Махмұд Қашқари (Қашқари Махмуд ибн Хусейн ибн Мухаммед -Қашқар, 1029 ж — көрнекті философ, энциклопедист-ғалым. Бұхара мен Самарқанда оқыды. Араб жэне парсы тілдерін жете білді. Өз еңбектеріне материал жинап, Мавреан, Хорезм жэне Ферғанада Бұхараға дейін аралады.
Махмұдтың толық аты-жөні Махмұд абы Хусейн ибн Мухаммед Қашқари. Оның әкесі Қашқардың туып-өскен. Ол кезде арабша білім алған түріктер сол кездің салтым ен өз фамилиясын туған жерінің атымен атаған. Сөздің соңындағы — парсының тәндікті, белгіні білдіретін жұрнағы. Қазақша айтсақ — қашқарлық дегенді білдіреді. Әкесі Қашқарда туып-өсіп, соның тұрғыны болғанымен, өмірінің көп кезеңін Баласағүн қаласында кешкен. Атақты ғалым осы Баласағұн қаласында (Қырғызстанның қазіргі Тоқмақ қаласы) туған. Балалық және жастық шағының көп мезгілін Ыстық кол маңындағы қышлақтарда өткізеді. Өз айтуынша, оның экесі Қараханидтер тұсындағы әміршілердің бірі Насыр ибн Әлидің нәсіліне жатады. Махмұд алғашқы білімді Қашқар қаласында алады да кейін Орта Азия мен Иранның біраз қалаларын аралауға сапар шегеді. Сапарының негізгі мақсаты — өзінің білімін толықтырып, жетілдіру болды. Ол сол замакғы араб мэдениеті мен ғылымының көрнекті орталығы болған Бағдат қаласында да біраз уақыт тұрғанға ұқсайды. Махмұд Қашқари арабша жоғарғы білім алған өз заманының аса көрнекті ғалымы болған. Араб филологиясын жетік білген жэне өз білімін туған халқының тілі мен әдебиеті, тарихы мен этнографиясы, географиясы жайында зерттеулер жүргізуге жұмсаған. Махмұд Қашқаридың дэл қай жылы туып, қанша жыл өмір сүргендігі әзірше белгісіз. Бұл жонінде жалғыз дерек кітабының аяғында ол «бұл кітап мен олімге бір табан жақындатты» деп жазады. Бүл бір жағынан, автор әзінің бұл тарихи еңбегін жазуға ұз ақ жылдар бойы еңбек еткенін дэлелдесе, екінші жағынан оның біраз жасқа келгендігін де көрсетеді. Олай болса Махмұдтың туған кезі XI ғасырдың басы болса керек. Өйткені «Диуани лұғат-ат-түрк» хиджра есебімен 464-жылдың бесінші айының алғашқы күні (қазіргі жыл санау бойынша 1072 жылдың 25 қаңтарында) жазыла бастаған, 466 жылдың алтыншы айының 10 күні (1074жылдың 10 ақпанында) аяқталған. Осыдан екі ғасыр өткен соң 1266 жылдың тамыз айында «Диуани лүғат-ат-түрк» түп нұсқасынан бір сириялық кісі көшіріп алды. Көшіруші былай деп жазады: «Әуелі Сава, кейін Шам (Дамаск) қаласының түрғыны Мүхаммед бин Әбубокір ибн Әб әл фатих (оны тэңірі жарылқасын) осы кітапты түп нүсқасынан көшіріп, 664 жылы оныншы айдың жиырма жетішні жексенбі күиі бітірді». «Диуани лүғат-ат түрк» автордың соңғы еңбегі болса керек. Өзінің айтуынша ол бүл кітаптан бұрын да түркі тілдерінің статистика жүйесі жайында («Джавахир аішахви фллахи түрк») «Түрік тілінің синтаксистік жүйесінің нсгіздсрі» деген ғылыми трактат жазған. Алайда оның бүл еңбегі сақталмаған болу керек, сондьгқтан осыдан басқа еш мэлімет жоқ.
Махмүд Қащқаридің түркі халықтарының ішінде нақ қай халық өкілі екені туралыда ешбір мәлімет жоқ. Рас, оны түркі халықтарының біріне телуге тарихи деректер мүмкіндік бермейді. Өйткені қараханидтер түсындағы түркі халықтарының кейігі араласып, бір-біріне өте жақын болып кеткені соншалық, пәлен тайпа — тек қана пэлен халықтың этногенезін қүрады деп айтуға келмейді. Бір тайпаның езі кейінгі дәуірде бірнеше халықтардың қүрамына кіріп, сіңісіп кетіп отырған. Ал Махмүдтың сол кездегі түркі тайпаларының қайсысынан шыққандығы жайында өзінің бір ескертпесі жөнінде айта кеткен жөн. Оның айтуынша, оның ата-бабасы сез басындағы а дыбысына х дыбысын қосып айтатын болған. Бүған қарағанда, оның туған тайпасы Орта Азия жеріне бір жақтан келген емес, осы аймақтың тұрақты ескі түрғыны. Дегенмен, бүл ескерткенің өзі де Махмүдтың нақ қай тайпадан шыққандығын анықтауға мүмкіндігін бермейді.
Бірсыпыра зерттеушілер Махмүдтың қашқарлық екеніне қарай, оны үйғыр деп такып, оның үлы мүрасын да ескі үйғыр тілінің ескерткіші дейтін пікірге ойысатын сияқты. Бірақ олай деп түжырымдауға пэлендей айқын дәлел жоқ. Қашқар қаласының ол кездегі этникалық қүрамын айырып алудың өзі қиын. Оның бер жагында «Диуани лүғат-ат-түрк»-ті тек ескі үйғыр тілінің ескерткіші деуге тағы да дәлел табу қажет. Онда сол кездегі түркі тайпаларының бөрінің де әдеби, тілдік мұралары бар. Онан соң, сол кезде Қашқаридың ата-бабасы шыққан рудың немесе тайпаның қай халықтың құрамына енгенін де айту оңайға түсе қоймайды. Кейбір шетел зерттеушілері, де әсіресе, Түркия зерттеушілері Махмүд Қашқари Анатолия түріктерінен шыққан ғалым деп даурығып жүр. Анығында Махмұд Қашқари жоғарыда келтірілген ескертпе арқылы өз ата-бабаларының қалай да Ортаазиялық түрғын екекін дәлелдеп отыр. Олай болса, бүл жерде оның түрағы мен шыққан халқын Түркия жеріне көшіре қоярлықтай қисын жоқ. Оның үстіне дэуір ескерткіштеріне Түркия ғалымдарының панисламистік, пантуркистік мақсатпен жармаса кетуі тегін емес. Ғылым тарихы олардың осы тэрізді талай «кэсібін» біледі. Олар тіпті Орхон-Енисей жазбаларын да имденбекші болғаны да мәлім.
Махмүд Қашқаридың атын бізге, біздің заманымызға жеткізген оның үлы мүрасы «Диуани лүғат-ат-түрк». Сондықтан Қашқари жайындағы, оның тарихи ерлігі жайындағы мэселені — сол еңбегі, оның мәні мен маңызы, онда сез болған шешуін тапқан ғылымдық мәселелерден бөлектеп қарауға болмайды. Осы екеуін бірлікте алып, жарыстыра әңгімелегенде ғана бүдан тоғыз жүз жылдай бүрын өмір сүрген, еңбек еткен үлы ғалымның нағыз бейнесін еске аламыз.
М. Қашқари еңбегі негізінен сол дәуірдегі түркі тайпаларының тілдік қүрылыстарын жүйе-жүйемен баяндауға арналған. Бірақ кітаптың берер мәліметі онымен ғана шектелмейді. Қашқари еңбегін қазіргі заманда, тек қана тіл мамандары оқып, зерттеп қоймай, сонымен қатар, эдебиетші, тарихшы, этнографтар мен географтардың да үңіле қарап, жете зерттеп жүргені кездейсоқ жай емес. Қашқари еңбегінің әдеби маңызы жайлы неміс оқымыстысы М. Хартман «Диуани лүғат-ат-түрк» — халықтық әдебиеттің үлгісі, соның негізінде қүрылған» дейді де, осыдан екі-ақ жыл бүрын жазылған «Қүдадқу білікті» («Бақыттылық жайлы ілім») — сарай әдебиетінің нүсқасы деп табады. Бүл «Диуани лүғат-ат-түрк» түркі халықтарының ескі әдебиетінің тарихында аса сирек кездесетін әдебиет үлгісі екендігін анықтаған ғалымның пікірі. Махмүд Қашқари еңбегінде, жоғарыда көрсетілгендей, сол заманғы түркі тайпалары жайында мэлімет беріледі. Ол мэліметтер қай халықтың қандай тілде сөйлейтіні жайында ғана емес, олардың орналасу тэртібі, қай тайпаның қайдан келгендігі, қандай территорияны мекендейтіні, әдет-ғұрыптық ерекшеліктері және т.б. болып келеді. осыған байланысты М. Қашқари өмір сүрген дәуірдің кейбір тарихи жағдайларын еске түсіре кеткен мақүл. М. Қашқари XI ғасырда өмір сүріп, еңбек етті. Бүл дәуір тарихта қараханидтер деген атпен белгілі. М. Қашқаридың өзі де осы қараханид патшалығы эміршілерінің біріне туыстық жақындығы барын айтады. X ғасырда басқа тайпалар арасында үстемдік алған Қарлұқ тайпалар одағы Жетісу өңірінде негізгі түрік халықтарынан шыққан қараханидтер, яғни Илекхан династаясының бастауымен өздерінің куатты мемлекетін қүрады. Қараханидтер мемлекеті тарихта түркі халықтары арасындағы алғашқы мұсылман династияларының бірі еді. Мемлекеттің орталығы әуелі Баласағүнда (Қырғызстанның Тоқмақ қаласы) болады, кейін Қашқар қаласына ауысады. Қараханидтер мелекетінің нағыз дәуірлеген кезі Х-ХІ ғасырлар болса керек.
Бүл кездерде қараханидтер мемлекетінің шекарасы Жетісудан бастан Қашқар, Бүқар, Самарқанд қалаларына, Сырдария бойларына дейінгі мол территорияны алып жатқан. Қараханид мемлекетінің қүрамы да әрқилы болған. Сол заманда отырықшы әрі мәдениеті жоғары болған үйғырлар, Сырдария мен Амудария бойларындағы иран мен түркі халықтарының арасынан шыққан қоспа түрғындар және т.б. мемлекет құрамының ала-қүлалығын дәлелдеумен бірге оның мәдениетінің де қат-қабат сырларын аңғартқандай. Қараханидтер мемлекетінің мәдениеті мемлекет қүрамындағы халықтар мәдениетінің қосылған түрі іспетті болған. Бүл кезде мемлекет территориясындағы қалалар да қатты дамыған. Мемлекеттің халық қүрамына қарай, екі түрлі жазба әдеби тіл қалыптасқан. Бірі мемлекеттің шығысында қарлүқ-үйғыр тайпалары батысында, Хорезм маңында, оғыз-қыпшақ тілдерінің негізінде екіншісі — мемлекеттің тайпалары тілдерінің негізінде қалыптасқан.
М.Қашқари еңбегінде Қараханидтер мемлекетінің қүрамына енген түрік тайпалары атап-атап көрсетіліп отырады. Қашқарғи түрік нәсіліне жиырма түрлі тайпа жатады деп көрсетеді. Осы тайпалардың әрқайсысы бірнеше рулардан түратыны айтылады. «Бірақ ол рулардың бастыларын атадым да, майдаларын тізіп жатпадым» деп көрсетеді. Қашқари тайпалары екі топқа бөліп, батыстан шығысқа қарай орналасу тәртібі бойынша санап шығады. Сонда бірінші топқа (солтүстік топқа): батыстағы тайпа — бегенек (печенег), онан соң қыпшақ, оғүз, имек, башқүрт, басмыл, қай, йақабу, татар, қырғыз жатады. Екінші топқа (оңтүстік тайпа): ең батыстағы тайпа — чығыл, тухси, яғма, ырғақ, йарук, йумул (жумул) үйғыр, қытай, таббач (табкач) жатады. Ал соғдақ арғу (арғүн), түбүт (тибет) — тайпалары бүл жерге басқа жерден келгендер деп көрсетіледі. Түбүттер туралы Қашқари былай деп жазады: «Түбүт — түрік жерінде түратын тайпа. Киік этір соларда болады. Қылмысты болып, қаша көшіп, теңіз жолымен Чинға жетіп, сонда орнығып қалған. Өсіп-өнген, олар бани-сабат үрпағы. Олардың солтүстігінде үйғыр, шығысында Қытай, батысында Кашмир, оңтүстігінде Үнді теңізі. Олар өз ана тілін әлде қашан үмытып, түрік тіліне үйренсе де, түрік сөздерін өз тілінің заңдарына лайықтап айтатыны байқалады.
Мысалы, ана деген сөзді ума деп, ата деген сөзді оба деп атайды. Арғүлар «Диуани» мэліметтері бойынша осы күнгі Шымкент пен Тоқмақ қалаларының аралығында кең территорияда түрған. Сол маңдағы тайпалар арасында олар көп уақыттар бойы үстем болған. XI ғасырда яғни «Диуани» жазылған мезгілдерде арғүлар өздерінің бүрынғы басымдығынан айырылады да билік басқа тайпаның қолына көшеді. Сонысына байланысты арғүлар бүрынғы мекенін де өзгертеді.
Лл үйғырлар негізінен бес үлкен қалада: Сумми, Кужу, Жанбалық, Бесбалық, Ианыбалық (балық — ескі түрік тілінде қала деген сөз) деген қалаларда түрады деген мәлімет беріледі. Қыпшақтар мекені деп Товар және Қашқар маңындағы бір кішірек қала деп аталады, Диуанидағы мөліметтерғе қарағанда олар шаруашылықпен, балықшылықпен айналысқан. Сонымен қатар сол кезеңде қышпақтар әлсізденіп, ыдырап, біразы оғыздарға, біразы чығылдарға, т.б. тайпаларға қосылып кеткені де аңғарылып отырады.
Ал оғыздар — түркі тайпаларының бірі олар түрікмен болып табылатынын айта келіп, түрікмендердің жиырма екі рудан қүралатынын, олардың эр қайсысының өзіне тән таңбасы, малға салатын елдері барлығын, элгі рулар өзара сол ен — таңба арқылы айырлатынып хабарлайды. Рулардың аттары, ен — таңбаларын атап-атап көрсетіледі. Мүндай тарихи этнографиялық мэліметтер Қашқари еңбегінде жиі кездеседі.
Сөздікте берілетін эрбір сөздің түсында (егер ол зтноним, мал, қүс, т.б. атауларға немесе әдет ғүрыптарға, салт-сана, шаруашылық кәсіпке байланысты сез болса) мүмкін боларлық бар мэлімет беріліп отырады. Сөйтіп, Қашқари еңбегінің маңызды бір жері осы материалдарга байлапысты болып келеді. Әрине, Махмүт Қашқари филолог жэне оның еңбегі де осы түргыда жазылған. Еңбектің қүрылысының жинақы, жүйелілігі, ондағы мэселелердің ғылыми түрғыдан маңыздылығы мен дэлдігі авторды өз заманының аса ірі оқымыстысы есебінде танытады.
«Түркі тілдері сөздерінің сөздігі» ең алдымен лексико-графиялық мүра есебінде коңіл аударады. Қашқари создерді реттеп беруде озіне тән тосіл қолданады. Ол ең эуелі аз әріптерден қүралатын сөздерді береді де, одан өрі эріптің санына қарай дамытып отырады. Қандай создерді беріп, қандай создерді бермеу мақұл дегенде, сол кезеңде тайпалар тілінде қодданылып жүрген ягни, актив создерді ғана беру керек деп мәлімдейді. Бүл автордың алдын-ала ойластырылған приицип бойынша жүмыс істегендігін дэлелдейді. Ол создік жасауды әйтеуір білген, естіген создерді тізе беру деп қарамайды. Сонымен қатар автор тілдің создік қүрамындағы актив создер мен пассив создерді айыра қарап, екеуін екі түрлі қүбылыс деп есептейді.
«Түркі тілдері создері жинағының» лексикографиялық мәні мұнымен ғана бітпейді. Онда антоним мен синоним сөздер, омоним сөздер мен метафоралар, диалектілік сөздер бас-басына ажыратылып түсіндіріліп отырады. Ал мұндай жүйеге келтіру, байқампаздық Қашқари заманындағы лингвистика үшін аса бір ірі табыс еді.
Автор ескірген сөздерді, шеттен кірген сөздерді сөздікке енгізбедім деп мэлімдейді. Әрине, бүгінгі түркі тарихы түрғысынан алғанда, олардың «Сөздікте» берілуі аса маңызды іс болар еді. Алайда автор өз принципіне басынан аяғына дейін берік.
Сонымен қатар Махмүд Қашқари бүл еңбегінде түркі тілдерінің алғашқы классификациясын береді. Осы мақаланың басы жағында сөз болған түркі тайпаларын екі топқа (солтүстік және оңтүстік) бөліп қарауы тюркология тарихындағы алғашқы классификациясы еді. Бүл классификацияда Қашқари географиялық (орналасу орнына қарай) принцип қолданады.
Алғашқы рет Қашқари қолданған географиялық принцип біздің заманымыздағы басқа да классификацияларда да қолдау тапты. Сондай-ақ Қашқари қолданған географиялық принцип біздің заманымыздағы басқа да классификацияларда да қолдау тапты. Сондай-ақ Қашқари көрсетіп кеткен кейбір диалектілік айырмашылықтар да кейін түрік тілдерін топқа бөлуде басты принцип болып қалады.
М.Қашқари өз замынындағы түркі тілдерінің қайсысы қандай дэрежеде дамығанын да айтып отырады. Оның айтуынша түркі тілдерінің ішіндегі ең жеңіл тіл оғүз тайпаларының тілі, ең сындарлы, эдемісі яғма, тухси тайпалары мен Іле, Ертіс, Еділ бойларынан бастап үйғыр қалаларына дейінгі аралықта түратын тайпалар тілдері. Бұлардың ішінде де ең сындарлысы және көп тарағаны — ұйғыр тілі. Әрине, Қашқари заманында үйғыр тілі тарағаны — үйғыр тілі. Әрине, қашқари заманында үйғыр тілі түрік тайпаларының арасында эдеби тіл міндетін атқарады. Сондықтан да ол басқа тілдерге қарағанда көп жерде қолданылады.
Махмұд Қашқари және оның еңбегі «Диуани лүғат-ат-түрк» жайындағы қысқаша мәлімет осындай. Мақалада оның еңбегінің басты-басты мәселелері ғана атап көрсетіледі. «Диуани лүғат-ат түрк» әлі жете зерттелген емес. Соның өзінде бұл еңбектің тілін бір ғана халық тіліне телуге болмайды. Онда осы күнгі Орта Азия мен Қазақстан, Еділ-Орал бойлары, тіпті солтүстік Кавказ жерін мекендейтін барлық түркі халықтары тілдерінің элементтері бар.
«Диуани лүғат-ат түрк» кітабы тілінің сөздік қорында болса да, грамматикалық қүрылысында болса да қазіргі қазақ тілі материалдармен сай түсіп, кейбір фонетикалық, грамматикалық өзгерістеріне қарамай, мәндес болып отыратын фактілерді жиі кездестіруге қарамай, мәндес болып отыратын фактілерді жиі кездестіруге болады. Мұның өзі Қашқари еңбегін қазақ тіліне жақындығы түрғысынан зерттеу жүмыстарын жүргізудің аса қажет екендігін дәлелдейді.
Махмұд қашқари өз заманының аса білімдар перзенті болған. Оның ғылыми мүрасы- «Диуани лүғат-ат-түрк» — соның айқын куәсі.