1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікті қабылдауы. Кеңістікті қабылдауда туатын қиындықтары



бет80/95
Дата26.01.2022
өлшемі158,56 Kb.
#114953
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   95
Байланысты:
гос 1 ЖАУАПТАРЫ

Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікті қабылдауы. Кеңістікті қабылдауда туатын қиындықтары.

Екі жастан бастап үш жасқа  дейінгі  балаларға арналған  «Алғашқы қадам» бағдарламасында балалардың кеңістікті бағдарлауға үйретуде өзіне жақын кеңістіктегі бағыттарын ажырата білуін дамыту (оң-сол, алда-артта, жоғарыда-төменде, алыс-жақын, жоғары-төмен), оң және сол қолын ажырата білуге үйретуді жалғастыру мәселелері көрсетілген. Балалар өз денесіндегі кеңістік бағыттарын айтуды үйренеді:   жоғарыда - бас, төменде-аяқ, алдында-бет, артында-бел, сол жақта  сол қол,  оң  жақта-оң қол.Осы білімдеріне   сүйене отырып,  педагог балаларға  «өзінен» кеңістік бағыттарын айтуды және көрсетуді үйретеді. Мысалы, қонжыққа оң  қолыңмен, содан кейін  сол қолыңмен қол бұлғауын өтінеді, қуыршақтың қайда кеткенін айтып көрсетеді (оңға, солға, жоғарыға, төменге),  доптың қайда кеткені,  жалаушаны жоғарыға көтеру және төменге түсіру,  қолды алға созу, артына  жасыру. Осы жаттығулар кезінде барлық балалар және педагог бір жаққа қарай отыру не  тұру керек.Баланың кеңістікті  бағдардауда  мынадай тапсырма  беруге  болады: «Парақтың жоғарғы жағына 4 парақша орналастыр», «Не қайда жатыр?» , «Не өзгерді?», «Кім есте сақтады?», т.б.

Кеңістік қатынастардың  алуан түрлілігі кеңістік көмекші  сөздерді пайдалану арқылы сөйлегенде қолданылады: ішінде, үстінде, астында, алдында, артында,  қарсысында, арасында,  айналасында, үстінен,  көлденеңінен, арқылы, бойлай, т.б., сондай-ақ үстеу сөздер: мұнда,  онда,  солға, оңға, алыс, жақын,  төменнен,  жоғарыдан, т.б.



  1. Мектепке дейінгі балалардың сезімдерінің дамуы. Мектепке дейінгі балалардың сезімдерін тәрбиелеудегі тәрбиешінің міндеттері

Ерте сәбилік шақтағы секілді мектепке дейінгі шақта да сезім балалар өмірінің барлық жағында үстем болады, оған реңк және мәнерлілік береді. Кішкене бала өзінің толғаныстарын меңгеруді әлі білмейді, ол үнемі дерлік өзін тартып әкеткен сезімдердің шырмауында қалып отырады.

Үлкен адаммен салыстырғанда бала сезімінің сыртқы бейнесі неғұрлым қызу, тікелей әрі еріксіз сипатта. Баланың сезімі жылдам әрі айқын тұтанады да сонша тез сөнеді, қызу шаттық артынша–ақ жылаумен алмасады. Бала толғаныстарының ең күшті және басты көзі – баланың басқа адамдармен үлкендермен, балалармен өзара қарым-қатынастары. Төңірегіндегі адамдар балаға еркелете қараса, оның праволарын танып, оған назар аударса, бала эмоциялық рақаттылықты, сенімділікті, қамқорлықты сезінеді, әдетте мұндай жағдайларда балада сергек, шат көңіл, көңіл күй басым болады. Эмоциялық рақаттылық баланың жеке басының әдетегінше дамуына, жағымды қасиеттерінің, басқа адамдарға тілектестік қарым-қатынастарының төселуіне себепші болады. Маңайдағы адамдардың балаға қатысты мінез-құлқы балада түрліше сезімдер – қуаныш, реніш т.б. тудырады. Бала бір жағынан еркелетуге, мақтауға, екінші жағынан өзіне жасалған ренішке, көрсетілген әділетсіздікке қатты толғанады. Мектепке дейінгі балаларды жақын адамдарына алдымен ата-аналарына, аға-інілеріне, апа-қарындастарына деген махаббат, мейірімділік сезімі болады, оларға көбіне қамқорлық аяушылық білдіреді. Мектепке дейінгі балаларды басқа балаларды ұнату мен есіркеу оңай пайда болады және айқын байқалады Өзге адамдарға деген сүйіспеншілік пен мейірімділік баланың көз қарасы бойынша олар ренжітушілерге қарсы тұратын қаһармен және ызамен байланысты. Бала түсінбестен жақсы көрген адамның орнына өзін қояды, осы адамның басынан кешірген қайғыға немесе әдетсіздікке өз басына түскен ауыртпалықтай толғанады. Сонымен бірге басқа балаға (тіпті жақсы көрінетін аға-інісі, апа қарындасы болса да), мектеп жасына дейінгі баланың шамалауынша, баса назар аударылса, бұл оның қызғаныш сезімін тудырады. Басқа адамдарға қатысты пайда болатын сезімді бала көркем шығармалардың, оның ішінде ертегілердің, әңгімелердің кейпкерлеріне де аударады: қызыл телпектің душар боған бақытсыздығына жаны ашығанда шынында болған оқиғаға қайғырып тебіренгендей.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет