1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


Мектеп жасына дейінгілердің іс-әрекет түрлерінің дамуы. Бейнелеу іс-әрекеті



бет87/95
Дата26.01.2022
өлшемі158,56 Kb.
#114953
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   95
Байланысты:
гос 1 ЖАУАПТАРЫ

Мектеп жасына дейінгілердің іс-әрекет түрлерінің дамуы. Бейнелеу іс-әрекеті

Бейнелеу іс-әрекетінің басты маңызы - эстетикалық тәрбие құралы болуында. Эстетикалық қабылдау ең алдымен денеге тұтастай, эстетикалық кескініне - пішінінің сымбаттылығы, түсінің әсемдігі, бөліктерінің пропорционалдығына т.б. бағытталады. Тұтастай қабылдаған соң жекелей қасиеттеріне назар аударылып, қабылдауды қсиеттерін жалпылау, сапасын бағалаумен аяқтайды. Кішкентай балаларды бояуының ашықтығы, жылтырақ беттер , ал ересектерін элементтерінің қайталануы, бөліктерінің симметриялылығы, Силуэттің айқындығы қызықтырады. Эстетикалық сезімдер тереңірек және түсініктірек бола бастайды. Оның мынадай құрамдас бөліктері бар: бояуды сезіну (бояулардың ұштасуының әсемдігі), ырғақты сезіну (бөліктерінің ырғақты орналасуы, нәрсе пішіні мен пропорциясын сезіну).Сурет, мүсіндеу және құрама жапсыру қоршаған ортаны образдық бейнелеуге негізделген бейнелеу өнерінің түрі болып табылады. Бұл іс-әрекет балалар үшін ең қызықты. Бұл сабақтарда балалар көптеген материалдармен (қағаз, бояу, саз балшық, бор, т.б.), олардың қасиеттерімен, бейнелеу мүмкіндіктерімен танысады, жұмыс дағдысын қалыптастырады. Және адам еңбегіне қажетті құралдармен (қарандаш, қылқалам, қайшы) жұмыс істеп үйренеді. Бұл іс-әрекеттер балалардың ойлау қабілетінің дамуына септігін тигізеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет