1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


Мектепке дейінгі жастағы балалар ойындарының сюжеті мен мазмұны



бет89/95
Дата26.01.2022
өлшемі158,56 Kb.
#114953
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   95
Байланысты:
гос 1 ЖАУАПТАРЫ

Мектепке дейінгі жастағы балалар ойындарының сюжеті мен мазмұны

Ойын – мектепке  дейінгі  кезеңдегі  іс-әрекеттің  негізгі  түрі. Балалардың  ойын  іс әрекетінің  бір  түрі  сюжеттік-рөлдік ойындар. Сюжеттік  рөлдік ойындардың көзі – балаларды  қоршаған әлемдегі заттар, адамдар, табиғат, өздері мен үлкендердің өмірі мен әрекеттері. Ол мектеп жасына дейінгі  бала үшін ең  қызық  ойын,ойында бала іштей  еркіндіктің  сезімін, өзіне  бағынышты  заттарды, амалдарды, қатынастарды басынан өткізеді. Бала үлкендердің  кез келген ісін табысты  істей  алады, кез-келген ситуацияға кіре  де алады, қалаған  оқиғасын бастан өткізеді. Бұл мүмкіндіктер баланың практикалық әлемін кеңейтеді, дамуына  жағымды  эмоциналды  рең  береді. Сюжетті рөлді  ойындардың  құрылымы: сюжет, мазмұн, рөлдер, ойын амалдары. Ойын сюжеттері  әр түрлі: тұрмыстық ойындар, балабақша, жанұя т.б.

Сюжеттік-рөлдік ойындардың  құрылымы: ойынның түпкі ойы, сюжеті, мазмұны, ойын амалдары, ережелері. Балалар өмірінде маңызды орын алатын оқиғалар ойын арқылы көрініс табады.



Сюжетті-рөлді ойынның дамытушылық  маңызы зор. Ойында бала өзін қоршаған әлемді  таниды, сондай-ақ ойлау  операциялары, сезімі, еркі жетіледі, құрбыларымен қарым-қатынасы қалыптасып, өзін-өзі  бағалауы мен өзіндік санасы  орнығады, адамгершілік  қасиеттері  дамиды. Сюжетті рөлді  ойынның  бір жағымды  жағы – оны балалардың өздері  жасайды және балаларды  құрбы-құрдастарымен дұрыс  қарым-қатынас жасай  білуге  бейімдеп, ұжыммен,  яғни  көпшілікпен   санаса білуге, ересектердің  еңбегін  бағалай  білуге дағдыландырады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет