Таңғы қабылдауды ұйымдастыру Тәрбиеші ата-аналарымен және балаларымен амандасып, көңілді қарсы алады. Балалар шешінгенше, тәрбиеші ата-аналармен сөйлесіп баласының денсаулығын, қалай ұйықтап шыққанын білуі қажет.Баланы ата-анасынан қабылдап аларда дене қызуын өлшеп, денесін тексереді. Балаларды қабылдау ауада, сондай-ақ үй-жайда жүргізілуі мүмкін. Жақсы ауа райында балаларды жылдың кез келген уақытында таза ауада қабылдау керек. Балалардың сыртқы түріне назар аудару қажет. Егер бала ұялшақ, көңіл-күйі болмаса тәрбиеші онымен ойнайтын балаларға қосуға, ойыншықтарды таңдауға көмектесуге, баламен ойнауға немесе оған қандай да бір нақты тапсырма беруге көмектесуі тиіс.
Тәрбиеші бір уақытта әр түрлі міндеттерді жүзеге асырады: балаларды қабылдайды, ата-аналармен сөйлеседі, ойын ұйымдастырады, таңертең жоспарланған жұмысты жүзеге асырады. Бір бірімен сөйлеуді дамыту бойынша жеке жұмыс жүргізеді, бірнеше балалармен дидактикалық ойындар ұйымдастырады.
8_05-те Тәрбиеші балаларға ойыншықтар жинауды ұсынады және таңғы гимнастикаға дайындалады (балалар дене шынықтыру түріне ауысады). Тәрбиеші киім ауыстыру тәртібін, киімнің ұқыпты болуын қадағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |