1.Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері. Қазақ елі «ақтар» мен «қызылдар» күрестері жылдарында Қазақ асср және Түркістан Республикасы. Тұтас Түркістан идеясы және басмашылар қозғалысы



Дата03.03.2022
өлшемі16,98 Kb.
#134259
Байланысты:
Тарих3апта


1.Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктері. 2. Қазақ елі «ақтар» мен «қызылдар» күрестері жылдарында 3. Қазақ АССР және Түркістан Республикасы. 4.Тұтас Түркістан идеясы және басмашылар қозғалысы
Қазақстанда кеңес өкіметі орнауының ерекшелігі. Азаматтық қарсы тұру Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылғы 26 қазанда Петроградта өткен Кеңестердің Бүкілресейлік II съезінде большевиктер барлық делегаттың үштен екі бөлігіне жетпейтініне, яғни — 390 адам болғанына қарамастан, 690 делегаттың төрттен үш бөлігіне жуығы билік Кеңестердің қолына берілсін деушілер жағында болды; «Бүкіл билік демократияға берілсін» деген әсер-меньшевиктерге дауыстың 15%-ы тиді, 7%-ы «Коалиция» ұранын қолдады.Дәл осының өзі большевиктердің көсемі В.И. Ленинге жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің басым көпшілігі съезге қатысты, шаруа Кеңестерінен делегаттар келді, ОАК-нің (Кеңестердің Орталық Атқару Комитеті) бұрынғы құрамы өкілеттігін аяқтады деп атап көрсетуіне мүмкіндік берді, яғни оның пікірі бойынша «жұмысшы, солдат және шаруалардың басым көпшілігінін еркі» айқын білдірілді, сондай-ақ «жұмысшылар мен гарнизонный жеңіске жеткізген күресі» Кеңестердің II съезінде билікті өз қолына алуға негіз болды.
Съезд лениндік ұсыныс бойынша «барлық билік жергілікті жерлерде жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Кеңестеріне өтеді» деген шешім шығарды. Қазақстан тәрізді «Ресейде қоныстанған барлық ұлттарға болашақта дамуы бағытын өзі анықтауға шынайы құқық беріледі» ұраны ұлттық өңірлер үшін аса маңызды болды.
Съездің Бейбітшілік және Жер туралы қабылдаған декреттері аштық пен шаруашылық күйзелістен қалжыраған халықтың басым көпшілігінің жаңа биілікті бірден қолдап шығуын қамтамасыз етті.
Басмашылар қозғалысы (1918 — 1930) — Түркістан өлкесі халықтарының Кеңес өкіметі өктемдігіне қарсы жүргізген азаттық күресі.

Басмашылар қозғалысы кеңестер билігінің жалпыадамзаттық құндылықтарға таптық, партиялық мүддені қарсы қою саясатының терең дағдарысқа ұшырағандығының, соның салдарынан империяның басқа аймақтарын қамтыған ішкі азаматтық қақтығыстың Түркістан өлкесіне жеткендігінің көрінісі болды. Кеңес өкіметінің 1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясын қарулы күшпен құлатуын, сондай-ақ, Түркістанда дәстүрлі қалыптасқан қоғамдық қатынастар мен тәртіпті рев. шаралар арқылы түбегейлі қайта құру жолындағы алғашқы қадамын жергілікті халық жаңа отаршыл мақсатты көздеген әрекет ретінде қабылдады. Мұндай қалыптасқан жағдай Басмашылар қозғалысының шығуына алып келді. Кеңестік тарихнама бұл қоғамдық құбылысты қарабайырландырып, Басмашылар қозғалысы шетелдік интервенциялық орталықтардың қолдауымен ішкі феодалдық және діни күштердің Кеңес өкіметіне қарсы таптық күресі болды деген бір жақты тұжырым жасады. Басмашылар Қозғалысының құрамы тек феодалдық топтар мен дін басыларынан ғана тұрған жоқ, оның иіріміне жеке қожалығы мен дәстүрлі тіршілігінен, дінінен, салт-дәстүрінен айырылып қалудан үрейленген орта шаруалар мен қарапайым диқандар да тартылды. Олардың ортақ идеологиясы өз Отанын, меншігін, дәстүрлі өмір салтын жаңа мазмұндағы отаршыл өзгерістерден, зорлықшыл шаралардан құтқару, сақтау болды. Түркістан өлкесінде жергілікті халық өкілдерінің қолына қару алып, кеңестік билікке қарсы шығуы алғаш Ферғана облысында бой көрсетті. Онда 1918 жылы көктемде құрбашы Ергеш, күзден бастап құрбашы Мадаминбек бастаған басмашылар тобы батыл қимылдарға көшті. Тек құрбашы Ергештің қол астында 1800-ге жуық қарулы жасақ болды. 1919 жылға қарай басмашылар тобының саны 150-ге жетті. Ондағы адамдардың саны 60 мыңға жуық болды. Басмашылардың көздеген ортақ мақсаты — Түркістан өлкесінің тәуелсіздігін қалпына келтіру еді. Қозғалысқа 1917 — 1918 жылғы жұттан ығысып Ферғана өңіріне келіп, рев. дүрбелеңнен соң сонда қалып қойған орта жүз қазақтары да белсенді түрде ат салысты, Жиделібайсын тұрғындары көтерілісшілерді көлікпен қамтамасыз етті. Басмашыларды қаруландыруға ағылшын үкіметі дипломатиялық тобының басшысы Ф. Бейли, Ташкенттегі Америка консулы Р. Тредуэлл қатысты. Басмашылар кеңестік әскери бөлімшелерге, өнеркәсіп орындарына, темір жол стансаларына, қоймаларға тұтқиылдан тап беру әдісін қолданды. 1919 жылы қыркүйекте Мадаминбек тобы Қырғызстандағы К. Монстров бастаған шаруалар армиясымен бірлескен әрекеттерге көшіп, Ош пен Жалалабад қалаларын басып алды, Әндіжан мен Ферғана қалаларына қауіп төндірді. 1919 жылы қазанда Қытай шекарасы маңында құрбашылар құрылтайы өтіп, онда Ферғана үкіметін құру туралы шешім қабылданды. Сонымен бірге құрылтайда басмашылар тобы ұйымдық жағынан жетілдіріліп, Мадаминбек, Ергаш, Шермұхаммедбек, Қалқожа басқаратын ірі 4 топқа бөлінді. Құрылтайдың шешімі бойынша ақ гвардияшыл орыс офицерлері әскери іске тартылатын болды. 1920 жылдың басында М.В. Фрунзе басқарған Түркістан майданына орталықтан ірі қарулы күштер тартылып, Басмашылар қозғалысына ауыр соққылар берілді. Ферғана атқыштар дивизиясының командирі Ф.Д. Карпов телеграф арқылы М.В. Фрунзеге “Ферғанадағы соғыс тонаушы басбұзарлармен емес, Кеңес билігіне қарсы жергілікті жұрттың көтерілісі ретінде етек алуда” деп мәлімдеді. 1921 жылы тек Ферғана өңірінде ғана 200-ден астам басмашылар тобы күрес жүргізді. Қызыл әскерлер соққысы кезінде көптеген қыстақтар мен егістік алқаптар талқандалды. Осылайша Басмашылар қозғалысы Ферғана өңірінде біртіндеп әлсірей түсті. 1921 жылы Бұхараға Түркияның бұрынғы соғыс министрі Энвер паша келді. Ол ислам дініндегі барлық халықтарды біріктіріп, Орта Азияда мұсылман мемлекетін құру жөнінде ұран тастады. Энвер паша Ферғана өңірінен шегінген бытыраңқы басмашылар тобынан 16 мың адамнан тұратын армия құрап, 1922 жылы көктемде Бұхар Халық Кеңес Республикасының едәуір бөлігін басып алды. Бұхар жерінде өріс алған Басмашылар қозғалысына Зәки Уәлиди Тоған да ат салысты. Ол қазақ ұлт-азаттық қозғалысы тарапынан қолдау болады деп үміттенді. Ә. Бөкейханов бастаған алаш қайраткерлері Х. Болғанбаев, Ғ. Бірімжанов, қырғыз Ы. Жанұзақовтың басмашылармен байланыс орнатпақ болған ниеті нәтижесіз болды. Бұрынғы Бұхар, Хиуа хандықтары жерінде Ибрагимбек пен Жунаид хан жетекшілік еткен Басмашылар қозғалысы өрістеді, 1922 жылы жазда Энвер паша қызыл әскерлермен шайқас кезінде қаза тапты. 1922 жылы Жунаид ханның, 1926 жылы Ибрагимбектің басмашылар тобына соққы берілді. Басмашылар қозғалысы жетекшілерінің көпшілігі өз тобымен Ауғанстан, Иран, Қытай жеріне өтіп кетті. Олар 1930 жылға дейін Кеңес үкіметімен күресін жалғастыра берді. Басмашылар қозғалысымен күрес Түркістан өлкесінің шаруашылығына үлкен зиянын тигізді, бітпес шайқасқа түскен екі жақтан да үлкен адам шығынына алып келді. 1929 — 1931 жылдары Қазақстанда күштеп ұжымдастыруға қарсы болып өткен халық көтерілістері Басмашылар қозғалысымен іштей байланысы бар, сабақтас құбылыстар болатын.

Түркістан кеңестік федеративтік республикасы (сондай-ақ Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы, Түркістан Кеңестік Республикасы) - 1918 жылғы 30 сәуірден 1924 жылғы 27 қазанға дейін РКФСР құрамындағы автономиялы республика.


Халық саны 5 миллионнан асады. Астанасы - Ташкент қаласы. Басқарушы партия - Түркістан коммунистік партиясы. Башқұрт АКСР-мен қатар РКФСР құрамындағы алғашқы автономиялы республика болып саналады.
Тарихы
1918 жылы Ташкентте 20 сәуір мен 1 мамыр аралығында болып өткен кеңестердің Бүкілтүркістандық 5-съезінде жарияланды. Онда "Түркістан Кеңестік Республикасы туралы ереже" бекітілді. Съезде: "Түркістан Кеңестік Федеративтік республикасы автономиялы түрде басқарылып, Ресей Кеңестік Федерациясының орталық үкіметін мойындайды және оның бағытын ұстанады" деп жазылды. Оған Каспий өңірін, Самарқанд және Ферғана облыстарын қамтитын Түркістан өлкесі кірді. Астанасы Ташкент болды. Мұның құрылуына Ташкентте Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі басталған табан тірескен қиян-кескі күрес себеп болды. Бұл Федерация өз аттас өңірдің бір бөлігінде құрылды. 1918- 1920 жж. азамат соғысы кезінде Түркістан Республикасының Орталық Ресеймен байланысы болмады. 1924 жылы 16 қыркүйекте Түркістан Орталық Атқару Комитетінің төтенше сессиясы ұлттық-мемлекеттік шекара бөлу туралы қаулы қабылдады. 1924 жылы 14 қазанда Бүкілресейлік ОАК-нің 2-сессиясы Түркістан Федерациясын жеке автономиялы бірліктерге бөлу туралы шешім қабылдады. 1924 жылы 27 қазанда БОАК (ВЦИК) осы шешімге заң күшін бере отырып бекітті. 1924-1925 жылдары ұлттық мемлекеттік бөлу нәтижесінде Түркістан, Бұқара, Хорезм Республикаларының аумағында Өзбек КСР, Түркімен КСР, Өзбек КСР құрамында Қарақырғыз автономиялық облысы, Қарақалпақ автономиялық облысы мен ТАКСР-дың қазақтар мекендеген аудандары, Сырдария және Жетісу облыстары кірген ҚазАКСР (1925 жылы сәуіріне дейін Қырғыз АКСР, ал 1936 жылы - Қазақ КСР-ы деп аталды) құрылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет