1.Қазақстан тарих толқынында


Қазаргі заманның жаһандық қайшылықтары мен мүмкіндіктері. Жаһандану – бұл əртүрлі қоғамның



бет13/56
Дата09.05.2020
өлшемі118,06 Kb.
#66752
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56
Байланысты:
Модернизация шпор

14.Қазаргі заманның жаһандық қайшылықтары мен мүмкіндіктері. Жаһандану – бұл əртүрлі қоғамның əлемдік ауқымдағы өзара əрекеті мен өзара үйлесуінің объективті интеграциялық үрдісі. Адамзаттың барлық тарихи даму сатысында əртүрлі этностар, ұлттар, халықтардың интеграциялық үрдісі жүріп келді. Əлемде интеграция ағымы əрқашан да болды. Бұл ағым этникалық, ұлттық, мемлекеттік шеңберде көрініс тапты. Тарихи қозғалыстың тəжірибесінде əлем көпқырлы болғанымен біркелкі, бірлік күші мен əрекетіне ие деген ой қалыптасты. Интеграция саясатын ынтымақтастықтың дамуымен, мемлекеттің егеменділігінің сақталуымен, мемлекеттің ішкі ісіне араласпау қағидасын ұстанумен, ұлттық ерекшеліктері мен дəстүрлерін құрметтеумен, мəдени алмасумен, əлемдік құрылымның көпжақтылығымен байланыстырамыз.Жаһанданудың əділ даму үрдісі жағдайында əлемдік экономика мен мəдениеттің біркелкілігіне апаратын ағымдар əрекет етеді. Субъектілердің қызметтерін ортақ қағидаларға бағындыратын ғаламдық экономикалық желісі ғана қалыптасып қоймай, сонымен бірге жалпы əлемдік мəдениетті кеңейте түсетін тиісті социомəдени бейімделуде жүзеге асады.. Жаһанданудың объективті үрдісімен қатар ХХ ғасырдың 70-жылдары тек теорияда ғана емес, сонымен бірге идеологияда, саясатта, экономикалық тəжірибеде үстем бола бастаған неолибералды жаһандану теориясы да қызу даму үстінде болды. Жаһандануды жақтаушылар оны адамзат қоғамы өмірінің барлық жақтарын қамтитын кең көлемдегі, көп жоспарлы үрдіс деп қарастырады. Біріншіден, олардың ойынша жаһандану экономиканың өзіндік дамуынан шығады. Екіншіден, тауардың, капитал мен ақпараттың еркін айналымына түрткі болып, жаһандану «адамзаттың тұрмыс халінің дамуы үшін ең жақсы жағдай» жасайды .Үшіншіден, жаһандану бірыңғай əлемдік əлеуметтік-экономикалық құрылыстың қалыптасуына, іс жүзінде бірнұсқалы дамуға жетуге мүмкіндік туғызады.Төртіншіден, «мəдениеттің халықаралық таралуы, маңыздылығы жағынан жоқ дегенде экономикалық үрдістен кем емес» Жаһандану үрдісі үш өзара байланысты құрамдас бөліктен тұрады: жаңа халықаралық еңбек бөлісі, халықаралық өндіріс жəне саяси қатынастар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет