1.Қазақстан тарих толқынында


Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі: басты қалыптасу кезеңдері



бет20/56
Дата09.05.2020
өлшемі118,06 Kb.
#66752
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56
Байланысты:
Модернизация шпор

21.Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі: басты қалыптасу кезеңдері.«Нұрлы жол: болашаққа бағдарламасы«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді.Бағдарлама Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент және Өскемен қалаларын заманауи инфрақұрылымы бар ұлттық және халықаралық деңгейдегі хаб-қалалар ретінде белгілеумен, елдің макроаймақтарын қалыптастыру арқылы Қазақстанның бірыңғай экономикалық нарығын құру және елдік көлік инфрақұрылымын халықаралық көлік жүйесіне біріктіруді қамтамасыз етуге бағытталған.Оның ішінде «Байтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мемлекеттік бағдарламаның азаматтар үшін тұрғын үй қолжетімділігін жоғарылату, кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеге қабілетін арттыру, отандық машина құрастыруды қолдау, экспортты қолдау тәрізді бағыттарын іске асыруға жауап береді.Экономиканың жекелеген секторларын, өңдеу өнеркәсібінің отандық экспортқа шығарушыларды қолдау жөніндегі шараларды іске асыру және басқа іс-шаралар өндірістің ағымдағы көлемін , қазіргі жұмыс орындарын сақтауды, сондай-ақ сыртқы нарықта конъюктураның нашарлауы жағдайында жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді. Тұтас алғанда, инфрақұрылымды дамыту арқылы мемлекеттік инвестицияларды ұлғайту және кәсіпкерлікті қолдау арқылы Бағдарламаны іске асыру қысқа мерзімде экономикалық өсімге ықпал етіп қана қоймай, болашақта тұрақты өрлеуге алғышарт болады. Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау («Қазақстанның Даму Банкі» АҚ желісі бойынша)ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы №124 Қаулысына сәйкес (бұдан әрі – ҚРҮҚ), ірі кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – Даму Банкі) банкаралық кредиттеу механизмдері арқылы ҚР Ұлттық қорынан 50 млрд. теңге сомасына қарыз қаражат бөлінді. Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау («Даму» КДҚ» АҚ желісі бойынша)Ұлттық қордан «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бөлінген 50 млрд. теңге аясында 2017 жылдың 1 шілдесіне қатысты жағдай бойынша, ШОБ желісі бойынша 100,6 млрд. теңге сомаға 518 жоба қаржыландырылды, оның ішінде, айналым қаражатын толтыру мақсатында 60,4 млрд. теңге сомаға 267 жоба. Солайша, бөлінген 50 млрд. теңге толық дерлік игерілген. Отандық машина жасауды дамытуОтандық машина жасауды қолдауға ҚР Ұлттық қорынан 35 млрд. теңге (2015 жылғы 23 сәуірдегі №271 ҚРҮҚ), оның ішінде 26 млрд. теңге ЕДБ арқылы жеңіл автомобильдерді сатып алу үшін автокредиттеуге, 4 млрд. теңге – «ҚДБ-Лизинг» АҚ арқылы көлік құралдары мен арнайы мақсаттағы автотехниканы сатып алуды жеңілдікті лизингті қаржыландыруға, 5 млрд. теңге – жолаушылар вагондарын өндіруді қолдауға бөлінді.2017 жылдың 17 тамызына қатысты жағдай бойынша Даму Банкі жалпы сомасы 36 302,8 млн. теңгеге автокредиттеуге екінші деңгейдегі банктердің 9 454 өтінімі мақұлданды. Олардың ішінде екінші деңгейдегі 6 банкпен жалпы сомасы 35 382,3 млн. теңгеге отандық автоөндірушілердің автокөліктерін сатып алуға 9 200 кредит берілді. Экспорттық және экспорт алдындағы қаржыландыруды ынталандыруОтандық экспорттаушыларды қолдау аясында ҚР Ұлттық қорынан 3 траншпен қаражат бөлінді: 1) 35 млрд. теңге в 2015 жылы, 2) 15 млрд. теңге 2015 жылы және 3) 15 млрд. теңге 2016 жылы. (2015 жылғы 23 сәуірдегі №271 ҚРҮҚ ). Қосымша, ҚР Үкіметінің отырысында мақұлданған 2016 жылға арналған дағдарысқа қарсы қосымша жедел шаралар жоспарына сәйкес (2016 жылғы 15 ақпандағы №5 хаттама, бұдан әрі - Жоспар), «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ) қаражатының есебінен 30 млрд. теңге сомаға Даму Банкінің экспорт алдындағы (экспорттық) кредиттеуін қосымша қаржыландыру іске асырылды..



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет