Бабаджа Хатун кесенесі Бабаджа Хатун кесенесі (ХІ ғ.) Айша бибі кесенесінің маңына, биіктеу жерде орналасқан. Кесене өзінің композициясы мен құрылымы жағынан өте қарапайым да қатаң. Құрылыс күйдірілген кірпіштен салынған. Кесене 1979 жылы қалпына келтірілді. Аңыз бойынша, кесене Айша арудың күтушісі болған, кейіннен бибісі өмірден өткен соң жас қабірдің өмір бойғы шырақшысы міндетін атқарған парыз адамы – Бабаджа Хатунның жер бесігі үстіне орнатылған.
Махамбет мазары Ескерткіштің уақыты 1846 ж. Ескерткіштің мекен-жайы Атырау облысы, Индер ауданы, Индер поселкесінен оңтүстік-шығысқа қарай 40ш. Мазардың жалпы биіктігі 12 метр. Мазардың авторы Көпбол Демесін.
Тайқазан — Түркістандағы қасиетті қазан. Бұл қазан 1399 жылы 25 маусымда(хижра 801 жыл, 20-шаууал) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін жеті асыл металдың(мырыш, латын, қола, қорғасын, мыс, күміс, темір) қоспасынан құйылған. Түркістан тайқазаны 1935 жылы Санкт-Петербургтегі Эрмитаж басшыларының өтініші бойынша 3-халықаралық конгреске көрсету үшін әкетілген еді. Қазақстан үкіметінің талап етуі бойынша 1989 жылы қасиетті Тайқазан Қожа Ахмет Иасауи кесенесіндегі өз орнына қойылды
Көне заманда адамдар жерден еңбек құралдарға ұқсайтын заттар табатын оларды құдай жасаған құралдар деп есептейтін .Бірақ ,ғалымдар бұл заттарды адамдар жасағанынын дәлелдеп, оларды еңбек құралдар есебінде пайдаланғанын көрсетті.Көне заттарды зерттеп адамзат тарихын зерттеуге мүмкіндік ашты .Осыны дәлелдегесін және зерттеу әдісін тапқан соң археология ғылым ретінде қалыптасты Археология термині екі грек сөзінен тұрады :архайос-көне және логос –ғалым .Ең алғашқы бұл терминді қолданған Платон болатын .Бұл терминді Платон «көне заттар туралы ғылым» деп түсінетін.Кейіннен,XYIII ғасырда ,археология деп антикалық өнер тарихын атайтын .Тек қана біздің дәуірде кәзіргі археологияның мағынасы қалыптасады.
Томсен адамзат тарихы үш кезеңге ,яғни тас, қола жәнек темір,бөлінетінін дәлелдеді.Томсенді Е.Барсо да қоштады. Буше де Перт табылған тастарды еңбек құралдар екенін дәлелді.Томсеннің және Варсоның хранологиялық жүйесін француз археолгы Мортилье ары қарай дамытты.Ол Тас дәуірінің кезеңге бөлуін жасады. Кең байтақ Қазақстан жерінде адамзат тарихының түрлі кезеңдерін қамтитын сан алуан археологиялық нысандар арасынан қола дәуірінің ескерткіштері ерекше орын алады. Жазбаша деректемелер жоқ байырғы кездегі мұнда тіршілік еткен түрлі тайпалар мен халықтардың тоғысқан тағдырынан бірден-бір ақпарат беретін дерек көзін жүйелеу қажеттілігі күн санап артып келеді. Әсіресе, патшалық Ресей тұсындағы зерттеушілердің қалдырған бірлі-жарымды мағлұматтарды дерек көзінде ретінде пайдалану арқылы Отан тарихының ежелгі кезеңдерін, байырғы халықтардың мәдени-экономикалық байланысын, миграциялық жолдары мен этникалық үрдістерін, ілкідегі адамдардың антропологиясы мен этногенез мәселесін, археологиялық мәдениеттердің дамуын анықтауға болатындығы белгілі.
Мұның Қазақстанмен іргелес ірі-ірі мәдени-тарихи аймақтардың өткені үшін де маңызды екендігі анық. Осындай игі іс-әрекеттердің барлығы ең алдымен мәселенің зерттелу тарихына келіп тіреледі. Қолдағы материалдарды толымды түрде ғылыми талдаудан өткізу бірінші кезекте қола дәуірі туралы патшалық Ресейдің түрлі шекпенділері, зерттеушілері қалдырған үзік-үзік ақпараттарды бір ізге түсіруді қажет етеді. Мұны қазақтың белді археологтары Ә.Х. Марғұлан, К.А. Ақышев, М.Қ. Қадырбаев, Ә.М. Оразбаевтар «Древняя культура Центрального Казахстана» атты монографияларында (1966), «Археологическая карта Казахстана» жинағының очеркін жазған авторлар (Е.И. Агеева, А.Г. Максимова) біршама жазып кеткендігін айта отырып, олардың ізденісі негізгі дерек көзі екендігін ескерткен жөн. Бірақ бұл еңбектердегі қола дәуірінің зерттелуі басқа тарихи-мәдени кезеңдердің ескерткіштерімен бірге өрбиді де, аталған дәуірдің тарихи-археологиялық дерек көздері жеке көрсетіле қоймайды, яғни есімі аталған ғалымдар қола дәуірін Қазақстан археологиясының дамуымен бірге қарастырып, оны бөліп көрсетпеген. Соған байланысты республика қола ғасыры ескерткіштерінің зерттелу тарихы шеңберінде патшалық Ресей зерттеушілерінің еңбектерінің маңызын көрсету, кейінгі далалық ізденістерге тигізген ықпалын анықтау, олар қалдырған мәліметтерге деректанулық талдау жасау керектігі уақыт өткен сайын байқалып келеді.
Республика жеріндегі қола дәуіріне қатысты ақпараттар Қазақстан Ресейге қосылмай тұрып-ақ патша шенеуніктері тарапынан ұшыраса бастаған болатын. Патшалық Ресей Сібірді жаулап алғаннан кейін орасан зор аймақты алып жатқан қазақ сахарасына көз тікті. ХҮІІІ ғасырдың бас кезіндегі саяси ауыртпалықтарға ұшыраған қазақтардың бір бөлігін өзіне қосып алады. Бұдан кейін біртіндеп түрлі мақсаттармен қазақ даласына экспедициялар ұйымдастырып, оның қазба байлықтары туралы ақпараттар жинастыра бастады. Сол уақыттарда Қазақстанның археологиялық ескерткіштері, сәулет өнері мен кездейсоқ табылған жәдігерлері жайлы сөз қозғала бастады. Шындығына келгенде, қарастырылып отырылған кезеңдегі ғылыми ізденістерді алғаш рет В.В. Радлов жүйелеп берген болатын. Ғалымның бірнеше томдық еңбектерінде Қазақстан археологиясының ерте кезеңдері бір ізге түсірілген.
Негізінен алғанда, қазақ жеріндегі қола дәуірі ескерткіштеріне (басқа тарихи-мәдени кезеңдердің де) деген қызығушылықты туғызған Ресей патшасы І Петр указдары десе болады. 1716, 1718 жылдардағы указдарында ол көне заман жәдігерлерін жинастыруға бұйрық берді. Указдарда тіпті обалардан алынған ежелгі адам қаңқасына мың рубль, бас сүйегі үшін бес жүз рубль көлемінде сый-ақы берілетіндігі де көрсетілді. Сөйтіп, осы уақыттан кейін Қазақстан мен Сібірдің мәдени ескерткіштерінің талан-таражға түсуі басталды. Үкімет тіпті обаларды қазатын адамдарды тағайындап та отырды. Патшаның өзі Мессершмидтті Сібірге жіберіп, түрлі жәдігерлерді жинастыруға тапсырма берді. Мессершмидт 1719 ж. Сібірге жетеді де, мұнда бірнеше жыл тұрады. Ол Сібірде, Есіл мен Ертіс аралығында зерттеулер жүргізіп, орталыққа үнемі есеп беріп отырды. Оның есебінде Есілде тұратын орыстар молалардан алтын мен күміс іздеуді кәсіп еткендігі, олар тіпті Обь өзеніне дейін жеткендігі айтылады .Мессершмидт көне обалардан темір, мыс бұйымдар, жылқы әбзелдерін, сауыт-сайман бөліктерін, идолдар, т.б. заттар тауып жататындығын, кейде алтын мен күміс бұйымдар табылатындығын жазып қалдырған. Мессершмидт пен Геннин елеулі олжалар Павлодардан оңтүстікке қарай жатқан аймақтан табылып жатқандығын жазады. 1711-1721 жылдары Тобылда тұрған, Мессершмидттің қасында ұзақ уақыт бірге жүрген Ф. Страленберг кейіннен өз отаны Швецияда экспедиция кезінде табылған бірқатар материалдарды өз кітабында жариялап жарыққа шығарды. Кітапта берілген жәдігерлер арасындағы Павлодарлық Ертіс маңында орналасқан обадан қазып алынған алтын медаль (медальон) ерте замандағы жарқын коллекцияны құрайды.
Қазақстанның жеріндегі археологиялық нысандарды зерттеуге Г.Ф. Миллер сынды ғалым да зор үлес қосқандығы белгілі. Оның «Изъяснения о некоторых древностях, в могилах найденных» атты шығармасы біз қарастырып отырған тақырып үшін басқаларына қарағанда құндырақ, өйткені мұнда автор обалардан аршып алынған көптеген материалдарға сипаттамалық ақпарат береді. Ғалым бұл еңбегінде Еділ, Тобыл, Ертіс, Обь өзендері алабындағы обалардан асыл заттар көптеп шығатындығын жазып қалдырған.
Табылған ескерткіштерді жүйелеу, кезеңдестіру жұмыстары да қолға алына бастайды. Бұл бағытта Сібір мен Қазақстанды зерттеген Г.И. Спасский еңбектерінің маңызы зор. Алғашқылардың бірі болып бұл ғалым табылған ескерткіштерді түрге (типке) бөлуге, классификациясын жасауға талпынды. «Древности Сибири» атты мақаласында Г.И. Спасский үлкен обалар мен тас қоршаулардың тарихи-мәдени мәніне талдау жасады.
Түпкі мақсаттары жаңа кен көздерін анықтау болған көптеген геологтар ежелгі кен орындары іздестіріп жүрген кезде біршама археологиялық нысандарды ұшырастырып отырған болатын. Мұндай нәтижелі іс-әрекеттерді Қазақстанда ұзақ уақыт тұрған А.Вланги, С.Б. Броневский, М.Красовский, Л.Мейер тарапынан көреміз. Алғашқы зерттеуші бұрынғы кен қазу ісі қазақтарда сақталғанын жазса, одан кейін аталған автор Қарқаралы маңындағы Кент жанында орналасқан обаларда қазба жұмыстарын жүргізеді де, алтын сырға, мыстан жасалған әбзел бөліктері мен қару-жарақтар, құмыра бөлшектерін қазып алады. Мамандардың есептеуінше, С.Б. Броневский кейінгі қола мен ерте темір дәуірінің обаларын қазған .
Мұндай ақпараттар ХІХ ғасырдың екінші жартысында молая түсті. Бұл кездері Ш.Ш. Уәлиханов, А.С. Уваров, В.В. Радлов, т.б. зерттеушілер біршама нәтижелерге қол жеткізді. Қазақтың танымал ғалымы Ш.Уәлиханов та Орталық Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштерін сипаттап кетті. Ол: «На пути из Каркаралов в Актав встречается множество гробниц, составленных из плит, вертикально и плотно сжатых между собой, с одной стороны находятся двери. Подобные галереи есть в Большой Орде» -деп жазады. Бұған қарағанда, Ш.Уәлихановқа тек орталық өңірлердің ғана емес, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жеріндегі қола дәуірлерінің ескерткіштері мәлім болғанға ұқсайды.
Қорыта айтқанда, кез келген ғылыми ақпараттың өзіндік рөлі бар десек, Қазақстан патшалық Ресей құрамында болған кезде өлке табиғи байлықтарын зерттеуге келген түрлі мамандардың да еңбектері де бүгінгі күні отандық тарихнама үшін деректік қорды құрайды. Жинастырылған қола дәуірі жайлы мәліметтердің барлығының деректік құны әрдайым жоғары болып қала береді. Себебі бұл ізденістер кеңестік заманда және қазіргі уақытта археологиялық жұмыстардың белгілі бір тарихи-мәдени өңірде жүргізілуіне, ескерткіштерді іздестіріп табуға бағыт-бағдар беріп келеді. Қарастырылған уақыттағы зерттеушілердің еңбектерін дерек көзі ретінде қарастыру отандық тарих пен археологияның дамуына мол мүмкіндіктер беріп отыр.
Біз қарастырған кезеңдегі ізденістердің өзіндік ерекшеліктері бар. Арнайы археологиялық далалық жұмыстар көп жағдайда жүргізілген жоқ. Тек бірен-саран ескерткіштерде ғана қазба жұмыстары жүргізілді. Оның өзінде жаңадан қалыптасып келе жатқан археологияның әдістемесін меңгерген мамандар жоқ еді. Көпшілік ғалымдардың бір-бірімен ғылыми байланысы әлсіз болып, нендей дүниелердің қай уақытқа жататындығы жайлы хабарлары болмады. Ескерткіштердің кезеңдестірілуі, хронологиясы мен корреляциясы жайында қозғалған сөз некен-саяқ еді. Қола дәуіріне жататын археологиялық нысандардың көбіне суреттемесі ғана жасалынып, олар басқа дәуірлермен мерзімделіп отырған кездері жиі ұшырасады.
Қола дәуірі ескерткіштері зерттелуінің осы кезеңіне тән нәрсе – ежелгі кен орындарына мамандар тарапынан басқа ескерткіштерге қарағанда жиі назар аударылды. Қазақстан шикізат көздері сол кезден бастап талан-таражға ұшырай бастады. Бұл жағдай тарихи ескерткіштердің бүлінуіне, қирауына алып келді. Дегенмен, осы кездері әлі де кәсіби білімі жоқ мамандар тарапынан жасалынған біршама материалдардың суреттемесі қазір жоғалып кеткен ескерткіштер жайлы дерек көзі ретінде қарастырылады.
Әрбір дәуірдің елеулі, кезеңді оқиғаларын заманының белгілі ақын-жазушылары дастан-жырларға, ойшылдары тарих-шежіреге айналдырып, шеберлер сәулет өнерінде бейнелеп қалдырған.
Тек түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш.
Ежелгі мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас – Орхон ескерткіштері (VІІІ ғ.).
V-IX ғасырларда түркілер қоныстанған Алтай, Сібір, Орта және Орталық Азия жерінде жазу, сызу, егін, әдебиет өнері, тарих ғылымдарының, діни сенімдердің, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер айғақ.
Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы «Көне түрік» дәуірінде сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон – Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері – Орхон, Енисей, Селенгі және Талас бойы.
Орхон-Енисей жазуы өзінің жазу ерекшеліктері мен қолдану өрісіне сай Орхон-Енисей және Талас жазуы делініп екі топқа бөлінеді.
Енисей жазба мұралары. Олардың бұлайша аталуы тас бетіндегі сына жазуларының Енисей бойынан табылумен байланысты. Бұған қосымша кейіннен Тува мен Хакасия Краснояр өлкелерінен де осындай жазбалар табылған. Енисей жазбаларының жалпы саны - 85 шамалы. Олардың ішінде кіші – гірім жазбалармен қатар ірі тестер кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкен 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады. Қолданылуы жағынан Енисей ескерткіштері – ескі түрік жазуының алғашқы шығып қалыптасқан, тараған нұсқасы. Бұл жазу біртіндеп Орхон өзені, одан Талас өзені өңіріне тарады. Бұл тұжырымның шындыққа жанасымдылығы жеке таңбалардың жазылу тәсілі мен жетілдірілуінен де байқалады. Енисей жазба ескерткіштерінің ең көне түрлері Минусинск ойпатынан табылған. Бұл жазбалар түркі халқы белгілі мөлшерде отырықшы болып, металл өңдеушімен айналысқанын, мәдениетті ел болғанын көрсетеді.
Орхон жазуы көне түркі мұраларының ішінде қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау Cібірден бастап Орта Азия мен Қазақстан аймағы тұтастай Түркі қағандығының қол астына қараған болатын. VI ғасырдың ортасында қазіргі Солтүстік Монғолия жерінде бас құраған түркі қағандығы сол ғасырдың аяқ шенінде батысы Каспий теңізіне, шығысы Корей бұғазына дейінгі аралықты аралық алып жатқан ұлы империяға айналды. Кейін келе Батыс Түркі және Шығыс Түркі қағандығы деп аталатын екі үлкен қағандыққа бөлініп кеткені белгілі. Солай бола тұра, V-VIII ғасырларда жартастардың беттері мен тас мүсіндерге сондай-ақ кейбір ыдыстардың желгі, түбі және қабырғаларына ойылып жазылған көне түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған 3 тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі - 731 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерткіштер. Тоныкөк туралы Копенгагиндік профессор В. Томсен мен Клеменц ханымның еңбектерінен мынадай мағлұмат ала аламыз: Орхон жазбаларында көрсетілгеніндей, Тоныкөк деп табылған ескерткіште ол – үш ханның ақылшысы және Білге қағанның құдасы болған адам. Қытай жазбаларында Тоныкөк жайлы 716 жылы айтылған. Елтерістің патшалық құруында оның қосқан үдесі туралы Қытай және Тоныкөк жазбаларында толық көрсетілген. Көне түркі жазбаларын кейде «руна» жазулары деп атайды. Оның себебі: Сібірде айдауда жүрген швед офицері Страленберг пен неміс ғалымы Д.Г. Мессершмидт кездестірген құлпытастардағы өзі түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде «руна» жазуы деп атаған еді. Бұл сөз термин ретінде бертін келе кеңінен таралып кетті.
Орхон ескерткіштері оқиғалар мерзімі, жазу стилі жағынан ескі түркі жазуының соңғы – жаңа дәуірін танытады. Оның бер жағында Орхон жазуы, сірә, халық арасына кеңінен тараған болу керек. Күлтегін ескtрткіштерінде мынадай сөйлемдер кездеседі: «Түркі салқын тиып, ел еткендеріңді де мұнда бастым, жаңылып кеткендеріңді де мұнда бастым. Барлық сөзімді айтар мәңгілік тасқа бастым, бұдан қарап біліңдері түркінің қазіргі халқының бектері» - дейді.
Орхон жазбалары осы жағдайлардың тамаша көрінісін берген. Бұл жерде бұрын өз мемлекеті болған түркілердің қытайлардан жеңіліп, шамамен 50 жыл бойы қытай билігінде болып, кейбір княздар қытай титулдарын қабылдап, түркі бектері болудан қалғандығын айтады. Сонда жай халық: «Менің өзімнің ханым бар, мемлекетім бар халық едім, енді менің мемлекетім қайда, халқым қайда?» - дей ойсырып, қытайларға шығады. Бұдан біз арасындағы күресті, ханның халық өкілі ретінде күрес жүргізгендігін көреміз.
Орхон жазбаларында әскери күш және әскери рух қаншалықты дәріптеліп отырғанына қарамастан одан адамшылққа жат пиғыл кездеспейді, мәдениетті деген халықтардан шыққан басқыншылардан кездесетін қатыгездік және қатыгездіктен ләззат алу элементтері мұнда атымен жоқ. Жазба ескерткіште империяның құралуы – халыққа көрсеткен қызметін, келтірген пайдам деп түсіндерді.
Ал әскери тұрмысқа келетін болсақ, әрбір, жауынгер соғыста ғана емес, күнделікті өмірде де ержүрек әрі ақылды болуы керек екенін ескертіп отырады.
Жазба ескерткіштегі Білге қаған –үлкен ел басқарушы, Күлтегін - өз заманының даңқты батыры, Тоныкөк - әрі батыр, әрі шешен, жырау, әрі кемеңгер ақыл иесі. Тастағы жазбада Тоныкөк мемлекет қамын ойлайтын басшы түрінде суреттелсе, Күлтегін өз ағасы Білге қаған кезінде әскер басы болған, оның батырлығы сол кездегі ерліктің дара үлгісі ретінде беріледі. Сол жазбалардың ішінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймаған шешендік сөз үлгілері мен өлең ұйқастары, мақал-мәтелдер, арнаулар мен жоқтаулар молынан кездеседі. Мысалы: «Көрур көзум көрмес тег бопты, білер білігім білмес тег бопты, «Түн қатып» деген сияқты қолданыстар аздаған дыбыстық ерекшеліктері болмаса, күні бүгінге дейін тілімізде сол күйінде қолданылып келеді.
Талас жазу ескерткіштері. Талас өзені аңғарынан табылған ескерткіштер «Талас ескерткіштері» деп аталып жүр. Талас өзенінің бойынан, Қырғызстан жерінен барлығы 23 ескерткіш табылған. Таластан табылған ескерткіштер көлемі тар көлемі әзірше өте шағын және сан жағынан да аз.
Талас алқабынан 1932 жылы табылған руна жазуы бар алатаяқ та қызықтыра түсті. Оның төрт қырында да көне түркі алфавитімен жазылған. Бұл алатаяқ шыршадан жасалған. Оның құндылығы да осында. Алатаяқ қазір Санкт-Петербургтегі мемлекеттік Эрмитажда сақталуы. Орхон-Енисей ескерткіштері тектес таңба-жазылуы, тастар Әулиеата түбінен, Талдықорған өңірінен, Сарыарқадан және Алматы маңынан табылған. Сонымен ежелгі түркі елі белгілі бір аумақта өмір сүріп, өзіне лайық жазуын, тілін, өзге де мәдениетін дамытқан. Ежелгі түркі мәдениетінің Орталықтары Енисей, Орхон, Селенгі, Талас өзендерінің бойы, Минуевльск ойпаты, Алтай тауы, Қазіргі Тува, Краснояр, Жетісу аймақтары болды. Оған Шығысы Хангай, Сарыөзеннен, батысы – Карпат тауларына, Оңтүстігі – Қытайдың Аққорғанынан, Теріскейі – Ленаға дейінгі аралықтағы байтақ аймақты мекендеген түрік халықтарының жазу-сызу дәстүрінен қалған барлық мұралар енуі. Ғылым әлемінде түрік жұрттарының жәдігері ретінде танылған жазулар 2500 жылдан бері бар деп есептеледі. Әзірге мәлім болған есеп бойынша, көне Түрік жазуымен тас бетіне 240-тай қағаз бен теріге 310 беттей мәтін түсіпті. Маникей әріпімен 554 бетіне жуық мұралар, ұйғыр әрпімен 1000-ға тарта мәтіндер, 10-ға жуық кітаптар жасалыпты. Араб қарпімен жазылған ортағасырлық дүниелер қаншама жалпы түрік халықтары XVI ғасырға дейін оннан астам жазу үлгісін қолданып, пайдаланған кездерінде қыруар мұралар қалдырған .
Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тонына, Білге, Бумын қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жыраулардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагой білімдарияры өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді.
Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің қоғамдық мәдени, әрі әдеби тұрмыс-салт өміріне хабар беретін жәдігерлер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұраға айналды. Түркінің сары даласының ішкі сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығымен қайғы-қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп еш өзгерместен күні бүгінге жетіп отыр. Болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырған көне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып ескерткіштер саны жыл санап өсіп жатыр.
Түріктану ғылымы көне түркі жазба ескерткіштерін географиялық, мазмұндық әрі дәуірлік мәніне қарап, Орхон, Енисей және Талас деп үш топқа бөледі. Соның ішінде Талас жазбалары Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан табылған ескерткіштердің тікелей жалғасы болып табылатын орта ғасырлық мұралар мен тарихи орындар осмы таулы-қыратты, өзенді аймақтарда орналасқан. Сан жылдар бойы іздестірудің барысында Орталық Азия территориясында ағаш тақтайшаға ойылып жазылған көне жазу табылды. Бұл жазу жүйесі өзінгің құрылымы және тақтайға ойылғанымен басқа тас жазулардан ерекшеленеді. Іле-шала Ертіс өзені бойынан қола айнадағы жазу, ал 70-ші жылдары Іле өзені бойынан (Есік қорғанынан) күміс тостағандағы жазу табылды. Мұндай тарихи мәні зор жазулардың бүгінде Қазақстанның кез-келген өңірінде өз сырын ішіне бүгіп жасырып жатқаны бізге беймәлім.
Тастың төрт жағы бірдей жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы да, қалған қабырғасы бірдей руналық жазумен толған.
Н. Ядринцевтің айтуына қарағанда, ескерткіштен 25 метрге дейін созылған аласа дөңес жатыр. (кейінгі зерттеудің нәтижесінде бұл қытай кірпішінен жасалған қабырға екендігі анықталды). Осы қабырғаның жанынан басы жоқ, мрамордан жасалған 7 түркі статуясы табылған. Ескерткіштің батыс жақ бетінде басы бір-біріне қараған, қираған екі хайуанның мүсіні бар (ғалымдар мұны мазарға кіретін есіктің белгісі болу керек деген болжам айтады). Ал осы кіре берістен әрқайсысының арасы 10-12 метрден, беттері шығысқа қарағанадам мүсіндес сын тастар ұзындығы 4,5 шақырымға дейін созылып жатыр екен. Мұқият зерттеудің нәтижесінде әлгі мүсіндердің осында жерленген кісінің тіршілігінде өлтірген дұшпандарының келбеті екені және айқындалып отыр.
Көп кешікпей Н. Ядринцев Россия археологтарының VІІІ конгресінде ғалымдардың назарын сло Орхон бойындағы көне мұраларға аударады. Осыдан бастап бұрын тек Енисей ескерткіштері деп қана аталып келген жазбалар енді Орхон, яки Орхон-Енисей жазулары деген атқа ие болады.
Шамамен VІ ғасырдың орта кезінде Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны тарихтан жақсы мәлім.
Міне, сол ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби мәдени өмірін жыр еткен ғажайып дастандар бар. Бұлар – «Күлтегін», «Білге қаған», және «Тоныкөк» жырлары деп аталады. Бұдан 1250 жыл бұрын үлкен құлпытастарға қашап жазылған осы әдеби ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлігі тұрғысынан да күні бүгінге дейін оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді.
Руна жазуындағы жәдігерліктер жанры туралы соңғы кезге дейін әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Бұларды біресе прозалық шығарма десе, екінші жолы поэзиялық туынды деп келеді. Ал кейінгі кезде, әсірее, көрнекті совет ғалымы И. В. Стеблеваның «VІ – VІІІ ғасырлардағы түркі поэзиясы» деген еңбегі басылып шыққаннан кейін руна жазуындағы әдеби мұралар поэзиялық туынды деп танылады.
«Сонымен қатар дәл Стеблеваның ұғымындағыдай, ескерткіштегі сөз біткеннің бәрін бірдей ағыл-тегіл өлең деуге болмайды. Қазақтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Алпамыс», «Қобыланды» тәрізді әйгілі жырларында кездесетін өлең арасындағы әлқисса-түсіндірме көркем қара сөздер мұнда да кездесіп, араласып отырады. Көне түркі авторлары, өзімізге әбден қанық қазақтың батырлар жырларындағыдай, болашақ жорықтарды немесе өткен оқиғаны ақындық тәсілмен, үлкен пафоспен баяндай отырып, өздеріне елеусіз деп есептеген сәттерді жыр арасында қара сөзбен жеткізіп те отырған. Әдетте мұндай прозалық жолдардың көркем болуы шарт емес, керісінше тусінікті болу жағына баса мән берілген. Осы заңдылықты Күлтегін, Білге Қаған, Тоныкөктерге арналған үш шығарманыңүшеуінде де кездестіреміз. Өз кейіпкерін дәріптеуде, оның жойқын соғыстарда көрсеткен есепсіз ерліктерін сүреттеуде сан түрлі бояуды, бейнелеу тәсілдерін мол пайдалана отырып шабытпен жырлаған автор бір сәт прозалық баяндауды да қолданады. Мұны біз көне түркі ғұламаларының эпикалық мұра жасаудағы қалыпты, дәстүрлі әдісі ме деп ойлаймыз.»
«Күлтегін» жырындағы мынадай өлең жолдарына назар аударайықшы:
Қаның судай ақты,
Сүйегің тау боп жатты...
Бек ұлдарың құл болды...
Пәк қыздарың күң болды...
Тізеліні бүктірдік,
Бастыны еңкейттік...
Еліміз қайта ел болды,
Халқымыз қайта халық болды.
Міне, осы ерлік пен ездік, соғыс пен бейбітшілік, құлдық пен тәуелсіздік жайында тебірене толғайтын ғажайып жыр жолдарын ақын бұдан бір мың екі жүз елу жылдай бұрын жазыпты. Демек, әрбір шумағы әсем айшық-өрнектерге, сезім толғаныстарына, жанды бейнелерге толы бүгінгі өресі биік поэзияның қайнар-бастауы, түп тамыры көне тарихтың тұңғиық тереңінде жатқаны ғой.
Көне түрік қағанаты дәуірінде, дәлірек айтсақ VІІІ – ғасырда әрбір әрпі құлпытасқа қашап жазылған, әрбір сөзі адамның жан жүйесін еріксіз тебірентетін, әрбір шумағы астарлап айтылған ой-толғаныстарына толы, қадым замандардан сақталып, бізге жеткен сөз патшасы бүгінгі оқырманына да әмірін жүргізеді – оған эстетикалық ләззат беріп, ой мен сезім әлеміне жетелейді. Қиыннан қиыстырып, айтар сөзін айшықтап, ажарлап, сан түрлі бояумен құбылтып жеткізген ежелгі заман ақынының шеберлігіне таңырқап, талантына тәнті боласыз.
Адамзаттың көркемдік талғамы ерте замандардан бастап дамығанын дәлелдейтін ғажайып көркем сөз ескерткіштері тек көне түркілерде ғана емес, өзге халықтарда да жиі ұшырайды. Мәселен, ежелгі вавилон елінің «Көрмегені жоқ кісі» деп аталатын батырлық поэмасы біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдар шамасында жазылыпты. Бұл адамның сұлулығы мен ұлылығы, батырлығы мен асылдығы жайындағы гимн деуге болады. Ал, енді үнді жұртының бұдан да ертерек жазылған «Махабхарата» деген көркем туындысы адам бойындағы асыл қасиеттерді жырлауға арналған. Бұл дастан он тоғыз кітаптан тұрады, жалпы көлемі екі жүз он төрт мың жол өлең болып келеді.