1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің нақты міндеттері



бет14/95
Дата26.01.2022
өлшемі158,56 Kb.
#114953
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   95
Байланысты:
гос 1 ЖАУАПТАРЫ

Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің нақты міндеттері:
1) балалардың үй-ішіне, жақындарына, құрбы-достарына, жалпы адамдарға, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;
2) адамгершілік ережелеріне сай балалардың мінез-құлқын, ұйымдасқан тәртібін, мәдениеттлігін, жақсы әдеті мен дағдысын қалыптастыру;
3) балалардың адамгершілік түсініктері мен қасиеттерін тәрбиелеу.
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына баланың Отанға, адамдарға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу жатады. Ол үшін алдымен балалардың ата-анасына, үйіне, туған жеріне, оның табиғатына, өз ауылына, қаласына, туған-туысқандарына, дос-құрбыларына, балабақшаға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу қажет.
Балалар арасында дұрыс қарым-қатынасты тәрбиелеу, тату балалар ұжымын құру – балабақша педагогінің негізгі міндеттерінің бірі. Балалар ұжымын тәрбиелеуде тәрбиеші адамгершілік принциптеріне сүйенеді.
Адамгершілік тәрбиесі өзінің ықпал ету көлеміне қарай тәрбиенің негізі болып табылады. Тәрбие міндеттерінің бірі – баланың әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру. Мұндай әрекеттер кезінде балалардың адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ал пайда болатын қатынастар әрекеттердің мақсаты мен себептерінің өзгеруіне әсер етуі мүмкін.
Баланың адамгершілік санасының дамуы өзара қатынастар мағынасын қабылдау және ұғынуы арқылы іске асады. Мұндай қатынастарға ата – аналармен, педагогтармен, қоршаған орта түсе алады. Бала санасында сыртқы ықпал жеке мағынаға ие болады, осылайша оған деген субъективті қатынас қалыптасады. Осыған байланысты тәрбие себептері, шешім қабылдау және өз істерін баланың адамгершілікпен таңдауы қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет