1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Сібір хандығы (XV ғ. соңы – XVІ ғ.): білім тарихы, ішкі және сыртқы саясаты



бет41/156
Дата21.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#163773
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   156
Байланысты:
тарих сессия

24.Сібір хандығы (XV ғ. соңы – XVІ ғ.): білім тарихы, ішкі және сыртқы саясаты.
Сібір хандығы — 15 ғасырда Батыс Сібірде құрылған феодалдық мемлекет. Алтын Орданың құлдырауынан және одан Шайбаниұлысының бөлініп шығуынан пайда болған хандық. Сібір ханы Көшім.
XIII-XV ғасырлардағы Батыс Сібір. Сібірдің жерінде біршама түрік тайпалары мекен етті.Моңғол шапқыншылығынан кейін Батыс Сібір Жошы ұлысы құрамына кіріп, Шайбани әулиетінің жері саналғанымен, елді басқару Тайбұға заманындағы түрік шонжорлары әулиетінің қолында болды. Тайбұға Шыңғысханның құрметіне өзінің астанасы Тура қаласын Чимги-Тура деп атаған. Қазір ол қаланың орнында Тюмень қаласы орналасқан. 1428 жылы Батыс Сібірді Әбілқайыр басып алды.
Көшім тұсындағы Сібір хандығы. Территориясы: Батыс Сібір, Орал өңірі, Ертіс, Тобыл өзендерінің алабы. Құрамындағы тайпалар: керей, қыпшақ, найман, арғын, жалайыр, ханты, мансы т. б.Астанасы: Искер қаласы.1563 жылы хан тағына Көшім отырды. Алтыұл тайпасынан шыққан Көшім 1510 жылы Ноғай ордасында дүниеге келген. Ол 1555 жылы Сібірде билік жүргізген Тайбұға мен соғысып, оны жеңеді.
Экономикасы мен мәдениеті. Көшімнің кезінде Сібір хандығында көптеген қамалдар мен бекіністер, ғимараттар салынады. Көшімнің тұсында Сібір халқы ислам дінін қабылдайды. Сібір хандығында, негізінен, сауда мен аңшылық дамыды.
Сібір-Ресей қатынасы. Сібір ханы Көшім Ресейдің шығысқа қарай ұмтылуына кедергі жасауға тырысты.1574–1575 жылдары сібірге барлауға жіберілген Иван Грозныйдың отрядын Көшім хан қырып тастайды.1582 жылы Көшім әскерлері атаман Ермактың отрядынан жеңіледі.1582 жылдың күзінде атаман Ермак 600-ге жуық казагымен Искер қаласына шабуыл жасайды. Көшім әскері жақсы қаруланған Ермак отрядынан жеңіледі.1584 жылы Көшімнің адамдары Ермакты өлтіреді.1598 жылы орыс әскерлеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста Көшім жеңіліп, Шығыс Қазақстан жеріне қашады. Сібір хандығы осылай Ресей империясының құрамына кіреді.
25.Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет