1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Распри 1653-1677 жж. егестер



бет51/156
Дата21.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#163773
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   156
Байланысты:
тарих сессия
2-бет Мазмұны, 1 darisbayan 3, Қазақстан тарихынан Мемлекеттік емтихан сұрақтары. doc (1), врПлан
Распри 1653-1677 жж. егестер
1653 жылы Батыр өлгеннен кейін оның ұлы Сенге таққа отырады, бірақ бұл шешіммен оның әкесі бір, шешесі басқа бауырлары келіспейді. Хошут хан Очирту Цецен ханның қолдауымен бұл күресте 1661 жылы Сенге жеңіске жетеді. 1667 жылы ол үшінші әрі соңғы алтын хан Ловсанды басып алады. Алайда 1670 жжылғы төңкеріс кезінде өзі де бауырларының қолынан қаза табады. Ол кезде Сенгенің інісі Галдан Тибетте тұратын. Ағасының өлімін естіген ол бірден Тибеттен оралып, ағасын өлтірген Шешен тайшы мен Зотовтан ағасының кегін қайтарады. 1671 жылы Далай Лама Галдан Бошогтуға хан атағын береді. Сенгенің ұлдары Соном Рабдан мен Цэван Рабдан Галдан Бошогтуға қарсы шығады, бірақ жеңіліс табады. Очиртудің немересі Ану Дареге үйленген ол енді онымен де қақтығысқа түсе бастайды. Галданның өсіп келе жатқан беделінен жүрексінген Очирту, Галданның атағын мойындаудан бас тартқан оның ағасы Шоқыр Убашиға қолдау көрсетеді. 1677 жылы Очиртуді жеңгеннен кейін Галдан ойраттарға билік жүргізе бастайды. Келесі жылы Далай Лама оған Бошогту Хан жоғары атағын береді.
Яркент хандығын жаулап алу (1678-1680)
XVI ғасырдың аяғында Яркент хандығына Қожалар ықпалын жүргізді. Қожалар өздерін Мқхаммед пайғамбардың немесе төрт араб халифының ұрпағымыз дейтін Накшбанди сопылары болатын. 1533 жылы Қашқарға аса ықпалды қожалардың бірі Махмұд-и-Азам келіп, осы жерде тұрақтап қалады да, екі ұлы дүниеге келеді. Махмұд-и-Азамның ұлдары бір-бірін жек көреді, олардан тараған ұрпақ та екіге бөлініп Қашқарда Ақ Тағлық (Ақ тау) және Яркентте Қара Тағлық (Қара тау) делініп, екі фракция құрады. Ақ Тағлықтарға Жолбарыс хан қамқорлық жасап, Қара тағлықтарды үнемі басып отырады. 1670 жылы Жолбарыс хан өлгеннен кейін таққа оның ұлы отырады, бірақ оның билігі ұзаққа созылмайды. Одан кейін таққа Исмайыл хан келеді. Ол Ақ Тағлықтардың билеушісі Аппақ қожаны елден қуады. Аппақ Тибетке қашып, онда V Далай ламанң көмегімен Галдан Бошогту ханның қолдауына ие болады. 1680 жылы Галдан 120 мың әскерді бастап Яркент хандығына жорыққа шығады. Галдан әскеріне Ақ Тағлықтар және өзі жеңіп алған Хамилер мен турфандар көмектеседі. Исмайылдың ұлы Бабақ сұлтан Қашқар үшін, Иваз бек қолбасшы Яркент үшін шайқаста қаза болады. Жоңғарлар еш қиындықсыз моғолдар әскерін жеңіп, Исмайыл мен оның отбасн тұтқынға алады. Галдан Бабақтың ұлы II Абд ар-Рашид ханды қуыршақ хан қылып сайлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет