Қытай деректерінде «түрік» термині алғаш рет келтірілген.
551жыл
Түрік қанатының қалыптасуы
VI ғасыр
Этонгенездің ерте кезеңі көрсетілген алғашқы түркі фолклорының ескерткіштері
561-563 жылдар
Түріктер Иарндықтармен эфталиттерге қарсы одақ жасады.
568 жыл
Түрік Одағы Византиямен Иранға қарсы одақ жасады.
603 жыл
Түрік қағанатының құлауы, Батыс Түрік қанатының құрылуы.
656 жыл
Қытайлардың Жетісуға басып кіруі.
699-704 жыл
Түргеш қағанатының құрылуы.
751 жыл
Талас шайқасы (араб және қытай әскерлері, қарлұқтар арабтар жағында соғысады).
756 жыл
Қарлұқ мемлекетінің құрылуы (қарлұқ- хрестияндық митрополия)
VIII ғасыр
Қыпшақтар туралы айтылуы
870-950 жылдар
Әль-Фараби
ІХ-ХІ ғасырлар
Қимақтар мемлекеті
Х-ХІ ғасырлар
Қыпшақтар мемлекетінің гүлдену кезеңі(даму кезеңі).
940 жыл
Қарахан мемлекетінің қалыптасуы.
955-960 жылдар
Қарахан мемлекетінің ислам дінін қабылдауы
1007 жыл
Наймандар мен керейлердің хрестиян дінін қабылдауы.
ХІ ғасыр
Махмұт Қашқаридің және Жүсіп Баласағұнның шығармашылығы.
1219 жыл
Монғол шапқыншылығының басталуы.
Қазқстан мен Орта Азияның этногенезіне түркі тайпаларының әсері өте үлкен екенін атап кету маңызды.Қазақ халқында кейінгі кезеңдерге дейін түркі тайпаларының қыпшақ, найман, керей, дулат, жалайыр сияқты тағы да басқа руларының әсері өте үлкен болғандығы байқалады. Қазақ тілі қырғыз, ноғай тіллдері сияқты қыпшақ тілінің бір тармағына жатады. Ежелгі түркілердің шаруашылығы және салт – дәстүрі қазақ қоғамының салт дәстүр, шаруашылығының қалыптасуында көрніс тапты. Түркі дәуірінен қазақ халқы қалыптасуы бастау алды, сонымен қатар аймақтағы көтеген этникалық топтардың қалыптасуына негіз болды.
Түркі тайпаларының көпшілігінің негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болды. Қой және жылқы шаруашылығымен айналысты. Оңтүстік Қазақстанда, Орта Азияның аймақтарында отырықшы жер шаруашылығымен айналысатын орталықтар да болды. Бұл жерлерде негізінен соғдылықтар және түріктер қоныстанған.
Киіз үйлерде тұрды. Киім- кешектері негізінен теріден және жүннен жасалды. Тағамдары ет – және сүт өнімдерімен қоректенді. Оңтүстік Қазақстаннан басқа аймақтарда қол өнер айтарлықтай дамымады. Оңтүстік аудандарда қала мәдениеті дамыды. Түркі тайпалары Ұлы жібек жолының бір бөлігін монғол шапқыншылығына дейінгі кезеңде қадағалап отырды.Қарахан және Қарлұқ қағанаттары кезеңінде. Тіл мәдениетімен қатар түріктерде христиан, Будда және ислам діні таралды. Сонымен археологтардың деректері негізінде Тараз қаласынынан христиан дінінің шіркеуі, монастырь, монша табылды. Көптеген наным – сенімдеріне байланысты заттар қазба жұмыстары нәтижесінде табылды. Талас даласында Тарсакент қаласы орналасқан. Қарлұқтардың жеке митрополиясы болған. Христиан діні қырғыздар, ұйғырлар қыпшақтарда кең тарала бастады. Ал, 1007 жылы керейлер мен наймандар хрестиан дінін қабылдады.
Ғылыми негізде арамейілік жазу соғды жазуының қалыптасуына әсерін тигізгені дәлелденген. (Алдыңғы Азиядағы хрестиандарда таралған, полестиналық) Осы жазулардың негізінде ұйғыр, түріктердің руникалық жазулары қалыптасты.
Буддизм Түркі қағанаты кезінде де кең таралған. Археологтар Будда дінінің болғандығы жайлы көптеген ескерткіштер тапты.
Ислам дінінің таралуы VIII ғасырдағы араб шапқыншылығымен тығыз байланысты. Түргештірдің, қарлұқтардың, қарсылығына қарамастан мұсылман діні Орта Азияның діни наным сенімінде үлкен орын алды. Ислам дінінің Оңтүстік, және Оңтүстік Шығыс Қазақстанда дін ретінде қабылдануы Қарахан мемлекеті тұсында орнықты. Түпкілікті ресми мемлекеттік дін ретінде ХIV ғасырда монғол ханы Өзбек ханның тұсында жарияланды.
IX-XII ғасырларда түрік мәдениеті, ғылымы, философиясы, өнері жедел дами бастаған кезең. Бұл кезеңде өмір сүрген түркі ғұлама – ойшылдарына ғалым энциклопедист Әл-Фараби, Ю. Баласагун, М. Қашқари, және діни –философиялық ілімнің негізін салушылардың бірі Хожа Ахмет Яссауиді айта аламыз.