1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Жәңгір ханның билігі: жер иелену мен жер пайдаланудың жаңа формалары, ағарту саясаты



бет63/156
Дата21.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#163773
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   156
Байланысты:
тарих сессия

35.Жәңгір ханның билігі: жер иелену мен жер пайдаланудың жаңа формалары, ағарту саясаты.
Бөкейұлы Жәңгір хан (1801-1845) – Кіші жүздің Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан Бөкей ордасының соңғы ханы, Әбілқайырдың шөбересі, Нұралының немересі. Оның шын аты Жиһангер.
Әкесі Бөкей Еділ мен Жайық арасындағы елін әуелі сұлтандық дәрежеде басқарады да, кейін орыстың қазақ хандықтарын бөлшектеп, әлсірете беру саясатына орай 1812 жылы хан атағын алады. Бірақ ол хандықтың қызығын көп көре алмай, 1815 жылы қайтыс болады. Хан тағы мұрагерлік жолмен Бөкейдің артында қалған үш баласының үлкені сыртта Астрахан губернотары Андреевскийдің үйінде оқып жүруіне байланысты, ол ер жетіп, оң солын жете танығанша билікті Бөкейдің інісі Шығай сұлтан қолға алады.
Еуропалық білім алып, орысша тәрбиеленіп, хандықты әкімшілік жағынан басқару тәсілдерін үйреніп келген жас жігіт 1823 жылдан бастап билік тізгінін өз қолына алғаннан кейін, патша өкіметінің саясатын бұлжытпай орындап, Батыс Қазақстанда жүзеге асырушы қуыршақ ханның бірі болады.
Жәңгір билік еткен кезде Еділ, Жайық өзендері мен Каспий теңізінің жағалауындағы жерлерді қазақ шаруаларының пайдалануына тиым салынады. Олардың бұл өңірлерге мал жаюға, балық аулауға қақылары болмайды. Бұған салықтың көбеюі мен бөлісінде шаруалар үлесінің кемуі келіп қосылды да, осының бәрі жиылып келіп, Бөкей ордасында Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар көтерілісінің тууына әкеп соғады.
Жәңгір хан өзі билік құрып тұрған кезде елді отырықшылыққа көшіру, мектеп ашып балаларды оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Ол ашқан мектептен білім алған алғашқылардың бірі белгілі қазақ этнографы, Орыс география қоғамының қызметкер мүшесі Мұхаммед Салық Бабажанов бұл ретте: «…ханның ықпалымен және жанашырлығымен Ордадағылар білімнің қажеттілігін сезіне бастады. Шәкірттер мен мұғалімдерді ынталандыру үшін марқұм хан ақшасын да, өзінің ынтасы мен ордалықтарға оқу білімнің пайдасы жөнінде түсіндірмек болған ынтасын да аямады. Өзінің сарайында мектеп ашып, 60 адам ислам діні, орыс жазуы және тіл жөнінде дәріс алды. Бұл мектеп сарай маңында осы күнге дейін «Жәңгір мектебі» деп аталып келді. Ондағы 30 бала Орданың шаруашылық қаржысы есебінен білім алуда» деп жазады.
Жәңгір хан бойында жақсылығы мен жамандығы жарыса өріліп, атқарған ісінен орайына қарай осының екеуі де көрініс беріп тұратын күрделі тұлға. Жақсысын көріп, асқақтатып, аспанға шығармай, жаманын көріп, жатқа санап, жарға итермей, адамгершілікті биік парасаттылықпен тарихи бағасын берер кез енді келді деп білеміз. Қалайда Жәңгір ханның халқымыздың тарихында өзіндік орны бар екені ешқандай дау тудырмаса керек.
Жәңгір хан қайтыс болғаннан кейін Бөкей ордасындағы хан өкіметі жойылып, басқару жүйесі қайта құрылды.
Жәңгір хан – қазақ тарихында орны ерекше, Бөкей Ордасының соңғы ханы. Оның саяси істерге белсене аралсуынан бөлек, оқу-ағарту ісінде де атқарған еңбегі ересен. Бірақ хан Жәңгірдің отаршыл империяның саясатын жүргізгенін де жасырып қала алмаймыз.
Жәңгір хан қазақ тарихындағы қарама-қайшылыққа толы тұлға болды. Кеңес идеологиясында үстемдік еткен «таптар күресі» принципіне байланысты біз оның қоғамдық-саяси қызметіне бір жақты қарауға мәжбүр болдық. Кейін еліміз Тәуелсіздік алған соң «Жұрттың хандары жақсы, ал неге біздің хандар жаман болған?» деп ойлана бастадық.
Жәңгір ханның қайраткерлігін мектеп ашып, елге ғылым-білімді насихаттауымен шектеп қоюға болмайды.Біріншіден, Жәңгір хан билікке келісімен бірқатар саяси реформаларды жүзеге асыруға тырысты. Ресей империясы қазақ даласындағы дәстүрлі хандық билікті жою бойынша кешенді іс-шаралар қабылдап жатқан тұста Жәңгір Бөкейұлы керісінше хандық басқару жүйесін күшейтуге тырысты. Елді бір орталықтан басқару мақсатында Жасқұс елді-мекенінде Хан Ордасының негізін қалады. Біртіндеп Хан Ордасы маңызды саяси, экономикалық, мәдени орталыққа айналған болатын.Хан Жәңгір Бөкейұлы елдегі билер, сұлтандар институтының маңызын арттырды. 1828 жылы 1 сәуірден бастап он екі биден тұратын Хан кеңесі өз жұмысын бастады. Мысалы, 1837 жылы Кеңес құрамында Құдайберген Кенжебаев (тана), Алтай Досмұхамедов (алаша), Құнажан Сапақов (байбақты), Бос Боздақов (кете), Шомбал Ниязов (ноғай), Күшатар Мойнақов (жаппас), Мүсіреп Айдаболов (шеркеш), Шора Қидаев (масқар), Жаутұр Ақтанов (қызылқұрт), Балқы Құдайбергенов (беріш) және тағы басқалары болды. Сонымен қатар сыртқы жер дауларын шешуде «депутат сұлтандарды», жәрмеңке істерін реттеуде «уәзір сұлтандарды» дайындады.
Жәңгір ханның тәуелсіз саясат жүргізуге деген ұмтылысы патша үкіметіне ұнай қоймады. Тіпті Орынбор облысының губернаторы, граф В.А. Перовский 1841 жылы 21 қазанда Ресей Мемлекеттік мүлік министрлігіне Бөкей Ордасын басқару жөніндегі арнайы жобаны ұсынды. Жаңа жобаға сәйкес Жәңгір ханның өкілеттігін шектеп, Орда Кеңесін құру жоспарланды. Алайда бір жыл бұрын Жәңгір ханға генерал шенін сыйлаған Ресей патшасының қаһарынан сескенген шенеуніктер бұл жобаны аяқсыз қалдырды.Екіншіден, Жәңгір хан жер қатынастары, мал шаруашылығы, сауда, қаржы жүйесін дамытуға бағытталған экономикалық реформаларды қолға алды. Соның ішінде жер реформалары қарама-қайшылыққа толы болды. Көпшілік ойлап жүргендей ол тек шұрайлы жерлерді өз туыстары арасында бөліске салумен ғана айналыспады. Оның жер реформаларын біз зерттей келе екі кезеңге бөлдік. Бірінші кезең, яғни 1825-1830 жылдарда Жәңгір хан Орда территориясын нақтылап, шекараны шегендеуге ұмтылды. Бұл кезеңде қазақ-татар, қазақ-қалмақ, қазақ-орыс арасындағы жер даулары қарастырылды. Еділ-Жайық аралығын мекендеген халықтарды өзара қырқыстыру саясатын ұстанған Ресей империясы жер мәселесін шешуге еш асықпаған болатын.
Жер реформаларының екінші кезеңі, яғни 1831-1845 жылдары сыртқы жаулармен күрес жалғасқанымен ішкі жер реформаларын жүргізуге басымдық берілді. Дегенмен ел ішінде жүргізілген жер реформалары тек азшылықтың көсегесін көгертті, ал көпшіліктің экономикалық сұраныстары ескерілмеді. Өз туыстары мен айналасындағыларға шұрайлы жайылыстарды тарату арқылы қатардағы халықты оларға тәуелді етіп қойды. Осылайша, ішкі жер саясатының басты кемшіліктері көпшілік тұрғындардың жерсіз қалуынан, әлеуметтік жіктелістің күшеюінен, парақорлықтың жаппай етек алуынан, мал шаруашылығының дағдарысқа ұшырауынан, елдегі ұрлық-қарлықтың артуынан анық көрінді. Нәтижесінде Бөкей Ордасында 1836-1838 жылдары И.Тайманов пен М.Өтемісов жетекшілік еткен ұлт-азаттық қозғалыс және 1842-1843 жылдары А.Қошаев пен Л.Манатаев бастаған күрес болып өтті.Жәңгір хан сауда-саттық реформаларын табысты жүзеге асырды. Жәңгір ханның басқа қазақ хандарынан ерекшелігі оның еуропалық өмірмен жақсы таныс болуында еді. Жастайынан Астрахань губерниясында білім алып, көршілес елдің тұрмыс-салтын көзімен көріп, кейін елге оралған соң ауыл шаруашылығына қатысты газет-журналдарды үзбей оқыған ол экономика саласын жетік меңгерді. Нәтижесінде 1832 жылы Бөкей Ордасында алғаш рет жәрмеңке ұйымдастырып, сауданың көрігін қыздырды. Мысалы, 1833 жылы ұйымдастырылған жәрмеңкеге 562 971 мың бас мал әкелініп, 339 174 сомның тауары сатылды. Жылына 2 рет өтетін бұл жәрмеңкеде хан кеңсесінің мәліметі бойынша 1839 жылдың өзінде даланың әр түкпірінен сатуға 4 122 бас ірі мал (түйе, жылқы, мүйізді ірі қара), 68 498 қой, 6 419 пұт жүн, 30 009 дана тері-терсек жеткізілген. Ал өзге елдерден келген саудагерлер жібек, қағаз, нан, шай, қант, кірпіш, ыдыс-аяқ және тағы басқа тауарларды әкелген. Сонымен қатар жәрмеңкеде ұрлық, жанжал секілді келеңсіздіктердің болмауы үшін уәзір сұлтандар тағайындалған. Үшіншіден, Жәңгір хан білім, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау саласында да игі бастамаларды жүзеге асырды. 1835 жылы мешіт салдырып, 1838 жылы дәріхана, архив ашып, 1841 жылы пошта-телеграф байланысын орнатты. Сонымен қатар 1841 жылы жаңа мектептің іргесін қалап, хандардың арасынан алғаш болып Қазан университеті ғылыми кеңесінің құрметті мүшесі болып сайланды. Хан Жәңгірдің алғашқы қазынашылық қызметті іске қосу, тұрғындарға медициналық екпе салдыру, құм басудың алдын алу мақсатында қарағай отырғызу сияқты игі істері ұрпақтар жадында мәңгілікке сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет