1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


Мектеп жасына дейінгі мінез-құлық мотивтерінің маңызы, мазмұны және дамуы



бет82/95
Дата26.01.2022
өлшемі158,56 Kb.
#114953
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   95
Байланысты:
гос 1 ЖАУАПТАРЫ

Мектеп жасына дейінгі мінез-құлық мотивтерінің маңызы, мазмұны және дамуы

Мектепке дейінгі шақ ішіндегі баланың мінез-құлық мотивтері айтарлықтай өзгереді. Мектепке дейінгі кішкентай бала, ерте сәбилік шақтағы тәрізді тым әр-түрлі себептерге байланысты сол сәттегі жағдайлық сезімдер мен тілектің ықпалы пайда болатын іс-әрекет жасайды, сонымен бірге қандай да бір қалдықты жасауға мәжбүр екендігі жөнінде өзіне-өзі айқын есеп бере алмайды.

Мектепке дейінгі ересектердің қылықтары едауір саналырақ бола бастайды. Көптеген жағдайларда ол қазіргі сәтте неліктен басқаша емес, осылайша істегенін бүтіндей ақылға қонарлық түрде түсіндіріп бере алады. Әр түрлі жастағы балалар көрсеткен бірдей қылықтың түрткі себептері мүлде түрліше болуы мүмкін. Үш жасар бала тауықтарға қиқымды олардың

жүгіріп келіп шоқығанын қарау үшін шашса, алты жасар бала үй шаруашылығындағы анасына болысу үшін істейді. Сонымен бірге мектепке дейінгі шақтағыларға тұтасынан алғанда тән,олардың мінез-құлқына ең көп ықпал ететін мотивтердің кейбір түрлерін бөліп көрсетуге болады. Бұған алдымен балалардың үлкендер дүниесіне қызығуымен, олардың үлкендерше іс-әрекет жасауға тырысуымен байланысты пайда болатын мотивтер жатады. Рөлді ойында үлкендерге ұқсағысы келген тілек жетелейді. Мұндай тілек көбінесе күнделікті мінез-құлықта қандайда бір талапты балаға орындаттыратын тәсіл ретінде пайдалануы мүмкін. «Сен үлкенсің ғой, ал үлкендер өздері киінеді»,- дейді балаға оның дербестігіне түрткі сала отырып. «Үлкендер жыламайды»,-деу баланың көз жасын тыйдыруға мәжбүр ететін күшті дәлел. Балалардың мінез-құлқына үнемі байқалатын мотивтердің екінші маңызды тобы ойын процесінің өзіне деген ықыласпен байланысты ойын мотивтері. Бұл мотивтер ойын іс-әрекетін меңгеру барысында пайда болады және үлкендерше көрінуге тырысумен ұштасып жатады. Ойын іс-әрекетінің шегінен шыққан соң олар баланың бүкіл мінез-құлқын әрлендіріп,мектепке дейінгі балалық шақтың өзіне тән қайталанбас ерекшеліктерін жасайды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет