74.1986 жылғы Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы желтоқсан оқиғасы. 1986 жылгы желтоқсанның 17-18-інде Алматының жастары республика мүдделерінің аяққа тапталуына қарсылық білдіру үшін көшелерге шықты. Шеру бейбіт болды: мемлекетке немесе үкіметке қарсы ешқандай ұрандар болған жоқ, азаматтар өздерінің конституциялық құқықтарын ғана іске асырды.
Шерушілердің алдына шығып, Қазақстан КП ОК Пленумы шешімінің мән-жайын түсіндірудің орнына, республика басшылығы жастармен сөйлесуден бас тартты. ПІерудің кең етек алып кетуінен қорыққан Г.В.Колбин және республикалық басшылық Мәскеудің, КОКП Орталық Комитетінің көмегіне жүгінді, Нәтижесінде, КСРО ІШКІ Істер министрлігі елдің әр өңірлерінен ішкі әскердің арнаулы бөлімдерін Алматыға аттандырды. Жастардың қарсылығы әскер күректерінің, ізшіл иттердің, өрт сөндіру машиналарының күшімен басып-жаншылды. Құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттерінен көптеген студенттер мен жұмысшы жастар зардап шекті.
Қоғамда шиеленіскен жағдай орнады. Орын алған оқиғалардан кейін партия органдары «ұлтшылдар» мен «желтоқсаншыларды» анықтап, табу үшін дабыра науқан жүргізді. Студенттердің арасында тұтқындау басталды. Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі құрған Комиссияның 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын зерттеуге берген бағасы бойынша, сол кезде ұсталғандардың саны 85000-ға жеткен.
Желтоқсан оқиғасынан кейін қудалау басталды: шеруге қатысқандардың екеуіне ең жоғары жаза - өлім жазасына үкім шығарылды, 99 адам әртүрлі мерзімдерге сотталды (біраз уақыттан кейін олардың ішінен 46 адам ғана ақталып шыққан). Желтоқсан оқиғаларына қатысқандардың арасынан 787 жас — БЛКЖО қатарынан, 52 адам — компартия қатарынан, 271 студент оқу орындарынан шығарылып, 1138 адам комсомолдық жаза алып, жүздеген адам жұмыстан кетуге мәжбүр болды. Жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметтерінен қуылды. Өлім жазасына кесілген екі адамның бірі Сәулет-құрылыс институтының студенті Қайрат Рысқұлбеков еді.
Сөйтіп, 1986 жылдың желтоқсаны және содан кейін республикада орын алған оқиғалар қоғамдық өмірді барлық жақтарынам демократияландырудың қайта құрушылық идеясының жай тана мағлұмдама екенін, яғни кеңестік жүйенің озбырлыгы әлі де жойылмағанын, басқарудың басып-жаншу және қудалау-жазалау әдістері бұрынғы күйінде қалғанын көрсетті.
1986 жылдың желтоқсаны, президент Н.Ә.Назарбаевтың сөзі бойынша, Қазақстанның тәуелсіздік пеи егемендік алуыиың бастамасы болды, қазақ жастарыныц сана-сезімінің қаншалықты дәрежеде өскенін көрсетті.