркестр, Құрманғазы атындағы қазақтың халық аспаптар оркестрі, хор капелласы, халық би ансамблі, Мемлекеттік квартет, эстрадалық ансамбльдер, үрмелі және джаздық оркестрі пайда болды. Қазақстан -әлемдік масштабтағы классикалық музыканы орындаушылар отаны. Ол "- Е. Серкебаев, Б. Төлегенова, Ғ. Есімов, Ә. Дінішев, Г. Қадырбекова, А. Мұсаходжаева, Ж. Әубәкірова, шетелдердегі қазақ музыкалық диаспорасының жұлдыздары - М. Бейсенғалиев, Э. Құрманғалиев, ағайынды Нақыпбековалар.

Бүгінгі күні Республикада к. Байсейітова және А. Жұбанов атындағы арнаулы балалар мектебі, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваториясы, Астанадағы Ұлттық музыка Академиясы, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театры, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы, Қазақконцерт, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер Институты және басқа да музыкалық - біліми, ғылыми және мәдени мекемелер бар. Музыка бүгін мен болашақты, өткенді жалғастырушы алтын буын міндетін атқарып отыр



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет