28.«Халық тарих толқынында» (2013) 2013 жылдың 12 шілдесі күні «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасын даярлау бойынша жұмысшы тобы отырысы болып өтті. Отырыс жұмысына жұмысшы топтың жетекшісі – ҚР БҒМ ҒК төрағасының орынбасары А.К. Төлешов қатысты. Отырыс ММ «Мемлекет тарихы институтының» директоры, т.ғ.д., профессор Б.Г. Аяғанның төрағалығымен өтті.«Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасын даярлау бойынша жұмысшы тобы отырысы Хаттамалық шешім қабылдады:I. 2013 жылдың 10 шілде мен 10 тамызы аралығындағы «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасын даярлаудың ұйымдастыру схемасы бекітілсін;II. «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы құрылымының жобасы негізге алынсын;III. 2013 жылдың 22 шілдесіне дейін «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасының жобасы жасалынсын;IV. 2013 жылдың 10 тамызына дейін, белгіленген ереже бойынша ЖҒТК-ның қарастыруына «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы ұсынылсын.-Ұлттық тарихты зерделеу мәселесі бойынша Астана және облыс әкімшіліктерімен, жоо-ның ректорларымен біріккен жиналыстар ұйымдастырылып, өткізілді ( ШҚО - Аяган Б.Г. ; Қарағанды - Қыдыралина Ж.Ү.; Орал қ. - Қалиев Ж.Н.)-«Қазақстанның жас тарихшылары Ассоциациясын» құру мәселесі бойынша (мұнан әрі-Ассоциация) қоғамдық бірлестік бастамашыларының Құрылтай жиналысы өткізілді. Ассоциация 2013 жылдың 7 маусым күні Астана қаласында құрылды. Құрылтайшылары 10 жас тарихшы болып табылады.Қазіргі кезеңде Ассоциация мүшелерінің саны – 31 адам. Ассоциацияның жоғарғы басқарушы органы Астана қаласында орналасқан.Құрылтай жиналысында бекітілген «Қазақстанның жас тарихшылары Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің Жарғысы жасалынды. Жарғыда мәні, мақсаты, міндеттері және қоғамдық бірлестіктің қызмет түрлері айқындалды.Мемлекеттік тіркеуден өту үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу қызметі Комитетіне «Қазақстанның жас тарихшылары Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі құжаттарының тізімі даярланды. Мемлекеттік тіркелуден кейін, облыстарда, Алматыда Ассоциация филиалдарын құру жоспарлануда. Қазіргі кезеңде Ассоциацияның 2013 жылдың екінші жартысына арналған іс-шаралар Жоспары жасалынды.
1998 жылдың 6 мамырында Президент
2018 жылы 12 сәуірде Қазақстан РеспубликасыныңПрезидентіН.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланғанына бір жыл болды.Осыған орай Елбасының қатысуымен өткен алқалы жиында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша былтырдан бері атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылып, жарық көрген алғашқы он сегіз оқулықтың тұсаукесері өтті.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында өткен шараға танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, жоғарғы оқу орындарының басшылары, гуманитарлық ғылыми орталықтардың қызметкерлері, ұстаздар, зиялы қауым өкілдері, жас ғалымдар мен студенттер және жобаға атсалысқан аудармашы редакторлар мен баспагерлер қатысты.Өткен бір жылда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша көптеген жұмыс атқарылды.Жалпыхалықтық талқылаудан кейін латын графикасындағы қазақ әліпбиінің бірыңғай стандарты қабылданды.«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында алғашқы 18 кітап мен оқу құралы жарыққа шықты.
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
Достарыңызбен бөлісу: |